К.Д. Ушинский балаларға ана тілін оқытудың негізін қалаушы.
19 ғ. Екінші жартысында прогрессивтік бағыттағы педагогиканың бірі К.Д.Ушинский мектеп жасына дейінгі балалар тілін дамыту мәселесіне көп көңіл бөлінді. Оның философиялық көзқарасы материалистік бағытта болды. Ол ана тілінің балаларда қалыптастыруды ерекше атап көрсетті.
Балаларға ана тілін меңгерту керек деп пікір айтты. Ол сондай-ақ оқыту мен тәрбиелеуді халық ауыз әдебиетінің басты роль атқаратындығын, балалардың жас ерекшелігіне қарай ертегі, жұмбақ, оларға патриоттық және адамгершілік тәрбиесін берудің қайнар көзі болып табылады. Ушинскийдің баланы өз ана тілінде оқытудың қажеттігі туралы пікірді меңзейді. Ол тілдібалалардың меңгеру мақсатқа негізделген басшылықтың болуы үлкендердің көмегімен екендігін айтты. Бұл мектепке дейін басталуы керек. Ушинский өзінің пікірлерін баланы тәрбиелеудегі көркем сөздің рольін мынадай оқулықтарда “Балалар әлемі және хрестоматия” 1861 ж “Ана тілі” 1864 ж деген оқулықтарында көрсетті.
Ушинский ана тіліне оқытудың алғашқы бастамасында 3 мақсатты көздеді:
1. Сөз қабілетін дамыту, яғни өз ойын анық жеткізу.
2. Баланың өз ойын ең бір оңай түрде жеткізуіне үйрету. Көркем шығармаларды таңдап алу керек.
3. Грамматиканы тәжірибе жүзінде игеру.
Осы 3 мақсат бір мезгілде қолдануы тиіс. Ушинскийдің пікірлері мектеп жасына дейінгі тәрбие беруде тәжірибе жүзінде қолданылады. Ушинскийдің ізбасарлары А.С.Симанович, Е.Н.Водовозова.
А.С.Симанович сабақтарды ойын түрлері арқылы өткізу керектігін айтты. Е.Н.Водовозова 1871 ж өзінің педагогикалық тәжірибесінің нәтижесінде білдіріп кеткен болатын. Балаларды тәрбиелеуде тәрбиешінің басты құралы халықауыз әдебиеті деп ұғады.
Е.И.Тихееваның педагогикалық теориясының ішіндегі Россия – италияда балалар бақшасында тәжірибе жинақтады. 1913 ж балабақша меңгерушісі болды. Тихеева тіл дамыту әдістемесіне көп көңіл бөлді. Ол балабақшада сабақ жүргізу үшін сабақ жоспары, бағдарламасы болу керек деді. Ана тілін оқытудың методикасын жасады. Ол мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке оқуға дайындау балабақшада басталады. Ол дене және ақыл – ой тәрбиесін берудің негізгі құрал ретінде ойынның тәрбиелік мәнін аса жоғары бағалады.
Тихеева тәрбиешінің терең де жалпы білімі, оның үстіне арнаулы педагогикалық даярлығы болу керек деп талап қойды.
Ушинскийдің көзқарастары:
1. Ана тілінде баланың тілін дамытуда белсенді басшылық жасау.
2. Шет тіліне оқыту ана тілін меңгергеннен кейін игерту.
3. Балалардың ауызша сөйлеуге дамуы. Ауызша сөйлеуді дамыту жазбаша сөйлеуді дамытудың негізі.
4. Көрнекілік әдістерді қолдану.
5. Ана тілін оқытуда ақыл – ой мен сөйлеу дамуының байланыстылығы.
6. Балаларды тәрбиелеуде, ана тілін дамытуда халықтық өнер мен ұлттық әдебиеттің ролі.
7. Оқуға арналған әдебиеттерді іріктеу.
8. Мектепке дейінгі баланың тілін дамыту.
Крупская Н.К. сөзді ақыл – ой тәрбиесінің негізі деді. Сөздік оның байлығы және сөздің ең маңызды бөлігі деп есептеді. Балалардың сөздік қоры олардың айналадағы заттар мен құбылыстардың көрінісі. Тіл дамытуға көп көңіл бөлді.
Дата добавления: 2016-10-17; просмотров: 11486;