Бұрғылау тізбегінің компоновкасын таңдау
Тік ұңғымаларды бұрғылау процесі кезінде бұрғылау тізбегі бұрғылау тізбегінің компоновкасынан (БТК) және бұрғылау құбырларынан (БҚ) тұрады.
БТК ауырлатылған бұрғылау құбырларынан (АБҚ), қашаулардан, түптік қозғалтқыштардан және центрлеуші элементтерден (колибратор, центратор) тұрады. Олардың үйлесімі берілген профиль бойынша ұңғыны бұрғылауға мүмкіндік береді.
Егер БТК-ны АБҚ-ның бір сатысы ретінде алсақ, онда роторлы бұрғылауда БТК-ны есептеу қашауға түсетінкүшсалмақты, компоновканың төзімділігін және беріктігін қамтамасыз ететін АБҚ-ның ұзындығы мен диаметрін анықтауға негізделген.
АБҚ-ның бір сатылы компоновкасының ұзындығы мына формула бойынша анықталады:
, (8.4)
мұндағы, lАБҚ – АБҚ-ның жалпы ұзындығы, м; РД – қашауға түсетін осьтік күшсалмақ, кН; , - сұйық пен АБҚ материалының тығыздығы, кг/м3; qАБҚ – АБҚ метрінің массасы, кг/м; =9,81 м/с2 – еркін түсу үдеуі.
Бұрғылау және АБҚ-ң қашау диаметріне сәйкес диаметрлері 8.2-кестеде көрсетілген [19].
8.2-кесте
Қашау диаметріне тәуелді бұрғылау тізбектері
элементтерінің сыртқы диаметрлері
Қашау диаметрі, мм | Түптік қозғалтқыш диаметрі, мм | Бұрғылау әдісіне байланысты дөңгелек АБҚ-ң диаметрлері, мм | СБТ диаметрі, мм | АБТ диаметрі, мм | |
Түптік қозғалтқышпен | Ротормен | ||||
139,7-146,0 149,2-158,7 165,1-171,4 187,3-200,0 212,7-244,5 250,8 269,9 295,3 311,1-320,0 349,2-393,7 445,5 т.с.с | 164;172 | 73; 89 219;229 | 120;133 219;229 229;245 245;254 | 73;89 127;140 | - 73;93 129;147 - - - |
Дата добавления: 2016-12-08; просмотров: 1239;