Лекция. «Қол еңбегі» сабағының кезеңдері

Сабақ кезеңдерінің мазмұны. Сабақтарды жоспарлау – күнтізбелік және сабақ жоспарының талаптары. Сабақ компоненттері.

Ол еңбегі сабақтың жаңа материалды түсіндіру кезеңі

Адамды адам еткен – еңбек. Еңбектің нәтижесі болуы әр адамның еңбекке саналы қатынасына байланысты. Олар болса, бүгінгі таңда қоғам қажеттілігі – жас ұрпақтың бойында еңбекке ынталылықты, құштарлықты тәрбиелеу, болашақ еңбек жолын дұрыс таңдауға бағыт – бағдар беру. Еңбек сабағының басты мақсаты – жас ұрпақтың дене және ақыл – ой еңбегіне деген дұрыс қатынасын, өмірде еңбекті қажетсінуін тәрбиелеу.

Қол еңбегі сабағының міндеттері: 1. Оқушыларға шығармашылық еңбек деген ұғымды түсіндіру, нәтижесін таныту, оны пайдалануды, бағалауды үйрету. 2. Оқушы еңбегінің нәтижесіне, аз да болса жеткен табысына қанағаттану, қуану сезімін дамыту. 3. Саналы да сапалы еңбек етуге әдеттендіру, 4. Еңбек ету іскерлігін, дағдысын дамыту. 5. Еңбек мәдениетін сақтауға, еңбек уақытын, еңбек материалын үнемдеуге, ұқыптылықпен жұмсауға үйрету.

Кез – келген сабақ сияқты еңбек сабағында білімділік және тәрбиелік жағы бар. Еңбек сабағында қолданбалы қолөнерге арналған сабақтар оқытуды ұйымдастырудың тиімді формасы болып саналады. Себебі, мұндай сабақтарда әдемілікті сезіну, ұқыптылықты сезініп, алған білімдерін практика жүзінде қолдануға үйретеді.

Ұқыптылыққа тәрбиелеу: – материалдарды және уақытты саналы ұқыпты пайдалану; – бастаған істі тастамау, тиянақты аяқтау; құралдарының түгел болуы.

Эстетикалық тәрбие: – жасалған заттардың әдемі талапқа сай болуы; – өз ойынан безендіру, талғаммен жасап шығу.

« Қол еңбегі сабақтардың кезеңдері»

Сабак такырыбы:

Сабак, барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

2. Сабаққа кіріспе

3. Дайындыққа әзірлік

4. Жумысты жоспарлау.

5. Практикалық жұмыс

6. Жасалған жұмыс жөнінде есеп беру

7. Жумыс сапасын бакылау.

8. Сабақтан корытынды шыгару.

Сабақтың жоспары

Сабақтың тақырыбы: үлгіге қарап симметриялық фигураларды даярлау.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2.Сабаққа кіріспе. Балаларға жаңа жылдың келе жатқанын айтып, шыршаға ойыншық жасау керек екендігін ескертеді.

3. Дайындыққа әзірлік.гирляндіге қажетті материал, форманы, қанша бөліктер керек, соларды атау, барлық бөліктер, бір-біріне жалғанған.

4. Жұмысты жоспарлау.ұжымдық әңгіме түрінде жоспар жасау.

5. Практикалық жұмыс. Жұмыс барысы кезінде жекеленген оқушыларға көмек беруі тиіс.

6. Жасалған жұмыс жөнінде есеп беру. Оқушы фигураларды қалай қиып, шаблонды пайдаланғаны, ойыншықты қалай жасағандығы туралы есеп береді.

7. Жұмыс сапасын бақылау. Симметриялық фигуралардың дәлдігін, түзу кесілгенін, дұрысын табады, өз ойыншықтарының артықшылығы мен кемшілігін тауып өздері айтады.

8. Сабақтан қорытынды шығару.

 








Дата добавления: 2016-12-16; просмотров: 3506;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.