Терең орналасқан жазық жерасты қазбаларына түсетін таужыныстарының қысымын анықтау
Табиғи тепе-теңдік күмбез гипотезасын негізге ала отырып бекем, жарықшақты және кернеулік жағдайдағы таужыныстары сілемінде терең орналасқан (300-1500 м) жазық жерасты қазбаларының бекітпелеріне түсетін таужыныстарының қысымын анықтау әдісі Орал тау-кен институты (Ресей) ұжымының жұмыстарында өз өрбуін тапты. Қазба жүргізілген кезде оның төбе жағында сілемдегі жарықшақтардың жазықтықтары бойынша күмбез пішінді опырылу аймағы қалыптасады (10-сурет).
10-сурет. Қазбаның төбе жағындағы таужыныстарының опырылу аймағының қалыптасуы:
1-таужыныстары сілемінің жарықшақтарының жүйесі.
2-опырылу аймағының шекарасы.
Таужыныстарының опырылу аймағының таужыныстары сілемінің құрылымы мен кернеулік жағдайына байланысты болады.
Оның мәнін мына эмперикалық тәуелділіктен анықтауға болады:
∫т+0,15 (26)
мұнда: қазба төбесіндегі таужыныстарының опырылу аймағының
биіктігі, м;
қазбаның жарты ені, м;
∫т – қазба забойы жазықтығындағы жарықшақтардың таралу
жиілігі, яғни қазбаның бір метріндегі жарықшақтар саны.
таужыныстары сілеміндегі әсер етуші негізгі горизонталь және тік жазықтағы түсетін кернеулердің қатынасы.
Курстық және дипломдық жұмыстарды орындау үшін таужыныстарының жарықшақтығы туралы мәлімет, яғни қазбаның 1 метріне келетін жарықшақтардың саны, 1 ден 15-ке дейін беріледі, ал сілемінің кернеулік жағдайы, тапсырмаларға сәйкес формулар арқылы табылады:
МПа; (27)
МПа (28)
мұнда: таужыныстарының орта есеппен алынған көлемдік салмақтары,
т/м3;
қазбаның орналасу тереңдігі, м;
Қазба бекітпесіне (қазбаның 1 м-не) түсетін қысым, кн/м;
(29)
Таужыныстарының тұрақтылық категорияларына және опырылу аймағының өлшеміне байланысты бекітпе түрін таңдап алуға болады (2.1-кесте).
2.1 – кесте
Таужыныстары бекем, бөлшекті және кернеулік жағдайдағы сілемде жүргізілген қазба үшін бекітпе түрін таңдау кестесі
Таужыынстарының орнықтылық (тұрақтылық) категориясы | Опырылу аймағының шамасы, | Бекітпе түрі |
I | 0,1-0,3 | бүрікпебетон |
II | 0,3-0,6 | анкерлі (қарнақты) бекітпе |
III | 0,6-1,0 | бүрікпебетон+анкерлі бекітпе |
IV | 1,0-2,5 | метал бекітпе |
V | тұтас бетон, құрама темірбетон, тюбингілер |
Мысалы:Қазбаның орналасу тереңдігі, Н-720 м. Жарықшақтардың жиілігі, ∫т=7. Қазбаның ені, 2а=4 м. Таужыныстарының орта есеппен алғандағы көлемдік салмағы, т/м3.
Осы әдістеме бойынша бекітпе түрін таңдап алыңыз.
Шешуі:
0,1+0,44+0,42+0,15+1,6=1,2 м.
2.1 – кесте бойынша сілемдегі таужыныстарының орнықтылық (тұрақтылық) категориясы – IV, яғни осы қазбаны металл бекітпелермен немесе тұтас бетон бекітпелерімен бекіту керек. Олардың параметрлерін арнайы есептеулер арқылы табу керек.
Дата добавления: 2016-10-17; просмотров: 1340;