Бекітілмеген тау-кен қазбаларындағы ашылған таужыныстарының орнықтылығын болжау және бағалау.
Тау-кен қазбаларындағы ашылған кеңістіктегі таужыныстарының орнықтылығы, әдетте, таужыныстарының бекемдігі мен оларда туындаған кернеулердің шамаларын салыстыру арқылы бағаланады.
Көпшілік жағдайларда қазбаның ашылған кеңістігіндегі таужыныстары мына шартта орнықты:
(42)
мұнда:
бекітілмеген қазбаның жиектері (контуры) бойынша түсетін
негізгі кернеулер;
қазба маңайындағы сілемдегі таужыныстарының қысымға (бүйірлерінде) немесе созылуға (қазба төбесінде немесе табанында) беріктігі.
Бекітілмеген жазық және көлбеу тау-кен қазбаларындағы ашылған кеңістіктегі таужыныстары мына шарттарда орнықты болады:
Қазбаның төбесінде және табанында:
(43)
Қазбаның бүйірлерінде:
(44)
мұнда:
қазбадан жоғары жатқан таужыныстарының орташа көлемдік салмағы, мн/м3;
қазбаның есептік орналасу тереңдігі, м;
қазбаның төбесі мен табанындағы таужыныстарындағы кернеулердің таралу (деконцентрации) коэффициенті;
қазбаның бүйір қабырғаларындарындағы таужыныстарында кернеулердің шоғырлану (концентрации) коэффициенті;
және
- таужыныстары үлгілерінің созылуға және сығылуға беріктігінің орташа мәндері, МПа;
қазба маңайындағы сілемдегі таужыныстарының құрылымдық әлсіреу коэффициенті (2.2-кесте)
ұзақ мерзімдік бекемдік коэффициенті; яғни таужыныстарының ұзақ мерзім аралығында түскен жүктемелердің әсерінен беріктігін төмендетуін ескеретін коэффициент;
таужыныстарының беріктігінің сулану әсерінен азаюын ескеретін коэффициент.
мен
коэффициентерінің көлдең қимасының пішіндері әртүрлі тау-кен қазбалары үшін болжамды шамалары 2.3-кестеде келтірілген.
Ұзақ мерзімдік бекемдік коэффициентінің
шамалары зертханалық жолмен анықталады: бекем және өте бекем таужыныстары үшін
бекемдігі орташа таужыныстары үшін 
Таужыныстарының тік қазбаларда ашылған кеңістіктегі орнықтылығы мына шарт орындалған жағдайда туындайды:
(45)
мұнда:
бұзылмаған сілемдегі таужыныстардағы бүйірлік кернеулер коэффициенті
(46)
мұнда:
Пуассон коэффициенті;
2.3 – кесте
Көлденең қималарының пішіндері әртүрлі қазбалар үшін
мен
коэффициентерінің болжамды жуықталған шамалары
| Қазба қимасының пішіні | Қазба енінің биіктігіне қатынасы | К1 | К2 | ||||
| Дөңгелек | 1:1 | 0,25 | 2,0 | ||||
| Квадрат | 1:1 | 0,44 | 1,3 | ||||
| Күмбезді тік бүйірлі | 1:1 | 3:2 | 0,35 | 0,32 | 2,0 | 3,0 | |
| Тік бұрышты және трапеция тәрізді | 1:1 | 2:1 | 0,64 | 0,60 | 2,8 | 3,2 | |
| Аркалы тік бүйірлі | 1:1 | 1,5:1 | 0,38 | 0,32 | 2,0 | 2,5 | |
| Аркалы бүйірлері көлбеу | 1:1 | 1,5:1 | 0,32 | 0,28 | 1,8 | 2,0 | |

Дата добавления: 2016-10-17; просмотров: 1234;
