ЕРІТІНДІЛЕР ТУРАЛЫ ІЛІМ

Ерітінді дегеніміз ең кемі екі компоненттен тұратын біртекті жүйе (система) ерітінділердің ең маңыздылығы сұйық ерітінділер.

Ерітінді. Еріген зат пен еріткіштен тұрады.

 

mерітінді = mеріген зат + mеріткіш

 

Ішінде еріген зат молекула не ион түрінде бірдей болып араласатын ортаны еріткіш дейміз. Ең маңызды еріткіш ретінде суды алады, еріткіштің ішінде еріген заттың мөлшері көп болса қою ерітінді, еріген зат аз болса сұйық ерітінді деп аталады.

Сонымен ерітіндідегі еріген заттың мөлшері әр түрлі болғандықтан ерітіндінің концентрациясын өрнектей білу керек. Ең алдымен ерітіндінің концентрациясы дегеніміз не деген сұраққа жауап берейік?

Ерітінді концентрациясы дегеніміз – ерітіндінің белгілі салмақ мөлшеріне немесе белгілі бір көлеміне еріген заттың сандық мөлшері.

Ерітіндінің концентрациясын бірнеше әдіспен көрсетуге болады:

1. еріген заттың масса бөлшегімен ( );

2. нормальдік концентрациясымен (СN);

3. молярлық концентрациясымен (См);

 

Проценттік концентрация. Массалық проценттік концентрация дегеніміз 100 грамм ерітіндідегі еріген заттың граммен алынған массасы (mзат).

 

Көлемдік проценттік концентрация дегеніміз - 100 см3 ерітіндідегі еріген заттың 1 куб сантиметіріндегі көлемі (VA).

 

 

Масса – көлемдік проценттік концентрация дегеніміз - 100 см3 ерітіндідегі заттың граммен алынған массасы.

 

 

Молярлы концентрация (СМ) дегеніміз - 1 дм3 (литр) ерітіндідегі еріген заттың моль саны ( ).

,

мұндағы: , осыдан .

 

Эквивалентті немесе нормальді концентрация дегеніміз - 1 дм3 (литр) ерітіндідегі еріген заттың эквивалент саны ( )

 

 

мұндағы: , осыдан .

Титр дегеніміз - 1 см3 (миллилитр) ерітіндідегі еріген заттың грамм массасы (Т).

 

Эквиваленттік молярлық массасын табу үшін эквиваленттік фактор деген ұғыммен танысу керек.

Егер реакция нәтижесінде рА + qB cD + dC

Мұнда, р > q болса, онда А затының бір бөлігіне В затының бөлігі эквивалентті болады. Схема түрінде осы айтылғанды былай көрсетуге болады:

А + ( )В = сD + dC

 

- эквиваленттік фактор;

Эквиваленттік фактордың өлшем бірлігі жоқ. Бұл санды химиялық реакцияға түскен заттардың стехиометриялық коэффициенттері арқылы табады. Нейтралдау реакциясы үшін заттың эквиваленттік факторы деп негіздердің қандай бөлігі бір ион сутегіне эквивалентті екенін көрсететін санды айтады.

 

HCl + KOH KCl + H2O

CH3COOH + NaOH = CH3COONa + H2O

; ;

H2SO4 + 2NaOH = Na2SO4 + 2H2O

 

Реакцияға түсетін заттардың мөлшері осы жағдайдаға эквивалентті болады.

 

 

Тотығу-тотықсыздану реакцияларында тотықтырғашпен тотықсыздан-дырғыштың эквиваленттік факторын табу үшін реакцияға қатысатын заттардың қандай бөлігі бір электронға эквивалентті екенін білу керек. Мысалы:

 

10FeSO4 + 2KMnO4 + 8H2SO4 = 5Fe2(SO4)3 + 2MnSO4 + K2SO4 + 8H2O

Fe2+ - ® Fe3+

MnO4- + 8H+ + 5 ® Mn2+ + 4H2O

 

Мысалы:

 

 

Тұздардың эквиваленттік молекулалық салмағын валенттілік байланыстарының санына бөліп есептейді.

 








Дата добавления: 2016-12-16; просмотров: 6213;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.01 сек.