Тақырып 48. Жол-көлік автосервисі ақпараттық қамтамас-сыздандыруды жетілдіру
Қажетті номенклатура мен қызмет көрсетудің деңгейін қамтамасыз ететін жол-көлік сервисінің инфрақұрылымын дамыту және қол жетімді ақпараттық жүйемен қамтамасыз ету - автомобиль тасымалдарын, әсіресе халықаралық тасымалдарды дамытудағы негізгі шарты болып саналады.
Көлік кешенінің басқа секторлары сияқты автокөлік саласы да өзара тәуелді екі қосалқы жүйеден тұрады. Олар: жылжымалы құрам және инфроқұрылым.
Жол инфроқұрылымына жататын негізгі нысандар:
- жолдар мен жол бойындағы техникалық құрал жабдықтар (белгілербағдаршамдар, бақылаушы қондырғылар);
- жолаушыларға қызмет көрсету нысандары (автовокзал, автостанциялар және алыс жолдарда қонақ үйлер мен көлік тұрақтары т.б.);
- әкімшілік басақару, қозғалысты реттеу орталықтары (диспетчерлік, орталықтар);
- көліктерге техникалық қызмет көрсету бекеттері (жанармай құю станциялары, автосервис нысандары);
- мамандандырылған сервистік кәсіпорындар мен техникалық қызмет көрсету бекеттері (үлкен автобустарға, ауыр жүк көліктеріне);
- телекомуникациялық және көліктік логистикалық орталықтар.
- ақпараттық базалар мен жол бойындағы сілтемелер.
Жылжымалы құрамның үнемділігін, қауіпсіздігі мен тұтынушылық ерекшеліктер ін арттыру үшін жол – көлік автосервисін дамытуды қолға алып, ақпараттық қамтамасыз етуді жетілдіру керек.
Жол - көлік автосервистері бір-бірімен өзара тығыз байланыста. Көліктің техникалық құрылымы мен жол инфроқұрылымының сервистік дамуы көлік қозғалысының қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз етуші маңызды фактор.
Дамыған елдерде қозғалыс қауіпсіздігін арттыру әртүрлі техникалық жаңалықтарды енгізу жолымен шешіліп келеді. Мысалы, АҚШ-та жасалынған Roil Advistor and Control жүйесі кеңінен қолданылады. Ол қауіпті маневр мен аударылу қаупі пайда болған кезде және жылдамдықты автоматты азайту туралы дыбыс белгілерімен жүргізушіне ескертіп, автокөлік апатына кедергі жасайды.
Freightliner болуы мүмкін ауытқулар туралы хабардар етеді, жүріс жолағына қатысты көлік қозғалысын бақылауға алады.
Автокөліктің үнемділігін арттырудың негізгі бағыттары:
1. Автокөлік жасағанда сапалы материалдар қолдану – алюминий қорытпалары, композитттер, коррозияға қарсы терең өңделген қара метелдар, мырыш жалатылған бөлшектер, ылғалға және желге қарсы бекіткіштер.
2. Құрылымын өзгерту арқылы меншікті салмағын азайту автокөліктің динамикалық және отынды пайдалану көрсеткіштерін жақсартады.
3. Габариттік пайдалы көлемдерін толық пайдалану.
4. Автокөліктің қозғалтқышын жетілдіру.
5. Сапалы, экологиялық залалсыз энергия көзін пайдалану. Отын газы ретінде табиғи газды пайдалану қолайлы. Табиғи газбен жұмыс істейтін қозғалтқыш дизелді қозғалтқышпен салыстырғанда азот оксидін 60 пайыз, қатты түйіршікті газдарды 80 пайыз аз шығарады. Оның құрамында күкірт жоқ болғандықтан қауіпсіз әрі арзан отын түрі болып саналады.
6. Автокөліктерді жөндеуге, құрастыруға арналған құрылғыларды және көліктің бөлшек саймандарын әмбебаптандыру (автокөліктің барлық түріне қызмет көрсететін сервистік орталықтар мен кәсіпорындар).
Шағын және орта бизнесті дамыту және оған қолдау көрсету жөніндегі мемлекет саясатына, сондай-ақ саланы қаржыландыру қолданыстағы жүйесіне сәйкес жол сервисі нысандарының құрылысын тұрғызуды ақшалай қаржаттардың екі көзінің есебінен жүргізу көзделеді. Автомобиль жолы кешенінің құрамына кіретін нысандарды қаржыландырудың (авариялық - шақыру байланысы, автомобильдердің қысқа уақыт аялдайтын тұрақ алаңдары, су көздері, автобус аялдамалары және т.б.) жол құрылысына бөлінетін қаражаттардың есебінен жүргізу ұйғарылады. Ақылы сервис нысандарын салу (мотельдер, кемпингтер, жанармай станциялары, техникалық қызмет көрсету станциялары) кредиттер беру (соның ішінде жеңілдікті), заңнамалық және нормативтік - құқықтық базаны жетілдіру, халықаралық қаржы ұйымдарын тарту жолымен осындай жобаларды жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған мелекеттің қолдау көрсетуін ескеру арқылы жеке инвестициялардың есебінен жүргізу көзделінеді.
