Тақырып 8. Автобус және жеңіл автокөліктің жылжымалы құрамы
Жолаушы тасымалдаушы автокөліктер (автобустар, автомобиль-такси, жеңіл автокөлік) оларды пайдаланудың шартты талаптарына сай болуы керек. Жылжымалы құрамдардың техникалық құрылымы шартты талаптарға сай болса, тасымалды тиімді ұйымдастыруға, жолаушыларға сапалы қызмет көрсетуге жол ашылады. Сонымен қатар техникалық пайдалану мен экономикалық тиімділік көрсеткіштерінің жалпы жолаушы автокөлігі жұмысының жоғарғы деңгейде болуына мүмкіндік туғызады.
Жолаушыларға қызмет көрсету деңгейіне сәйкес жылжымалы құрамдарға қойылатын негізгі шартты талаптар: кіріп-шығуға, отыруға ыңғайлы болу, жоғары жылдамдық, қол жүгінің сиымдылығы, жылу және желдеткіш жүйесінің болуы, шу мен жағымсыз жайттардың болмауы, ішінің кең әрі орындарының жеткілікті болуы, сонымен қатар сыртқы көрінісі, ақпараттық жапсырмалар тағы басқа.
Автобус деп отыратын орын саны тоғыздан көп жолаушы автокөлігін айтады. Автобустар тағайындалуы, көлемі және сыйымдылығы, сыртқы қорабы, қабатына (этажность), құрылымдық ерекшеліктері және басқа да белгілері бойынша өзара топтастырылады.
Тағайындалуы бойынша автобустар жалпы қолданыстағы, мекемелік (қызметтік), және саяхаттық-туристік деп бөлінеді. Сыйымдылығы бойынша автобустар отыратын орын санына сәйкес ұзындықтарымен жіктеледі.
Кесте 8.1. Автобустардың сыйымдылығы бойынша жіктелуі.
№ | Автобус сыйымдылығы | Отыратын орын саны | Автобустардың ұзындығы, м. |
Өте шағын | 10-15 | 4,5-6 | |
Шағын | 16-25 | 7,0-7,5 | |
Орташа | 26-35 | 8,0-9,5 | |
Үлкен | 36-45 | 10-11 | |
Өте үлкен | 45 тен көп | 12-17 |
Сыртқы қорабы бойынша автобустар вагон типті және жеке кабиналы, ал қабаты бойынша бір-екі қабатты деп бөлінеді. Сонымен қатар климаттық белдеулерге сәйкес автобустардың құрылымдық өзгешеліктері де болады.
Жолаушы тасымалдаушы автобустардың негізгі пайдалану көрсеткіштері:
- сыйымдылығы;
- жолаушыларды түсіріп-мінгізу үшін аялдамаларда бос тұру уақытын анықтайтын конструктивті және жобалық параметрлері: есіктердің саны және ені, кіріп-шығу жолындағы бос алаңның өлшемі, орындықтардың аралық ені, еденнің биіктігі т.б.
- жылдамдық: орнынан қозғалу және тежелу екпіні, жоғарғы шекті жылдамдық;
- қауіпсіздік: беріктік, жеңіл және жүргізуге ыңғайлы болу, жүргізушінің айналасын көріп-бақылап отыру мүмкіндігі, сыртқы жарықтандыру;
- ыңғайлылық: орындықтарының жайлы ішінің жарық болуы, жылу және желдеткіш, жарықтандыру жүйелері, қосымша жайлы жайдайлар (тоңазытқыш, теледидар т.б.).
Қоғамдық жолаушы автобустарымен қатар такси автокөлігі де жиі пайдаланылады. Қарқынды қозғалыс уақыттарында, түнгі уақыттарда автобус бағыттары аз немесе мүлде жоқ жол аралықтарында такси қызметі кеңінен қолданылады. Такси автокөлігімен тасымалдаудың артықшылықтары: баратын жерге ең қысқа жолмен тез жеткізу, қосымша жүк тасымалдау мүмкіншілігі, кез-келген уақытта қажетті жол бағытына ауыса алу, қол жетімділік, ыңғайлылық.
Таксопарктерге қарайтын такси автокөлігі міндетті түрде техникалық талаптарға сай болуы және шартты «такси» белгісі мен байланыс құралдары бар болуы керек.
Такси қызметі тасымалдау артықшылықтарына және жолаушы саны мен жол шығынының сәйкессіздігіне қарай қымбат тасымал түрі болғанмен өте қажет.
Дата добавления: 2016-06-24; просмотров: 3977;