Жануарларға, мал азығына, суға ветеринарлық–санитарлық бақылау ұйымдастыру.

Жұқпалы аурулардан алдын ала сақтандыру мен ондай ауру туған күнде індет ошақтарында төтенше шаралар қолдану үшін барлық шаруашылықтардағы қолда бар мал (меншік тегіне қарамастан) ұдайы мемлекеттік, ведомстволық және жекеменшік-кәсіптік ветеринария мамандарының бақылауында болуы тиіс. Бұл бақылау күнделікті клиникалық байқау тәсілдерімен, ал күдікті жағдайда арнайы диагностикалық зерттеулер арқылы жүргізіледі.

Ферманың ветеринарлық-санитарлық ортасының ойдағыдай болуы және мал денсаулығы мен өнімдерінің санитарлық сапасы ондағы санитарлық тәртіпке байланысты. Бұл үшін тиісті ветеринарлық-санитарлық шаралар фермада, оны қоршаған ауқымда жүргізілетіні белгілі. Міндетті түрде жүргізетін шараларға мал тұратын, серуендейтін орындарды тазалау, дезинфекциялау, дезинфекциялаушы бөгеттер қою, айына 2 рет ветеринарлық-санитарлық (тазалық) күн ұйымдастыру және т.б. жатады.

Мал азығына санитарлық баға беру оларды дайындау маусымында, сақтау және қолданар алдында өңдеу, малға беру кезінде берілуге тиіс. Сапасы жарамсыз азықтарды қолдануға тиым салынады және бұл туралы фермерлерге, шаруа қожалығы иелеріне, ірі шаруашылық басшыларына да жедел тұжырым беріледі.

Мал ішер су және су көздері, суаттар да үнемі бақылауда болады. Белгілі мерзім өткен сайын санитарлық сарап жасалып баға беріледі. Қажет болғанда, суды бактериологиялық, химиялық зерттеуден өткізеді.

Санитарлық баға берумен қатар азықтандыру, суарудың гигиеналық ережелерін орындау, сақтауға да үнемі бақылау жүргізіледі.

Мал өнімдерін, шикізаттарын өндіру, сақтау, өңдеуге ветеринарлық–санитарлық бақылау ұйымдастыру

Сүттің санитарлық сапасы талапқа сай болуы фермаларда сүтті сауу, сақтау және тасымалдау, өңдеу кездерінде тиісті ветеринарлық-санитарлық ережелерді орындауға байланысты. Бұл ережелерді орындау – сауыншылырдың, мал иелерінің, сүт және сүт өнімдерін сатушының тікелей міндеті. Ветеринария мамандары бұл жұмысты күнделікті бақылап, кемшіліктер болса, тиісті шаралар қолданып отыруға міндетті.

Шаруашылық дәрігері малдың меншік тегіне қарамастан, барлық сойыс малдарына сояр алдындағы тексеріс жасап, ұшасына, сойыс өнімдеріне ветсансараптама жасайды. Ауырған малды лажсыз союға дәрігердің немесе фельдшердің рұқсаты қажет, ондай мал етін, өнімдерін тағамдық мақсатқа немесе малға азық-жем ретінде қолдануға тиым салынады. Бұл өнімдерді қолдану үшін бактериологиялық зерттеуден өткізіп (сальмонеллез, топалаң т.б.) нәтижесіне орай ветсансарап ережелері бойынша ет жарамды, жарамдылығы шартты немесе жарамсыз деп танылады. Жарамды ет пайдалануға, жарамдылығы шартты ет залалсыздандыруға, жарамсыз ет өтелдеуге немесе жоюға жіберіледі.

Жануарларды сатып алу кезіндегі ветеринариялық-санитарлық қадағалау

Асыл тұқымды және қолданатын жануарларды сатып алу кездеріндегі ветеринариялық-санитарлық қадағалау органдарының басты міндеті сатылып алынатын жануарлардың ветеринариялық саулығын қамтамасыз ету болып табылады. Бұл талап жануарларды пайдаға асыру ісімен айналысатын шаруашылықтарға қойылады. Олар жұқпалы аурулардан сау болулары керек. Сау емес шаруашылықтардан жануарлар сатып алуға болмайды. Бұл жағдайда ветеринариялық қадағалауды ветеринариядағы мемлекеттік басқару органдарының және тиісті әкімшілік аймақтардың, жоғары тұрған ветеринариялық органдардың мемлекеттік ветеринария мамандары жүргізеді. Сатылып-алынатын жануарлар асыл тұқымдық және өндірістік мақсатта жануарларды таңдау, сату және шаруашылық аралық алмасуына қатысты бекітіліп көрсетілген ветеринариялық ережелерге сәйкес ветеринариялық өңдеулерге жүгіндірілуі керек.

Жалпы қолданылатын жануарларды ветеринариялық өңдеулермен қатар қандай да бір аумақтағы эпизоотиялық ахуалды ескере отырып қосымша өңдеу түрлері де енгізілуі мүмкін. Мұндай шешімді ветеринариядағы мемлекеттік басқару органдарының аудандық немесе облыстық органдары қабылдайды.

 








Дата добавления: 2016-06-13; просмотров: 1259;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.