Орнықтылыған нормативтік (есептік) әдіс бойынша анықтау
Ресми құжат СНиП II-94-80 бойынша жазық және көлбеу қазбалардағы таужыныстарының орнықтылығы қазбаның көлденең қимасының контурындағы (жиектеріндегі) таужыныстарының бекітпесіз бүкіл қызмет ету мерзіміндегі ығысу шамаларымен U бағаланады. Қазбадағы таужыныстарының ығысу шамалары бойынша орнықтылық төрт категорияға бөлінеді (2.11-кесте).
2.11 – кесте
Қазбаның көлденең қимасының контуріндегі таужыныстарының бекітпесіз бүкіл қызмет ету мерзіміндегі ығысуларының шамасы U.
Таужыныстарының орнықты-лық категориясы | Таужыныста-рының орнықтылық жағдайын бағалау | Таужыныстарының ығысу шамалары U, мм | ||
Шөгінді таужыныстары (песчаниктер, алевролиттер, аргиллиттер, известняктар, және т.с.с.) | Атқылама таужыныс-тары (диоритттер, порфириттер, кварциттер және т.с.с.) | Тұзды таужыныс-тары (сильвинит, карнолит және т.с.с.) | ||
I | Орнықты | 50 дейін | 20 дейін | 200 дейін |
II | Орнықтылығы орташа | 51-200 | 21-100 | 201-300 |
III | Орнықсыз | 201-300 | 101-200 | 301-500 |
IV | Өте орнықсыз | 500 | 200 | 500 |
Жерасты қазбаларындағы таужыныстарын орнықтылықтың қандай категориясына жататындығы, қазбаның көлденең қимасының контурындағы таужыныстарының ығысуының (U) ең үлкен абсолюттік шамасына байланысты анықталады. Олар қазбаның төбесінде, табанында және бүйірлерінде дифференциальды түрде (жеке-жеке) анықталады.
Тазарта қазу жұмыстары аймағынан тыс шөгінді және атқылама таужыныстарында орналасқан жазық және көлбеу қазбаларлардың ығысу шамаларын (U) мына формула бойынша анықтауға болады:
мм; (47)
мұнда:
К - таужыныстарының жату бұрышының және қазба өту бағытының таужыныстарының созылымына немесе жарықшақтануының негізгі беткейлеріне қатысты әсер ету коэффициенті, оның мәні 2.12-кесте бойынша анықталады;
таужыныстарының ығысу бағытының коэффициенті: төбе немесе табан (тік бағытта) тұстарындағы ығысуды анықтаған кезде Кө=1; таужыныстарының бүйірлік ығысуын (жазық бағытта) Кө 2.12-кесте бойынша анықталады;
қазбаның өлшемдерінің әсер ету коэффициенті.
0,2 (в-1) (48)
мұнда: қазбаның жүргізу кезіндегі ені, м.
басқа қазбалардың әсер ету коэффициенті, жеке-дара қазбалар мен камералар үшін 1; қазбалар біржақты түйіскенде 1,4,екі жақты кірмелер немесе қиылысатын қазбалардың күрделі түйіспелері бар қазбаларда 1,6, параллель қазбалар үшін мына формула бойынша анықталады:
(49)
мұнда: өзара әсердлері бар қазбалардың ендерінің қысындасы, м;
қазбалардың арақашықтығы, м.
арнайы кесте бойынша анықталады (2.13-кесте).
қазбаның қызмет ету мерзімін ескеретін коэффициент (таужыныстарының ығысуына уақыттың тигізетін әсері қазбалар 15-жылдан артық қызмет істесе 1;15 жылдан кем уақыт қызмет атқаратын қазбалар үшін мен тің мәндерінің қатынасы бойынша 13-суреттегі графиктен анықталады.
таужыныстарының типтік ығысу мөлшері, мм. 14-суреттегі графиктен таужыныстарының сығылуға есепті кедергісіне және қазбалардың есепті орналасу тереңдігіне байланысты анықталады.
Қазбаның төбесіндегі, табанындағы және бүйірлеріндегі таужыныстарың ығысу шамалары 47-формула бойынша жеке-жеке анықталады.
