Детальдардың беттік қабаттарын механикалық беріктендіру әдістері

Детальдардың беттік қабаттарын механикалық беріктендіру әдістерін беріктендіру технологиялары әдістеріне жатқызуға болады. Бұл әдістердің негізгі сұлбалары 3.1-суретте көрсетілген [13].

3.1-сурет. Машина детальдарының беттік қабаттарын механикалық беріктендірудің негізгі әдістерінің сұлбалары:

а, ә – беттерді бытырамен қақтау; б – шариктермен; в, г, ғ – беттерді жазық аунақшалар және шариктермен бүрлеу (домалату); д – механикалық безеулеу арқылы қақтау; е, ж – тесіктерді жаю және қыртыстарын жазу

 

Детальдарды аунақшаларды аунатып немесе бытыра ағынымен өңдеу арқылы беттік беріктендіру әдісі өзінің детальдардың тозу шектігін көтеру және бұл процестердің қарапайымдылығы мен экономиялылығына байланысты жөндеу кәсіпорындарында кеңінен қолданылады.

Бытыра ағынымен өңдеудің мәні механикалық және термиялық өңдеуден соң детальдың тым қаттылық қасиетіне ие болуында. Ол үшін деталь бетіне 50...70 м/с жылдамдықпен бағытталған бытыра диаметрі 0,4...2,00 мм болатын болат және шойын ағынымен үздіксіз әсер етеді. Деталь бетіне соғылған соң бытыра ағыны беттік қабатының беріктік қасиеттерін өзгерте отырып, металға тым қаттылық қасиет береді: ішкі қысу кернеуліктері пайда болады, детальдардың қаттылығы, беріктігі, тозуға төзімділігі өседі, қажу шегі ұзарады.

Бытыра ағынымен өңдеуге көбінесе айналмалы күштермен жұмыс істейтін құрылыс машиналарының детальдары түседі. Зерттеулер нәтижелері ұзақ мерзімді жұмыс істеуі тісті дөңгелектер үшін 5-6 рет, тасуатқыштардың жақтары үшін 3-4 рет, спиральді серіппелер үшін 12 ретке шейін, пісірілген қосылыстар үшін 2-2,5 рет өскендігін көрсетті.

Қаттыланған қабат тереңдігі (көбінесе 1 мм аспайды) берілген деталь үшін оны өңдеу ұзақтығына (5...10 секундтан 2...3 минутқа шейін), соққы күшіне, ағынның түсу бұрышы (75...900) мен өлшеміне байланысты болады.

Бытыра ағынымен өңдеу жабдықтарына пневматикалық және механикалық бытыра атқыштар жатады (3.2-сурет а, ә). Механикалық атқыштар бытыраны 2500...3200 мин-1 жиілікпен айналатын турбина күрекшелерінен келетін центрден тепкіш күштердің көмегімен береді, ал пневматикалық атқыштарда бытыра ауамен 0,5 МПа қысымға дейін қысылған бүркігіш арқылы беріледі.

Аунақшалармен аунату айналу денелері типтес детальдардың қажу шегі мен тозуға төзімділігін артыруға арналған бірден-бір тиімді құрал. Аунату токарлық станокта орнатылған еркін ойналатын аунақшаларды айналып тұрған детальдармен жанастыру арқылы жүргізіледі. Құралбіліктегі аунақша станок суппортында немесе арнайы айлабұйымда бекітіледі. Аунақшалар легірленген немесе жоғары көміртекті болаттардан (ЭВГ, У10А және т.б.) жасалады және 58...62 HRC қаттылыққа шейін шынықтырылады.

Көптеген болаттардың беріктігін , кгс/мм2 қажетті дәлдікпен төмендегі формуламен анықтауға болады:

; (3.2)

мұндағы, - Бринель бойынша қаттылық саны, ол күш шамасын шардың қысылған сфералық бет аудынына бөлу арқылы анықталады. Өте берік металдардың беріктігін болған кезде алмаз конустың енуі бойынша (Роквелл әдісі - ) немесе алмаз пирамиданың қысымымен болған квадраттық таңбаның ауданы бойынша (Виккерс әдісі - ) анықтайды. Олардың өзара қатынасы 3.2-кестеде берілген. HRC қаттылық мәндерінің мысалдары: 50...52 - арқан сымдары К-7 үшін; 55...60 - қалып детальдары үшін; 59...63 - диаметрі 15 мм К-7 арқанының анкер конусы үшін; 61...65 - бұрғылар, фрезалар, бұрандаойғыштар, бұрандакескіштер үшін.

3.2-кесте

Беріктік категорияларының арақатынасы

 

Беріктік категориясы Мәндері
-
- - - -

 

 








Дата добавления: 2016-12-08; просмотров: 1358;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.008 сек.