Сертификатталған сапа менеджменті жүйесінің инспекциялық бақылауы

Инспекциялық бақылауды сəйкестікті растау жөніндегі орган үнемі жəне ҚР СТ ИСО/МЭК17021 9.3.1.2 т. анықталған бағыттарда тапсырыс берушінің менеджмент жүйесінде болатын өзгертулерді есепке алып жүзеге асырады. 5.2 Инспекциялық аудитті барлық қолданылу мерзімі ішінде, бірақ жылында бір реттен сирек емес сертификат берген СМЖ сəйкестігін растау жөніндегі орган жүргізеді. Инспекциялық аудитті жүргізу тəртібі мен ережелері 4.4 - 4.5 тармақтарда көрсетілген сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау жүргізуіне сəйкес.

Инспекциялық аудит кезіндегі тексерудің жалпы көлемі (А қосымшасы) сапа менеджменті жүйесінің процестердің бірден үш бөлігі шамасында, сондай-ақ əр бір аудит кезіндегі тексерілетін міндетті процестердің келесі жиынтықтылығын құрастыру тиіс (жақшаларда ҚР СТ ИСО 9001 бөлімшелердің нөмірлері көрсетілген):

- қолдану саласы (1.2)

- жалпы талаптар (4.1)

- құжаттамаға қойылатын талаптар (4.2)

- басшылық міндеттері (5.1)

- сапа саласындағы саясат (5.3)

- жоспарлау (5.4)

- жауапкершілік, өкілеттік жəне хабарлау (5.5)

- басшылық тарапынан талдау (5.6)

- ресурстарды қамтамасыз ету (6.1)

- мониторинг жəне өлшеу (8.2)

- жақсарту (8.5)

Инспекциялық аудит бағдарламасы кем дегенде:

- ішкі аудиттерді жəне менеджментті тексеруді;

- алдыңғы аудит жүрісінде табылған сəйкесссіздіктерге қатысты қабылданған əрекеттерді тексеруді;

-шағымдар бойынша шешім қабылдауды;

- сертификатталған тапсырыс беруші мақсаттарына жетуге қатысты менеджмент жүйесінің нəтижелілігін;

- тұрақты жақсаруға бағытталған жоспарланған қызметті жүзеге асырудағы ілгерішілікті;

- сақталатын операциялық басқаруды;

- кез келген өзгертулерді тексеруді;

- сертификаттауға белгілерді жəне/немесе сілтемелерді пайдалануды қамтуы керек.

Егер инспекциялық бақылау кезінде мəнді сəйкессіздіктер немесе 10 жəне одан көп аз мəнді сəкессіздіктер табылатын болса, онда сəйкестігін растау жөніндегі орган СМЖ сəйкестік сертификатын жою немесе тоқтату туралы шешімді қабылдауға тиіс (Т немесе У қосымшасының пішіні ҚР СТ 3.15.1).

Егер осы кезде сəйкессіздік себептерін жою бойынша түзетілген əрекеттерді орындау мерзімі бір айдан артық шықпаған болса – сертификат күші тоқталу мүмкін, егер артық шықса – онда СМЖ сертификаты жойылуға тиіс. Сəйкестік сертификатын жою, сертификаттар тізіліміне тиісті жазба енігізілген сəттен бастап қолданылады. Жойылған сертификат сертификатты жою туралы хабарламаны берген күннен үш күннің ішінде оны берген сəйкестігін растау жөніндегі органға қайтаруға жатады.

Егер кəсіпорын инспекциялық аудитті жүргізуге бас тартуға немесе инспекциялық аудитті жүргізуге қарсы болса, белгіленген 5.1 мерзімде СМЖ сəйкестігін растау жөніндегі орган сапа менеджменті жүйесіне сəйкестігінің ерте берілген сертификатын жоюға құқығы бар.

Егер инспекциялық аудите тапсырыс берушінің сапа менеджменті жүйесінің талаптарына сəйкестігі жалғасуы анықталса, сəйкестікті растау жөніндегі орган ҚР СТ 3.15.1 С қосымшасының пішіні бойынша сəйкестік сертификатының қолданылуын растау туралы шешімді ресімдейді.

 








Дата добавления: 2016-05-05; просмотров: 5435;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.