ЫСҚАША ДӘРІСТЕР КОНСПЕКТІСІ

Дәріс.

Тақырыбы:Байланысқан кестелерді қосымшаларда қолдану

Дәріс мақсаты:Байланысқан кестелермен жұмыс жасауды қарастыру.

Кілттік сөздер:байланыс, байланысқан кесте, негізгі кесте, бағынышты кесте, алғашқы кілт, сыртқы кілт.

 

Мәліметтер қорының бөлек кестелерінің арасында байланыс болуы мүмкін, ол кестелердің байланыс өрістері арқылы ұймдастырылады. Байланыс өрісі міндетті түрде индекстелген болуы қажет. Кестелер арасындағы байланыста бір кесте - негізгі кесте, ал екінші кесте – бағынышты кесте болып табылады. Кестелер арасындағы байланысты ұйымдастыруда бағынышты кестеде келесі қасиеттер пайдалынады:

▪ MasterSource – негізгі кестенің мәліметтер көзі;

▪ IndexName – бағынышты кестенің ағымдағы индексі;

▪ IndexFieldNames – бағынышты кестенің ағымдағы индексінің өрісі немесе байланыс өрісі

▪ MasterFields – негізгі кесте индексінің өрісі немесе байланыс өрісі

Байланысқан кестелермен жұмысты қойма есебін автоматтандыруға арналған қосымша мысалын қарастырайық. Қойма есебін ұйымдастыруда екі

кесте пайдалынады: тауарлар тұратын Tovar кестесі және әр бір тауардың кірісі мен шығысынан тұратын, яғни тауарлар карточкаларынан тұратын Cards кестесі.

 

Tovar кестесінің құрылымы

 

Өріс аты Типі Өлшемі Кілттік өріс Сипаттамасы
T_code +   * Тауардың уникальды коды. Бағынышты кестемен байланыс жасауға қолданылады.
T_name А   Тауардың аты. Міндетті түрде толтырылады.
T_unit А   Өлшем бірлігі. Міндетті түрде толтырылады.
T_price $       Тауардың құны. Міндетті түрде толтырылады.
T_col N       Қоймадағы тауарлар саны.
T_note А   Примечание

 


Cards кестесінің құрылымы

 

Өріс аты Типі Өлшемі Кілттік өріс Сипаттамасы
C_number +   * Тауарлар қозғалысы жазбасы- ның уникальды коды.
C_code I     Негізгі кестемен байланыс үшін қолданылатын тауар қозғалысы жазбасының коды.
C_move N     Кіріс және шығыс саны.
C_date D     Кіріс және шығыс датасы.

 

Кестелер арасында «негізгі-бағынышты» байланысы орнатылады. Tovar кестесі негізгі, ал Cards кестесі бағынышты кесте. Байланысты ұйымдастыру үшін негізгі кестеде байланыс өрісі ретінде S_Code автоинкременттік өрісі алынады. Бағынышты кестеде байланыс өрісі индекстік өріс құрылған C_Code бүтін типті өрісі болып табылады.

 

 

Байланыс орналастыру үшін Table2 кестесінің MasterSource қасиетінде DataSource1 мәнін қою керек. Сосын Объект инспекторы MasterFields жолында үш нүктелі түймеге басып, байланыс редактор терезесін (Field Link Designer) шығару. Available Indexes (Индекстерді енгізу) тізімінде бағынышты кестенің C_Code индексін таңдау, сонда Detail Fields (Детальдық өріс) тізімінде байланыс өріс (C_Code) аты пайда болады. Бұл тізімнен бағынышты кесте өрісін, ал MasterFields (Негізгі өріс) тізімінде – негізгі кесте өрісін таңдау қажет (сурет). Енді Add түймесін басу, сонда таңдалған өрістер өз ара байланысады, Joined Fields (Байланысқан өрістер) тізімінде C_Code → S_Code түрінде бейнеленеді.

 

27-сурет. Кестені қосымшадан байланыстыру

Бақылау сұрақтары:

1. Кестені байланыстырудың қажеттілігі?

2. Негізгі кесте деп қандай кестені айтамыз?

3. Бағынышты кесте деп қандай кестені айтамыз?

4. Алғашқы кілт, сыртқы кілттер не үшін анықталады?

Әдебиеттер:

[4], [6], [9], [10].


Дәріс.

Тақырыбы:Реляциялық қатынас жасау әдісі. SQL сұранымдар тілі.

Дәріс мақсаты:SQL тілі туралы түсінік беру және негізгі операторлармен

таныстыру.

Кілттік сөздер:SQL, сұраныс, агрегаттық функциялара, CREATE TABLE,

DROP TABLE, ALTER TABLE, INSERT, UPDATE, DELETE, SELECT.

Жоспары:

14.1. SQL тілі туралы түсінік. SQL функциялары.

14.2. Кестелермен орындалатын амалдар.

14.3. Кестеден мәліметті таңдау. Select операторының негізгі сипаттамалары.

14.4. Жазбаларды модификациялау








Дата добавления: 2017-01-29; просмотров: 2451;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.009 сек.