Созылым бойымен жүргізілген және таужыныстарының құлау (жату) бұрыштары 20-дан 500-ке-дейінгі қазбаларда тік және горизонталь жазықтықтардағы ығысуынан басқа ығысудың тік жазықтыққа сәйкестендірілген мәнінде анықтау қажет.
мм (50)
мұнда: қазба төбесіндегі таужыныстарының ығысуы (тік жазықтық бойынша), мм.
Тазарта қазу (кен алу) жұмыстарының әсері тиетін аймақтарда орналасатын қазбалардағы таужыныстарының ығысуын (Uтаз) арнайы әдістемелермен анықтайды.Таужыныстарының бүкіл қызмет ету мерзіміндегі жалпы ығысу шамасын тазарта қазу жұмыстарының аймағынан тыс жерлердегі ығысу шамасына ( 47-формула бойынша анықталған) тазарта қазу жұмыстарының әсері тиген аймақты ығысу шамасын (Uтаз) қосу арқылы
2.12 – кесте
және коэффициенттерінің таужыныстарының жату бұрышына ( ) байланысты мәндері
Қазба өту (жүргізу) бағыты | және коэффициентерінің таужыныстарының жату бұрыштарына ( ) сәйкес мәндері | ||||||||||||||||
21-30 | 31-40 | 41-50 | 51-70 | 70 | |||||||||||||
Созылым бойынша | 1,00 | 0,35 | 0,95 | 0,55 | 0,80 | 0,80 | 0,65 | 1,20 | 0,60 | 1,70 | 0,60 | 2,25 | |||||
Созылымға көлденең | 0,70 | 0,55 | 0,60 | 0,80 | 0,45 | 0,95 | 0,25 | 0,95 | 0,20 | 0,80 | 0,15 | 0,55 | |||||
Созылымға бұрышпен | 0,85 | 0,45 | 0,80 | 0,65 | 0,65 | 0,90 | 0,45 | 1,05 | 0,35 | 1,10 | 0,35 | 0,95 | |||||
2.13 – кесте
коэффициентінің таужыныстарының есептік кедергісіне тәуелді мәндері
Қазбаның есептік орналасу тереңдігі Hp1м | коэффициентінің мәні (таужыныстарының есептік кедергісіне тәуелділігі бойынша) | |||||||
Созылым бойына қазбалар үшін | Созылымға қиғаш қазбалар үшін | |||||||
более 120 | Более 120 | |||||||
До 300 | 3,5/2,0 | 1,8/1,6 | 1,5/1,3 | 1,2/1,0 | 1,8 | 1,5 | 1,2 | 1,0 |
301-600 | 4,0/2,5 | 2,0/1,8 | 1,7/1,5 | 1,4/1,2 | 2,2 | 1,8 | 1,5 | 1,2 |
601-900 | 4,5/3,0 | 2,5/2,1 | 2,0/1,7 | 1,6/1,4 | 2,6 | 2,1 | 1,7 | 1,4 |
901-1200 | 5,0/3,5 | 3,5/3,0 | 2,5/2,0 | 1,8/1,6 | 3,0 | 2,5 | 2,0 | 1,5 |
более 1200 | 5,5/4,0 | 4,0/3,5 | 3,0/2,3 | 2,0/1,8 | 3,4 | 2,9 | 2,4 | 1,7 |
* Түсініктеме: Бөлшек үстінде коэффициентінің таужыныстарының жату бұрышы 350 қазбалар үшін, ал бөлшек астында таужыныстарының жату бұрышы 350 болатын қазбалар үшін. Қөлбеу қазбалар үшін коэффициентінің мәні сызылым бойы жүргізілген жазық қазбалардағы мәндерге сәйкес алынады.
13 – сурет. коэффициентінің мәнін анықтауға арналған график.
14 – сурет. Таужыныстарының типтік ығысуын анықтауға арналған график.
анықтайды, яғни:
мм (51)
Жазық және көлбеу қазбаларды бір-біріне ықпалын (әсерін) тигізбейтіндей қашықтықта орналастыру керек. Оны мына формула бойынша анықтауға болады:
(52)
мұнда: ( ) - өзара әсер етуі мүмкін қазбалардың өту кезіндегі ендерінің қосындысы, м.
2.13 – кесте бойынша анықталынатын коэффициент.
