Жазық және көлбеу жерасты қазбаларының тоғыспаларына (түйіспелеріне) түсетін жүктемелерді есептеу

 

Жазық және көлбеу жерасты қазбаларының ығыспаларындағы бекітпелерге түсетін жүктемелер қолданылатын бекітпе түріне және оның жұмыс істеу режиміне тәуелді анықталады. Қатаң және тұтас (тұтас бетон, блокты, тюбингілі және т.с.с) тазарта қазу аймақтарынан тыс орнатылатын бекітпелер үшін есептік жүктемелер дифференциалды түрде (жеке-жеке) қазбаның төбесі мен табанында және бүйір қабырғаларында, сонымен қатар таужыныстарының жату (құлау) бұрышы 200-тан 500-қа дейін және таужыныстарының тақталануына нормаль таужыныстары үшін 53 формула бойынша анықталады.

Тазарта қазу жұмцстарының аймағынан тыс орнатылатын отырмалы металл бекітпелерге түсетін жүктемелер төбесінен және табанынан жүктемелер 57- формула , ал бүйір қабырғаларынан түсетін жүктемелер 58- формула бойынша анықталады. Жерасты қазбалары түйіспелеріне (тоғыспаларына) түсетін жүктемелер бүрікпебетон және анкерлі бекітпелер үшін 63, 68, және 69-формулар бойынша анықталады.

Таужыныстарының ығысуын 47-формула бойынша анықтағанда және қазба түйіспелеріне түсетін жүктемелерді жоғарыда көрсетілген формулалар бойынша есептегенде түйіспенің (тоғыспаның) ең жалпақ енін алу керек. Тоғыстаын қазбалардың өзара әсерінің білінетін учасканың ұзындығын олардың тоғысу орта сызығынан екі жаққа қарай 20 м етіп алу керек.

Қауіпті деформациялар мен таужыныстарының қазба төбесінен опырылып құлау факторларының нақты материалдарын сараптай келе, Кузбасс шахталарындағы жазық және көлбеу қазбалардағы таужыныстарының опырылу биіктігі 1 4 м күмбез пішінді болған, ал олардың ұзындығы тоғысу ортасынан есептегенде екі жаққа да қарай 15-20 метрге тарағандығы белгілі болған.

Кузбасс көмір алқабындағы шахталарда жүргізілген аспаптық-саймандық түсірілістердің нәтижесінде, тазарта қазу жұмыстары аймағынан тыс жерлердегі вертикаль ( және бүйірлік жазық ( ,бағыттарда жақтаулы, тұтас және анкерлі бекітпелерге түсетін жүктемелер көпшілігі мынадай қатынаста болған:

(80)

 








Дата добавления: 2016-10-17; просмотров: 914;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.