Тау-кен қазбалары маңайындағы сілеміндегі таужыныстарының есептік бекемдігін анықтау.
Сілемдегі таужыныстарының есептік сығылу кедергісін Rc мына формула
бойынша анықтауға болады:
МПа (38)
мұнда: сілемдегі таужыныстарының беріктігінің сынақтық үлгідегі беріктігінен төмендеуін ескеретін коэффициент. Сілемдегі таужыныстарының беріктігі сынақтық үлгідегі беріктігінен төмен болу себебі сілемде жарықшақтардың, қабаттарында жіктерінің, жылжу беткейлерінің және басқа да ақаулардың болуында. Яғни, сілемдегі таужыныстарының бір-біріне ілінусінің аздығы немесе басқа да (жылжу беткейі, жарықшақтар, қабат аралықтарында сазды таужыныстарының болуы т.с.с.) біртұтастығын жоғалтуы сияқты шарттардың болуында.
Сондықтанда, Кс – сілемдегі таужыныстарының құрылымдық әлсіреу коэффициенті деп те аталады.
Есептеу үшін Кс- коэффициентінің мәнін СНиП-II-94-80 бойынша сілемдегі таужыныстарының әлсіреу беткейлерінің орташа арақашықтығына сәйкес 2.2-кестеден алады. 2.2 - кесте
Кс кооэффициентінің шамасын анықтау
Сілемдегі таужыныстарының әлсіреу беткейлерінің орташа арақашықтығы, м | Таужыныстарының құрылымдық әдсіреу коэффициенті, Кс |
>1,5 | 0,9 |
1,5 1,0 | 0,8 |
1,0 0,5 | 0,6 |
0,5 0,1 | 0,4 |
<0,1 | 0,2 |
Қосымша: қазбаларды суланған таужыныстарының сілемінде салған
кезде, таужыныстарының есептік сығылу кедергісін Rc таужыныстарының судың әсерінен әлсіреуінде есепке алу керек, яғни:
МПа (39)
мұнда: Квл – таужыныстарының сулылығынын әсерінен оның беріктігінің азаюын ескеретін коэффициент. Іс жүзінде магмалық таужыныстарының көпшілігі үшін Кремнийлік цементегі песчаниктер мен алевралиттер үшін Известі-сазды цементтегі песчаниктер мен алевралиттер үшін Аргиллиттер мен сазды таужыныстары үшін
Бұрын орындалған жобалық құжаттарды бағалау және қолда бар нормативтік құжаттарды пайдалану үшін сынақ үлгідегі таужыныстарының бекемдігін R анықтауға проф.М.М.Протодьяконовтің шкаласы бойынша таужыныстарының бекемдік коэффициентін ( болғанда) қолдануға болады:
МПа (40)
немесе: кгс/см2 (40а)
мұнда: таужыныстарының бекемдік коэффициенті:
Қазбаның көлденең қимасының жиегі бойынша есептік сығылуға кедергісін осы контурдан қазба төбесі бойынша 1,5в, табанында және бүйірлерінде 1 в қашықтықта жатқан осы қазба қиып өтетін қалыңдығы 0,1 метрден артық қабаттардың сипаттамаларын ескере отырып есептеу керек, мұнда в-қазбаның ені, м.
Қазбаның көлденең қимасының жиегі бойынша жатқан аралас қабаттар үшін, ондағы таужыныстарының сығылу кедергілерінің шамаларының айырмашылықтары 30%-дан аспаса, онда Rc шамасын қазба үшін олардың орталанған есептік сығылысқа кедергісін мына формула бойынша анықтауға болады:
(41)
мұнда: әр қабаттағы таужыныстарының сығылысуға кедергісі;
қабаттардың қалыңдығы, м;
Егер қазбаның төбесіндегі, табанындағы немесе бүйір қабырғаларындағы таужыныстарының сығылысқа кедергілерінің шамаларының айырмашылықтары 30%-дан жоғары болса, онда әрбір қабат үшін 41-формула бойынша жеке-жеке есептеледі.
Таужыныстарының есептік сығылуға кедергісін Rc қазбаның ұзына бойынша анықтағанда, қазбаны жекеленген учаскаларға бөле отырып мына талаптар бойынша анықтау керек:
а)қазба кесіп өтетін қалыңдығы 0,3 метрден жоғары, Rc мәнінің өзгешеліктері 30%-дан аспайтын қазбаларды бір участке деп ала отырып оларға ортақ Rc мәнін 41-формула бойынша анықтау керек;
б)жалғас қазбаларды біріктіргенде, олардың Rc мөлшерінің өзгешіліктері 30%-і дан асатын болған жағдайда, жалғасырылған (біріктірілген) учаскелердің Rc шамасы ең азы бойынша алу керек;
Бекітпе материалдарының есептік және нормативтік сипаттамаларын, олардың жерасты жағдайында жұмыс істеу шарттарын және мемлекеттік стандарттар мен СНиП бөлімдерін есепке ала отырып, қабылдау керек.
Қазба бекітпелерін құрылыс және пайдаланым кезінде туындауы мүмкін жүктемелер мен әсерлердің келеңсіз қосарлануын және бекітпені орнату технологияларын ескере отырып қабылдау керек. Осындай жағдайда жүктемелердің мынадай түрлерін қарастыру қажет:
- негізгі: тұрақты жүктемелер және әсерлер, уақытша жүктемелер мен әсерлер, құрылыс кезінде туындайтын жүктемелер.
- айырықша: тұрақты, уақытша, мүмкіндігінше қысқа мерзімді және ерекше сейсмикалық, немесе басқа да жүктемелер мен әсерлер; жүктемелер мен әсерлердің қабаттасуы (қосарлануы) .
Бекітпенің құрылымын (конструкциясын) жобалағанда мына қағидаларды
ескеру керек:
тұрақты жүктемелер мен әсерлер:
а)Сілем жағынан түсетін таужыныстарының қысымы;
ә)бекітпенің өз салмағы;
б)Бекітпе элементтерінең туындайтын бастапқы кернеулердің әсері;
в)жерасты суларының қысымы;
Ұзақ уақыттық қысқа мерзімді жүктемелер мен әсерлер;
г)температуралық әсерлер, оның ішінде суықтық ісіну;
д)тазарта қазу жұмыстарынын, басқа қазбалардың және су төгудің әсерлері;
е)таужыныстарының ісінуінен туындайтын қысымдар;
Қысқа мерзімді жүктемелер мен әсерлер:
ж)бекітпе сыртын тығындайтын қоспалардан туындайтын қысымдар;
з)қазба өтуші жабдықтар мен көліктік машиналардың және кешендердің қимыл әсерлері;
и)жаппай жарылыс әсері.
Ерекше жүктемелер мен әсерлер:
к)динамикалық жүктемелер;
п)сейсмикалық әсерлер.
Дата добавления: 2016-10-17; просмотров: 1025;