Бекітілмеген тау-кен қазбаларының орнықтылған тексеру.
Бекітілмеген тау-кен қазбаларының орнықтылығын Бенявский-
Денкхаузен ұсынған баллдың жүйе бойынша шамамен бағалауға болады. Осы жүйе бойынша тау-кен қазбаларының бекітпесіз тұру уақыты мен ашылған кеңістіктің құламайтын ұзындығының шектеулі шамасы таужыныстарының класына байланысты анықтайды (2.4-кесте). Таужыныстарының класы баллдардың жиынтығы бойынша тағайындалады. Ол үшін алты фактор есепке алынады: таужыныстарының біростік сығылысқа беріктігі, керннің (үлгінің) шығу деңгейі, жарықшақтардың өзара қашықтығы, жарықшақтықтың сипаттамасы, таужыныстарының сулылығы, жарықшақтардың созымы және құлау бағыты. Әрбір фактордың нақты жағдайдағы сандық әсерлері 2,5 2.10 кестелерде келтірілген шамалармен бағалынуы мүмкін.
2.4 - кесте
Бекітілмеген қазбаның құрамай тұру уақыты мен шектеулі ұзындығы
Таужынысының класы | |||||
Баллдардың жиынтығы | 100-91 | 90-71 | 70-51 | 50-26 | 25 және одан төмен |
Қазбаның бекітпесіз тұру уақыты | 10 жыл | 0,5 жыл | 1 жеті | 5 сағат | 10 мин. |
Қазбаның бекітілмеген ұзындығының шектік шамасы, м | 5,0 | 4,0 | 3,0 | 1,5 | 0,5 |
2,5 – кесте
Таужыныстарының бекемдігінің бекітілмеген тау-кен қазбасына тигізетін әсері
Таужыныстарының бекемдігі, f | 20 | 20-10 | 10-5 | 5-2,5 | 2,5-1 | 1-0,3 | 0,3 |
Балл бойынша бағалау |
2.6 – кесте
Сынақ үлгісінің (керн) шығу деңгейінің бекітілмеген қазбаның жағдайына тигізетін әсері
Сынақ үлгісінің (керннің) шығуы, % | 91-100 | 76-90 | 51-75 | 25-30 | 25 |
Балл бойынша бағалау |
2.7 – кесте
Жарықшақтардың өзара қашықтықтарының бекітілмеген қазбаның жағдайына тигізетін әсері
Жарықшақтардың өзара қашықтығы, м | 3,0 | 1-3 | 0,3-1,0 | 0,05-0,3 | 0,05 |
Балл бойынша бағалау |
2.8 –кесте
Жарықшақтықтың сипаттамаларының бекітілмеген қазбаның жағдайына тигізетін әсері
Жарықшақ-тылықтың сипаттама-лары | Беткейлері өте түрпілі, жарықшақтар қысқа, қапсырылған қабырғалары қатты | Беткейлері түрпілі, жарықшақтардың ені 1 мм-ден аз. Қабырғалары қатты. | Беткейлері сәл түрпілі, жарықшақтардың ені 1 мм-ден аз. Қабырғалары жұмсақ. | Жылжу беткейі 5 мм немесе ені 1-5 мм ашық жарықшақтар жарықшақтар ұзын. | Жұмсақ сазды, жарықшақтар ендері 5 мм немесе ашық 5 мм-ден көп жарықшақ. Жарықшақтар ұзын. | |||
Балл бойынша бағалау | ||||||||
2.9 – кесте
Жерасты суларының бекітілмеген қазбаның жағдайына тигізетін әсері
Жерасты сулары | Құрғақ | Тек қана дымқыл | Су келімі өте аз қысымды | Суға байланысты күрделі проблемалар |
Балл бойынша бағалау |
2.10 – кесте
Жарықшақтардың тарау бағыттарының бекітілмеген қазбаның жағдайына тигізетін әсері
Құлауы және созылымы | Забойдан әрі қарай құлауы, мына бұрыштармен | Сілемнен забойға қарай құлайды, мына бұрыштармен | Созылымы қазбаның жүргізу (өту) бағытына сәйкес, құлау бұрыштары болғанда | ||||
45 900 | 20-450 | 45 900 | 20-450 | 45-900 | 20-450 | 0-200 | |
Балл бойынша бағалау | -2 | -5 | -10 | -12 | -5 | -10 |
Курстық жобалар мен жұмыстарды жасаған кезде кейбір көрсеткіштерді мынадай шартты түрде алуға болады:
Сынақ үлгілердің (керннің) шығымы : 56% 6, 75-90% 6 10; 100% егер болғанда; жарықшақтардың өзара қашықтықтарын 0,3-1,0 м; жарықшақтанудың сипаттамасын - 12 20 балл және т.с.с.
Мысалы: тау-кен қазбасының бекітпесіз тұру уақыты мен ашылған қазба кеңістіктігінің құламай (бұзылмай) тұра алатын шектік ұзындығын анықтау керек. Егер, таужыныстарының бекемдігі , сынақ үлгісінің (керннің) шығу деңгейі 50%, жарықшақтардың өзара қашықтығы 0,3-1,0 м. Жарықшақтардың беткейлері сәл түрпілеу, жарықшақтардың ені 1 мм-ден аз, қабырғалары жұмсақ, таужыныстары дымқылдау, жарықшақтар қазба бойына нормальды түрде созыла таралған және забойдан 500 бұрышпен құлай орналасқан.
Шешімі: 2.5 2.10 кестелерді қолдана отырып:
S=4+8+20+12+7-0=51 балл.
2.4 – кесте бойынша таужыныстарының класы-3; қазбаның бекітпесіз тұру уақыты – 1 жеті, қазбаның ашынған кеңістігінің шектік ұзындығы – 3 м.
2.2.8. Жазық және көлбеу қазбалардағы таужыныстарының
Дата добавления: 2016-10-17; просмотров: 1053;