Сапа жүйесін сертификаттау

 

Сапа менеджменті жүйелерін сертификаттаудың негізгі мақсаттары:

- сапа менеджменті жүйесінің сəйкестік дəрежесін бағалау ҚР СТ ИСО 9001 бойынша;

- сапа менеджменті жүйелері нəтижелілігін бағалау;

- казақстандық тауар өндірушілер өнімдерінің бəсекеге жарамдылық қабілетін көтеру, оның ішінде өткізу нарығын игеру жəне кеңейту.

Сапа менеджменті жүйесін сертификаттауды жəне белгіленген тəртіпте аккредиттелген сапа менеджменті жүйелерінің сəйкестігін сəйкестігін растау органы жүргізеді.

Сапа менеджменті жүйесінің аудиті ҚР СТ ИСО/МЭК 17021, ҚР СТ ИСО 19011 белгіленген тəртіпте жəне осы стандартты жəне ҚР СТ 3.15.2 есепке алып жүргізіледі.

Аудит объектілері ретінде: - сапа менеджменті жүйесін қолдану жəне сертификаттау саласы; - өнім сапасының өнімнің нормативтік құжаттары талаптарына сəйкестігі; - сапа менеджменті жүйесінің құжаттарында ИСО 9001 талаптарын көрсету дəлдігі мен толықтығы; - жүйе талаптарының нақты орындалуы көзқарасынан жəне оның нəтижелілігін ИСО 9001 сəйкес қамтамасыз ету сапа менеджменті жүйесінің қызмет етуі белгіленуі мүмкін.

Сапа менеджменті жүйесіне сертификаттау жүргізу шарттары: - сапа менеджменті жүйесіне сертификаттау жүргізуге аккредиттеу жөніндегі органмен аккредиттелген сəйкестікті растау жөніндегі органдармен жұмыстарды жүргізу; - Мемлекеттік Тізілімінде тіркелген сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау жөніндегі сарапшы-аудиторлар жұмыстарына қатысу; - сəйкестікті растау органдарының басшыларымен келісім бойынша тапсырыс берушімен сертификаттау саласын анықтау; - тексерілетін ұйым қызметінің саласына, өнім түрлеріне жəне тапсырыс беруші қалауына байланысты тұтынушылар талаптарын жəне/немесе заңды реттелетін сала бөлігінде қосымша талаптарды ұсыну мүмкіндігі; - өтінілген аккредиттеу саласындағы техникалық сарапшылар, стажерлар жəне байқаушылар (қоғам өкілдері) аудитінің тобы бойынша (аудит тобы мүшелерінің өкілетісіз) жұмысқа тарту мүмкіндігі болып табылады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде сапа менеджменті жүйесін сертификаттау мынадай принциптерде негізделеді:

- еркінділік,

- риясыздылық,

- құзыреттілік,

- жауапкершілік,

- ашықтық,

- құпиялылық,

- шағымдарға əсерлену.

Еркінділік

Сапа менеджменті жүйесін сертификаттау белгіленген ережелерге бағынуды қалаған жəне сапа менеджменті жүйесінің сəйкестігін растау органына жазбаша түрде берген Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде белгіленген критерийлерге сəйкестік сертификатын алуды еркін қалаған өтінішкерлерге қатысты жүзеге асырылады. Сертификаттауға ешқандай қинау жоқ (мысалы, психологиялық қысым, қаржылық қысым арқылы жəне т.б.).

Риясыздылық

Сапа менеджменті жүйелеріне сертификаттау жүргізу үшін сəйкестікті растау жөніндегі орган риясыз болуы жəне ҚР СТ ИСО/МЭК 17021 жəне ҚР СТ ИСО/ОТУ 17001 тармақтарын орындауы керек.

Жүйе қатысушыларының кез келген кемсітушілігі жойылады (мысалы, өтінім қабылдауда негізделмеген бастарту, мерзімі блойынша ақталмаған тоқтату, көтеріңкі баға жəне басқалар).

Құзыреттілік

Сапа менеджменті жүйелеріне сертификаттау жүргізу үшін ҚР СТ ИСО/МЭК 17021 4.3т. сəйкес құзыреттілік принціпін сақтау қажет. Сертификаттау жүргізу кезіндегі құзыреттілік сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау жөніндегі аттестатталған сарапшы-аудиторлармен жəне қажет болса тартылған техникалық сарапшылармен қамтамасыз етілуі керек.

Жаупкершілік

Сəйкестікті растау жөніндегі орган жауапкершілік принципін сақтауға жəне ҚР СТ ИСО 17021 4.4 талаптарын орындауға тиіс.

Ашықтылық

Сəйкестікті растау жөніндегі орган сапа менеджменті жүйелерінің сенімділігін құру үшін қоғамдықтың сертификаттау ҚР СТ ИСО 17021 4.5 т. сəйкес аудит жəне сертификаттау процестері жөнінідегі тиісті ақпаратқа ерікті қол жетімділігін қамтамасыз етуі керек.

Құпиялылық

ҚР СТ ИСО 17021 4.6 т. ҚР СТ 1646 сəйкес сəйкестікті растау жөніндегі орган тапсырыс беруші жəне аудит нəтижелері туралы белгілі ақпаратты құпиялы сақтауға тиіс.

Шағымдарға əсерлену

Шағымдарға тиімді əсерлену– сəйкестікті растау жөніндегі органды, оның тапсырыс берушілері мен сертификаттаудың басқа пайдаланушыларын қателіктерден, кешіліктерден немесе ойланбаған əрекеттерден қорғаудың мəнді тəсілі. Сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау бойынша даулы мəселелер пайда болған кезде өтінішкер ҚР СТ 3.10 белгіленген тəртіпте шағым беруі мүмкін.

Ұйым өнімінің сапасын сапа туралы ақпараттық материалдар негізінде бағалайды. Сапа менеджменті жүйесін сертификаттау арнайы жоспарланған сынауларды, өнім сапасы көрсеткіштерін талдауды жəне сынауды ескереді. Егер сапа менеджменті жүйесін сертификаттау кезінде өнім сапасында жəне жүргізілген сынаулар сенімділігінде күдік пайда болса, сарапшы-аудиторлар орнында жүргізілген сынауларға жауапты.

Сапа менеджменті жүйесін сертификаттау жұмыстар ақысын төлеу шарт негізінде нəтижелерге тəуелсіз жүзеге асырылады жəне сертификаттаудың барлық кезеңдерін төлеуден тұрады.








Дата добавления: 2016-05-05; просмотров: 3064;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.007 сек.