Жұмыстарды ұйымдастыру
Сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау жөніндегі жұмыстарды бастау үшін негіздеме ҚР СТ 3.15.1 А қосымшасының пішіні бойынша сапа менеджменті жүйелерінің сəйкестігін растау жөніндегі органға түскен ұйым өтінімі болып табылады.
Өтініммен бірге құжаттардың қажетті тізбесін сəйкестікті растау жөніндегі органмен келісу кезінде ҚР СТ 3.15.1 Б қосымшасының пішіні бойынша бағалау парағын жəне ҚР СТ 3.15.1 Г қосымшасы тізбесінен алынған құжаттарды бағыттауға болады. Қалауы бойынша Г қосымшасынан алынған құжаттарды бағыттауға, сосын сəйкестікті растау жөніндегі органның талабы бойынша қосымшаларды ұсынуға болады.
СМЖ сəйкестікті растау жөніндегі органы:
- тапсырыс берушінің сертификаттау саласы мен СМЖ сəйкестікті растау жөніндегі органының аккредиттеу саласының сəйкестігін бағалауды;
- СМЖ сəйкестігін растау жөніндегі органда аудитті жобалау үшін қажетті ақпараты болуын (ұйымның орналасқан жері, қызметкерлер саны, аудит жүргізудің қалаулы мерзімдері жəне т. б.);
- СМЖ сəйкестігін растау жөніндегі органда тапсырыс беруші үшін қалаулы мерзімде жұмыстарды жүргізу мүмкіндігі болуын, тиісті ресурстары болуын есепке алып сертификаттау жүргізу мүмкіндігін анықтау үшін өтінімге талдау жүргізеді.
Өтінімді қарау нəтижелері туралы СМЖ сəйкестігін растау жөніндегі орган ҚР СТ 3.15.1 Б қосымшасының пішіні бойынша тапсырыс берушіге хабарлайды.
Сапа менеджменті жүйесін сертификаттауға өтінімді қабылдау туралы жағымды шешім қабылдаған жағдайда СМЖ сəйкестігін растау жөніндегі органы мен тапсырыс беруші шарт жасайды.
Шарт жасау алдында сəйкестікті растау жөніндегі орган осы стандарттың Б қосымшасын есепке алып, сəйкестікті растау жөніндегі органда белгіленген ережелер бойынша сертификаттау жүргізуге еңбек шығынына бағалау жүргізеді. Еңбек шығынын бағалау кезінде тапсырыс берушінің барлық өндірістік алаңшаларын есепке алуға тиіс.
СМЖ сəйкестігін растау жөніндегі орган аудит тобының басшысын тағайындайды жəне аудит тобын қалыптастырады.
Аудит тобы бір немесе бірнеше сарапшы-аудиторлардан құрылу мүмкін. Егер сарапшы-аудиторларда ерекше білімдері мен дағдылары жеткілікті болмаса, онда аудит тобына техникалық сарапшылар қосылу тиіс. Топ құрамына сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау жөніндегі сарапшы-аудиторға стажер-кандидаттар қосылу мүмкін.
Егер аудитті бір аудитор жүргізетін болса, ол аудиторлық топтың басшысына жүктелген барлық міндеттерді орындауға тиіс
Аудит тобының саны мен құрамын анықтау кезінде:
- аудит мақсаттарын, саласы мен критерийін, аудитті жүргізу ұзақтылығын;
- ұйымның қызмет саласын;
- аудитті жүргізуге еңбек шығындарын;
- аудит мақсаттарына жету үшін аудит тобының жиынтықты құзыреттілігін қамтамасыз ету қажеттілігін;
- жүргізілетін бағалауға қолданалатын заңдар, нормативтік құқықтық актілер талаптарын;
- серитификатталған ұйымнан аудит тобы мүшелерінің тəуелсіздігін қамтамасыз етуді;
- аудит тобы мүшелерінің тексерілетін ұйыммен тиімді əрекеттену мүмкіндігін;
- аудит тілін есепке алуға тиіс.
Аудит тобы құрамын СМЖ сəйкестігін растау жөніндегі орган басшысы бекітеді.
Дата добавления: 2016-05-05; просмотров: 1471;