Тазарта қазу (кен алу) жұмыстары мен басқа қазбалар әсер етпейтін жағдайларда шөгінді және атқылама таужыныстары сілемінде жүргізілген қазбаларды бекіту үшін мынадай ұсыныстар жасауға болады (2.14-кесте).
2.14 - кесте
Таужыныстарының орнықтылық категориясы | Ұсынылатын бекітпе түрлері |
I категория | Анкерлі (қарнақты) немесе қалыңдығы 30 мм бүрікпебетон. Құрылымы тұтас, жарықшақтары аз таужыныстарындағы қазбаларды бекітпесіз қалдыруға да болады. |
II категория | Тұтас бетон немесе жалпы қалыңдығы 50-мм-ден артық комбинацияланған (құрама) бекітпе (бүрікпебетон+анкерлер+метал тор.)., жақтаулы бекітпелер (тіреуіштері темірбетон, маңдайшасы металл), құрастырылмалы тюбингтер, кері күмбезсіз отырмалы метал бекітпе, аркалы метал бекітпе (бүрікпебетонмен жабуға болады). Бекітпе сыртын тығындау керек. |
III және IV категория | Құрастырма тюбинг және жақтаулы тұтас бекітпе. Нақты тау-кен-геологиялық және технологиялық шарттарды ескере отырып есептеулер арқылы негіздеп: темірбетон, отырмалы металл және анкер-метал бекітпелерін қолдануға болады. Орнықтылығы III және IV категориялы шөгінді және IV-категориялы атқылама таужыныстарында бекітпелер әдетте кері күмбезді болуы керек. |
Орнықтылықтары III және IV категориялы таужыныстарында бекітпелерді кері күмбезсізде орнатуға болады. Бірақ, бұл жағдайда қазба табанындағы таужыныстарының ығысу мөлшерін азайту үшін цементеу алдында тығыздау керек, немесе анкерлермен бекіту қажет. Қазбаға кері күмбезді бекітпе орнату қажеттілігін табандағы таужыныстарының ығысуын, бекітпе сыртындағы толтырманы және бекітпенің кері тебу мүмкіндігін есептеп отырып шешу керек. Есептеу барысында қазбаға бекітпе орнатуға жұмсалатын уақытты да ескеру керек.
Орнықтылығы IV -категориялы таужыныстарында орналасқан жазық және көлбеу қазбаларда, сонымен қатар тазарта қазу жұмыстарының және басқа да қазбалардың әсері болғанда конструктивтік отырмалық қасиеті бар бекітпелерді қолдану керек.
Жақтаулы бекітпелерде құранды темірбетоннан жасалынған қатаң және иілмелі (метал тордан, орамалы құрамына шыны қосылған материалдардан және т.с.с.) жақтауаралық тартпалар (қоршаулар) салынуға тиісті.
Жақтаулы немесе құранды темірбетон бекітпелермен бекітілген қазбаларда, қазбаның көлбеулік бұрышы 300 артық болған жағдайда бекітпелер мен сілем арасында мықты сенімді байланыс болуы керек. Ол үшін бекітпелердің элементтерін (бөлшектерін) сілемдегі таужыныстарымен анкерлермен, тіреуіштермен және басқа амалдармен біріктіру (байланыстыру) қажет.
Жазық қазбалардың түйіспелерінде бетоннан жасалынған тіреулер орнатылуға тиісті. Бетон тіректің ұзындығы ең кем дегенде- 2000 мм, ал оның ені (түйісу бұрышы жағынан қарағанда) – 500 мм болуға тиісті.
Жазық және көлбеу қазбалардың орнықтылығы I категориялы таужыныстары үшін бекітпелерді жобалаған кезде, олардың параметрлерін есептеусіз алуға болады.
Орнықтылығы II, III және IV категориялы таужыныстары сілеміндегі қазбалардың бекітпелерін таңдау және олардың конструктивтік параметрлерін есептеу амалдары таужыныстарының ығысуының, күтілген, мүмкін шамаларын және бекітпелерге түсетін жүктемелерді, қазба өту және бекітпелерді орнату технологияларын ескеріп отырып, есептеу негізінде жасалуға тиісті.
Дата добавления: 2016-10-17; просмотров: 1126;