Бекітпелерге түсетін жүктемелерді анықтау жолдары

 

Бекітпелерге түсетін жүктемелер деп таужыныстарының бекітпеге түсіретін қысымын атаймыз.

Бекітпеге түсетін жүктемелер таужыныстары қысымының гипотезалары негізінде анықталады. Таужыныстары қысымының гипотезалары көптеген экспериментік зертеулердің нәтижелерінің қорытындыларына немесе таужыныстарының қысымының аналитикалық әдістермен есептелінген нәтижелеріне негізделінген.

Таужыныстары қысымының гипотезалары екі топқа шоғырландырылған:

­ күштер гипотезасы (гипотеза сил);

­ деформациялар гипотезасы (гипотеза деформации);

Таужыныстарының жазық жерасты қазбаларының бекітпелеріне түсіретін қысымының заманауи теориялары мына тұрғыдан бөлінеді:

1) табиғи тепе-теңдік күмбезі қалыптасатын принципке негізделген

теория. Яғни, бекітпені қазбадан жоғары жатқан қабаттардағы таужыныстары-ның қысымынан қорғайды және бекітпеге тек қана осы күмбездің ішіндегі таужыныстарың салмағына тең қысым түседі деп есептейді (Протодьяконовтің, Риттердің, Коммерельдің және т.б. теориялары).

2) басқа да принциптерге негізделген теориялар, мысалы,

гидростатикалық қысымға,

серпімділік теориясына, қисық сызықты қысымға негізделген (Бирбаумердің, Динниктің, Слесаревтің және т.б. теориялары).

Күштер гипотезалары бойынша жүктемелерді бекітпелердің деформациялық – күштік сипаттамалары есепке алмай анықтайды және олар мынадай тұрғыдан жіктеледі:

1)қазбадан жоғары жатқан таужыныстары бағанасының толық салмағын есепке алатын гипотеза;

2)қазбадан жоғары жатқан таужыныстары бағанасының салмағының белгілі бір бөлшек шамасын есепке алатын гипотеза;

3)балка (плита) гипотезасы;

4)опырылу күмбезі гипотезасы (табиғи тепе-теңдік күмбезінің гипотезасы);

Егерде қазбаның орналасу тереңдігінің шамасы осы қазбаның енінең өлшеміне жақын болса, онда бірінші гипотеза қолданылады. Егерде қазбаның орналасу тереңдігінің шамасы оның енінен 2-3 есе артық болса, онда екінші гипотеза қолданылады.Үшінші гипотезаны таужыныстарының сілемінің құрылымы жазық немесе сәл еңкіш қабаттардан тұратын болған кезде қолданылады.

Төртінші гипотезаны қазбаның төбесінде жоғарғы қабаттардан түсетін таужыныстары қысымын қабылдап ала-алатын табиғи тепе-теңдік күмбезі құрылатын үгілмелі немесе жарықшақты таужыныстары сілемінде өтілген қазбалардың бекітпелерін есептеу үшін қолданады.

Бекітпелерге түсетін жүктемелердің шамасы мен сипаттамасына ең басты әсер етуші факторлардың қатарына таужыныстарының физика-механикалық қасиеттері мен қазбаның жату (орналасу) тереңдігін жатқызуға болады.

Қазбаның бүйірлік қабырғаларына жоғарғы қабаттан түсетін жүктемелерді туындатпайтын табиғи тепе-теңдік күмбезі туралы түсінік жерасты жазық қазбасының төбесінің опырып түсу себептерін сараптаған кездегі ең қарапайым тәсіл болып табылады.

Сондықтанда, табиғи тепе-теңдік күмбез теориясы кеңінен таралған. Курстық немесе дипломдық жобалар және жекеленген басқа да жұмыстарды орындаған кезде бекітпеге түсетін жүктемелерді есептеу үшін, тереңдігі 300 м-ге дейінгі деңгейде орналасқан қазбаларда, осы гипотезаны қолдануға болады. Олардың кейбір нұсқаларын қарастырайық.

 








Дата добавления: 2016-10-17; просмотров: 1382;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.