ИКМ-АУБ цифрлық беру жүйесінің соңғы станциясының жалпы құрылымдық сұлбасы

 

Қарастырылған топтық ИКМ сигналдың құрылуы кезеңдері (дискретизация, кванттау және кодалау) және оған сәйкес желілі цифрлық сигнал (желілі кодалау) соңғы станцияның жабдығымен іске асады.

Цифрлық арналар негізіндегі тоналды жиілік арналарын (ТЖА) құруға арналған ИКМ-АУБ цифрлық беру жүйесінің соңғы станциясының жалпы құрылымдық сұлбасы3.4 суретінде көрсетілген. ИКМ-АУБ ЦБЖ негізгі функционалды түйіндері мыналар:

1) жеке АИМ тракт;

2) аналогты-цифрлық жабдық (АЦЖ);

3) уақыттық топ құрушы жабдық (УТЖ);

4) соңғы станциянығ желілі тракт жабдығы (СС-ЖТЖ).

АИМ жеке трактаналогты сигналдың дискретизациясына немесеберудесигналдың амплитудалы-импульсты модуляциясы және қабылдауда АИМ сигналдың демодуляциясы үшін арналған. АИМ жеке тракттың негізгі элементтері:

1) Ұзбер, Ұзқаб – сәйкесінше беру және қабылдау трактысының ұзартқыштары, олар арнаның және сигналдарды өңдеуде беру деңгейінің номиналды шамасын орнату үшін арналған;

2) ТЖКбер – беру трактысының төменгі жиілікті күшейткіші, ол кіріс аналогты сигналдың спектрі шектелгенде және оны дискретизациялағанда (амплитудалы-импульсты модуляция) болатын жоғалтуларын компенсациялау үшін арналған;

 

Сурет 3.4 – ИКМ- АУБ ЦБЖ соңғы станциясының жалпы құрылымдық сұлбасы

 

3) ТЖКқаб – қабылдау трактысының төменгі жиілікті күшейткіші, ол АИМ сигналды демодуляциясы үшін аналған; Д-3,4 – беру трактысының төменгі жиілікті фильтры (ТЖФ), ол Найквист-Котельников теоремасының талаптарын орындау үшін және ТЖА тиімді берілетін жолағын құру үшін – кіріс аналогты сигналдың жиілік жолағын шектейді; Д-3,4 ТЖФ қабылдау трактысында АИМ исгналдың демодуляциясын іске асырады: АИМ сигналдың спектрінен бастапқы сигналдың спектрін бөліп алады; ААИМ – арналық амплитудалы-импульсты модулятор (дискретизатор) генераторлық жабдықтан ГЖ түсетін жүру периоды тең импульстардың периодты кезектілігімен аналогты сигналдың дискретизациясын іске асырады; АС - арналық селектор, көп арналы топтық АИМ сигналдан арналық жеке АИМ сигналды бөліп алуға арналған.

Беру трактысының аналогты-цифрлық жыбдығы -топтық ИКМсигнал құру мақсатымен арналық сигналдарды (жеке АИМ-1 сигналдары) біріктіру құрылғысының АСБҚ шығысында пайда болған сигналдан топтық АИМ-1 сигналының цифрлық өңдеу процессін іске асырады. АСБҚ шығысында АИМ-1 сигналы АЦТ – аналогты цифрлық түрлендіргішке түседі, онда топтық АИМ-1 сигналына келесі операциялар жасалады:

1) АИМ-1 сигналын АИМ-2 түрлендіру;

2) кванттау;

3) - немесе -компандирлеу заңы бойынша кодалау.

АЦТ шығысынан топтық ИКМ сигнал біріншілік цифрлық сигналды немесе ағынды құрушыға БЦСҚ түседі, ол жеке арналардың және сигналдардың кодалық комбинацияларының санауларынан тұрады, ол кодалық комбинация санаулары циклдық және аса циклдық синхрондау түрлеріне, басқару және әрекеттесу сигналдарына БӘС, сервистік сигналдарға және деректерді беру сигналдарына сәйкес келеді.

Циклдық синхрондау берудегі ААИМ және қабылдаудағы АС синхронды жұмысын қамтамасыз етеді. БӘС автоматты телефон станцияларының аспаптарының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

БЦС әр түрлі құраушыларының арасындағы уақыттық қатынас оның уақыттық құрылымымен анықталады.

