Тақырып 39. Таксомоторлы жолаушы тасымалдарының классификациясы

Қалаішілік жолаушы тасымалын реттеу үшін маршрутты таксоматорлы көліктер жиі қолданылады. Маршрутты таксоматорлы көліктерге шағын 6-12 кісілік автобустар және жеңіл автокөліктер қолданылады.

Маршрутты шағын автобустар қалаішілік жолаушы тасымалдаушы негізгі автобустарға қосалқы маршрут ретінде кеңінен қолданылады. Шағын автобустардың тиімділіктері:

- сыйымдылығына сәйкес бағасы арзандау болғандықтан кез-келген адам сатып алуға мүмкіндігі бар;

- жүріс жылдамдықтары жоғары және басқаруға ыңғайлы ықшамды болғандықтан жолаушыларды тасымалдауға қолайлы;

- қаланың барлық аймақтарын байланыстыруға және жаңа маршрут бағыттарына пайдалануға болады;

- сыйымдылығына сәйкес адамдарды белгілі бір мақсатпен қажетті жерге тасымалдау құнының қол жетімділігі.

Шағын автобустарды пайдаланудың салыстырмалы кемшіліктері:

- тез жету үшін адамдар шамадан тыс отырып алатындықтан ішінде қолайсыздық орын алып қауіпті жағдайларға жол ашуы мүмкін;

- қалаішілік жолаушы тасымалындағы шаған автобустардың саны көбейген сайын аялдамалардағы жолаушыларды мінгізіп – түсіру үрдісін қиындатып көлік қозғалысының кептелістерін тудырады;

- көбіне шаған меншік иелері тасымалдауды ұйымдастыратындықтан жүргізушілердің шеберліліктері қажетті шартты талаптарға сәйкес келе бермейді,

- жолаушы ағынының шамасына сәйкес маршрут бағыттары дұрыс анықталмаса және жүріс кестелері дұрыс бекітілмесе негізгі негізгі жолаушы тасымалдау көліктерінің табысын төмендетіп, шығынға ұшыратады

Маршрутты таксоматорлы көліктердің классификациясы:

1. қызмет көрсету жүйесі бойынша тағайындалуы:

а) қосымша қызмет – әуежайлар мен теміржол вокзалдарына және қалааралық қатынастағы автостанцияларға қызмет жасайды;

б) көмекші қызмет – сыйымдылығы орташа немесе жоғары автобус маршрутын ашуға тиімсіз жолаушы ағыны аз әрі тұрақсыз қала аудандары үшін қолданылады;

в) мамандандырылған қызмет – қоғамдық көліктерді және такси қызметін пайдалана алмайтын мүгедек жандарға арналып арнайы құрал – жабдықтармен жабдықталған көліктер;

г) арнайы кәсіптік қызмет – жедел жәрдем, өрт сөндіру және мемелекеттік автоинспекция көліктері;

д) балама қызмет – басқа жолаушы тасымалдау көліктерімен қатар бір бағытты маршрутта қолданыла беретін таксоматорлы көліктер.

2. қозғалысты ұйымдастыру маршруты бойынша:

а) тіркелген (фиксированный) тұрақты маршруттар – белгілі бір нүктеде тұрып келген жолаушыларды қажетті бағыты бойынша тасымалдайды;

б) шұғыл (оперативті) маршруттар – тұрақты бір жерде тұрмайтын, байланыс құралдарымен шақырту арқылы диспетчердің бағыттауымен жүретін жолаушы тасымалдары.








Дата добавления: 2016-06-24; просмотров: 2731;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.