Белоктардың ерітінділері - полиэлектролиттер және полиамфолиттер

 

ЖМҚ-дың ерітінділері де электролиттер және электролит еместер болып бөлінеді. Электролит еместерге каучуктың ерітінділері, нитроцеллюлоза, ацетилцеллюлоза, т.б. жатады. ЖМ электролиттерге немесе полиэлектролиттерге құрамында карбоксил, сульфа немесе амин топтары болатын қосылыстар жатады. Құрамында карбоксил және амин топтары болатындықтан, акуыздарды полиамфолиттер деп атайды. Ақуыздар полиамфолиттер ретінде әрі қышкылдық, әрі негіздік қасиеттер көрсетіп, амфотерлік қосылыстар тобына жатады. Ақуыздар сілтілермен әрекеттесіп, кышқылдық қасиет көрсетеді.

 

 

Қышқылдармен әрекеттескенде негіздік қасиет көрсетеді.

 

 

Ақуыз молекуласының заряды ионогенді топтардың диссоциациялану қабілетіне байланысты болады. Иондалған негіздік және қышқылдық топтардың мөлшері бірдей болатын ақуыз молекуласының күйі изоэлектрлік күй деп аталады.

Осындай күйге сәйкес келетін рН шамасы изоэлектрлік нүкте деп аталады.

 

 

Биполюсті ион немесе Цвиттер-ион немесе амфиион.

 

Мысалы, казеин 4,6

желатин 4,7

гемоглобин 6,8

 

Ақуыз молекуласының заряды ортаның рН-на тәуелді болып келеді: 1)қышқылдық ортада ақуыз молекуласы оң зарядталады, ал сілтілік ортада теріс зарядталады.

 

 

 

 

Макромолекуланың пішіні мен конфигурациясына да ортаның рН-ы әсер етеді. Изоэлектрлік күйде олардың пішіні орама түрінде болса, қышқылдық немесе сілтілік ортада таралған күйге айналады. Себебі оң немесе теріс зарядтардың ықпалында болады.

 








Дата добавления: 2016-12-16; просмотров: 2870;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.