Деректер базасының бірыңғай (біртұтас) ақпараттық жүйесін құру автомобиль тасымалдарын жетілдірудің өзекті проблемасы болып табылады.
Осы проблеманың шешімі тиісті ақпараттық және телекоммуникациялық қамтамасыз етуді талап етеді, ол үшін қазір қолайлы алғышарттар бар: деректер беру үшін ақпараттық желілер ретінде республикалық (Қазақтелеком) және ведомстволдық (темір жол) байланыстық талшықты - оптикалық бағытының құрылып жатқан жүйесін, сондай- ақ спутник жүйелері мен байланыстың борттық құралдарын пайдалануға болады.
Қазақстан Республикасы автожол желісінің техникалық төмен деңгейі жол бойындағы инфроқұрылымның жеткіліксіз дамуының және ақпараттық нашар қамтамасыз етілудің себебінен автокөлік жол қатынастарының даму деңгейі өте төмен..
«КК ҒЗИ» 2004 жылы республикалық дәрежедегі негізгі автокөлік жолдарында сервистік қызмет көрсетудің деңгейіне жүргізілген зерттеулері мына нәтижені көрсетті, тіпті халықаралық трассаларда да көбіне техникалық қызмет көрсетудің шағын станциялары (ТҚС) орналасқан, олардың қажетті жұмыс алаңдары, қазіргі заманғы жабдығы жоқ және осы станциялар жөндеудің барлық түрлерін орындай бермейді. Негізінен солардың барлығы түгел жеңіл автокөліктерге қызмет көрсетуге ғана маманданған.
Қазақстан аумағы арқылы өтетін негізгі алты маршрут толық көлемде дерлік техникалық қызмет көрсету станцияларымен қамтамасыз етілген, әйтседе де, жолдардың кейбір телімдерінде осы станциялардың арасындағы қашықтық нормативік межелерден 2 және одан да көп есе артық. Алайда мына жәйтті ескеру керек, жұмыс істеп тұрған ТҚС көпшілігі жеңіл автомобильдеріне қызмет көрсетуге арналған, ал ауыр кластағы жүк автокөліктеріне, жолаушы тасымалдаушы автокөлікрерге бейімделмеген, сондықтан шиналарды ауыстыру, камераларды жөндеу сияқты жеңіл- желпі жұмыстарды орындау арқылы жүк машиналарына тек жол- жөнекей ғана қызмет етеді.
Жүк автокөліктері мен автобустарға негізгі қызмет көрсету аудан және облыс орталықтарына шоғырланған. Қазақстанда 1970-ші жылдарда құрылған «КамАЗ» жүк автомобильдеріне техникалық қызмет көрсету бойынша камалық автоалыптың мамандандырылған орталықтарының желісі жекелешендіруден кейін құлдырап кетті және тура 2000 жылға дейін дағдарыстан оңала алмады. Бұдан тікелей автобус парктерінде немесе мамандандырылған автокөлік кәсіпорындарында жүргізіліп келген автобустарға қызмет көрсетуге байланысты қалыптасқан жағдайда да бұдан тәуір емес еді. Мемлекет иелігінен алынғаннан кейін және жекешелендіргеннен кейін жүк автомобильдері мен автобустарға техникалық көрсетілетін қызметтер едәуір қысқарды. Оның басты себебіне осы бизнеске салынатын инвестициялар салу болмағандықтан қажетті жабдықтың табиғи тозуы жатады.
Автокөлік рыногының қажеттіліктерін ескере отырып, соларды жай қалпына келтіру ғана емес, сонымен бірге автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсетудің осы заманғы жүйелерін де дамыту қажет. Осы бағыттағы қызметтің бастамашыларының бірі «Мустанг-Карно» компаниясы болды, ол Астана, Алматы, Ақтөбе, Петропавл, Шымкент және Қарағанды қалаларында жүк автомобильдеріне техникалық қызмет көрсету және ағымдық жөндеу бойынша мамандандырылған ТҚС–тарды қалпына келтірді.
Қазір олар ТМД-да жасалған жылжымалы құраммен қатар Volvo, Mercedes-Benz, DAF, Scania және маркалы автомобильдеріне, сондай-ақ солардың тіркемелі құрамына қызмет көрсетеді және жөндейді.