Уақыттық топ құрушы жабдық(УТЖбер) немесе беру трактысының уақттық мультиплексорлеу біріншілік цифрлық ағындарды біріктіру негізінде екіншілік цифрлық ағынның (ЕЦА) құрылуын іске асырады, ары қарай - екіншілік цифрлық ағынды біріктіру негізінде үшіншілік цифрлық ағынның құрылуы ҮЦА және ары қарай осылай жүре береді.

Соңғы станцияның желілі тракт жабдығы(СС-ЖТЖ) берудің кода түрлендіргішінің (КТбер) көмегімен желілі цифрлық сигналдың құрылуын іске асырады, бұл сигналдың энергетикалық параметрлері байланыс желісінің (электрлік немесе оптикалық кабель, радиорелелі немесе спутниктік беру желісі) беру параметрімен максималды келісілген. ЖТЖ УТЖбер шығысындағы топтық ИКМ сигналдың кодасын желілі цифрлық сигналдың кодасына түрлендіріп қана қоймай, оған қоса берудің станциялық регенератор (СРбер) көмегімен желілі цифрлық сигналдың импульстеріне олардың символ аралық бұрмаланулары минималды болатындай форма береді

Қабылдау трактысыныңсоңғы станцияның желілі тракт жабдығы(СС-ЖТЖ) келесілерді іске асырады:

1) қабылдаудағы станциялық регенератор (СРқаб) көмегімен желілі цифрлық сигналдың толық қалпына келуін – регенерациясын және ол сигналдың импульстерінің формасын тік бұрышты формаға түрлендіреді;

2) қабылдаудағы кода түрлендіргіш (КТқаб) көмегімен желілік цифрлық сигналдың кодасын топтық цифрлық ИКМ сигнал кодасына түрлендіреді.

Қабылдау трактысының уақыттық топ құрушы жабдық(УТЖқаб) немесе қабылдау трактысының уақыттық мультиплексорлау топтық ИКМ сигналды оны құрайтын цфирлық ағындарға бөлуді іске асырады

Беру және қабылдау трактысының сигналдарды цифрлық өңдеу және уақыттық топ құру жабдықтары синхронды жұмыс істеуі тиіс. Ол үшін қабылдауда топтық ИКМ сигналдан тактылы жиілікті бөлу құрылғысының ТЖБҚ көмегімен сәйкес цифрлық ағынның тактылы жиіліімен жүретін, импульстердің периодты кезектілігі бөліп алынады, ары қарай қабылдаудың генераторлық жабдығына ГЖқаб беріледі, яғни генераторлық жабдықтың тактылы синхрондалуын іске асырады.

Қабылдау трактысының аналогты-цифрлық жабдығы УТЖ шығысынан алынған топтық ИКМ сигналды өңдеу процессін іске асырады, бұл одан топтық АИМ-2 сигналын алу мақсатында жасалады. Біріншілік цифрлық сигналдың таратқышы БЦСТ шығысынан топтық ИКМ сигнал цифрлы - аналогты түрлендіргішке ЦАТ түседі, онда ИКМ сигнал декодаланады, яғни топтық АИМ-2 сигналы құрылады. Арналық сигналдарды бөлу құрылғысының АСБҚ және арналық селектор АС көмегімен арналық АИМ сигналдың бөлінуі іске асады.

Арналық АИМ сигналдың демодуляциясы Д-3,4 төменгі жиілікті фильтрмен жасалады. Қабылдаудың номиналды деңгейі төменгі жиілікті күшейткішпен ТЖКқаб қамтамасыз етіледі.

Жабдықтардың синфазды және синхронды жұмысын қамтамасыз ету үшін топтық ИКМ сигналдан біріншілік цифрлық сигнал таратқышының БЦСТ көмегімен синхросигнал бөлінеді, ол сигнал синхросигнал қабылдағышымен ССҚаб сәйкесінше өңделеді және генераторлық жабдықтың ГЖ синхрондалуын қамтамасыз етеді. Автоматты телефон станцияларының қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін БЦСТ көмегімен басқару және әрекеттесу сигналдары БӘС бөлінеді, олар қабылдағышпен БӘСҚаб өңделеді және АТС аспаптарына беріледі.

 








Дата добавления: 2016-09-20; просмотров: 1733;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.008 сек.