Тасымалдаушылардың жақсы тынығулары үшін жағдайлар жасауға байланысты ахуал нашарлау. Екінші және төртінші көлік дәліздеріндегі мотельдер мен кемпингтердің нақты саны нормативті межеден 2 есеге жуық төмен. Жұмыс істеп тұрған мотельдер мен кемпингтер көбіне жеңіл автомобильдердің жүргізушілеріне қызмет көрсетуге арналған және оларда жүк көлігі үшін жеткілікті сандағы тұрақтары жоқ. Көрсетілетін қызметтердің деңгейі бойынша демалыс орындары көп жағдайларда мотельдер мен кемпингтерге қойлатын талаптарға сай емес, бірақ эстетикалық сыртқы безендірілуі жағымды әсер етеді.
Күзетілетін тұрақтары бар мотельдер мен кемпингтердің жеткіліксіз саны жол қозғалысының қауіпсіздігіне теріс әсер етеді. және жүргізушілерге ҚР көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 19 қаңтардағы бұйрығымен бекітілген жүргізушілердің еңбегі мен демалысын ұйымдастыру Ережелерінің талаптарын, сондай-ақ халықаралық автомобиль тасымалдарын орындайтын көлік құралдарының экипажына қатысты Еуропаның келісімнің талаптарын сақтауға мүмкіндік бермейді. Мотельдер мен кемпингтер салудағы төмен белсенділіктің негізгі себептеріне үлкен күрделі қаржы жұмсалымдары және осындай нысандар жұмысының төмен табыстылығы жатады. Құрылыстың базасын (құнын) төмендету, сондай- ақ көрсетілетін қызметтердің саны мен сапасын жақсартудың есебінен автосервис нысандары пайдаланушылардың санын өсіру мақсаттарында әр бөлек жер учаскелерінде сервистік қызмет көрсетудің бірлі- жарым орындардың салудың қалыптасқан дәстүрі орнына біртұтас жер учаскесіне түрлі мақсаттағы сервис нысандарының кешендерін орналастыру ұсынылады.
Автокөлік желісін жанармай станциясымен қамтамасыз етуге байланысты жағдай анағұрлым жақсы. Алайда кейбір жер учаскелерінде жанармай станцияларының арасындағы қашықтық нормативті межеден бірнеше есе артық. Бұл ретте ауыр жүк тасуға арналған автомобильдер үшін мамандандырылған автожанармай станцияларының жетістеушілігі білінеді. Қазіргі автожанармай станцияларын салу кезінде осы заманғы дизайынға баса назар аударылады.
Автожолдарды жайластыруда жол бойындағы байланыс пен қатынау маршруты бойынша жолдардың ағымдағы жай-күйі туралы ақпараттың болмауы күрделі кемшілікке жатады. Республиканың ең маңызды автокөлік магистаральдары үшін тән сервистік қызмет көрсету мен автожолдарды жайластырудың кемшіліктері республикалық және жергілікті дәрежедегі жолдардың басқа бағыттарында да едәуір дәрежеде өсе түсуде.
Қазіргі автомобиль саласындағы ең осал буындарыдың ақпараттық қамтамасыздандырудың төмен деңгейі болып табылады. Осы фактор тасымалдаушылардың, әсіресе жеке тасымалдаушылардың ұзын саны аясындағы қазіргі телекоммуникациялық және навигациялық жүйелер негізінде тасымалдардың технологиясын жетілдіру үшін ғана емес, сонымен бірге тасымалдардың дәйекті есебін жүргізумен сала жұмысының көлемдік және сапалық көрсеткіштерін сипаттайтын деректер базасын қалыптастыру үшін де басты кедергі болып табылады. Осындай жағдайларда автокөлік құралының қай жерде екенін білу туралы ақпарат алу күрделі проблемаға жатады. Кейбір жетекші компаниялар (негізінен шетелдік әріптестері барлары) патенттің талап етуі бойынша осындай ақпаратты ұялы байланыс жүйелерін (GSM және GPS) пайдалану арқылы алады. Мұндай қызметтер көрсету практикасы олардың жоғарғы бағасымен ерекшеленеді..
Ішкі технологиялық үрдістерді автоматтандыру (көбіне бухгалтерлік есеп саласында) автокөлік компанияларының біршама шағын санында негізінен жеке компанияларда қолданылады. Бұрынғы мемлекеттік (жекешелендірілген) кәсіпорындарының компьютерлер сатып алуға мүмкіндіктері жоқ.
Халықаралық тасыалдарды орындайтын жылжымалы құрам шетелдік тасымалдаушылар қолданылатын көп фукционалды жабдық-борт компьютерлерімен жабдықталмаған.
Дата добавления: 2016-06-24; просмотров: 2247;