Корпорация қызметін қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету мен дамытудағы табыстардың ролі

Кәсіпорындар белгілі бір өндіріс өнімін шығару үшін, не болмаса жұмыс атқару үшін, әр түрлі қызметтерді көрсету арқылы қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру және пайда табу мақсатында құрылады.

Кәсіпорынның қаржы ресурстары нақты шаруашылық жүргізуші субъектінің қарамағындағы бар ақша ресурстарын құрайды да, оның табыстарының қалыптасу, бөлу және пайдалану үдерісін бейнелейді.

Кәсіпорын шаруашылық қызметті жүзеге асыра алу үшін сәйкесінше қаржылық қамтамасыз етілуі қажет. Кәсіпорынның қаржы ресурстарының басты көздерінің бірі бастапқы капитал болып табылады, ол құрылтайшылар салымдарынан құралады (және жарғылық қор түріне енеді).

Жарғылық қордың қалыптастыру әдістері кәсіпорынның ұйымдастыру-құқықтың нысанына байланысты болады. Өндіріске инвестицияланған бастапқы капитал өткізілген өнімнің құнынан көрініс табатын құнды қалыптастырады. Өнімді өткізгеннен кейін ол ақшалай нысаны - сатудан түскен ақша нысанын қабылдайды.

Алайда сатудан түскен ақша - бұл әлі табыс емес, десек те ол өкім өндіріске кеткен қаржының орнын толтыру және кәсіпорынның қаржы резервтері пен ақша қорларын қалыптастыру көзі боп табылады. Пайдалану барысында сатудан түскен ақша сапа жағынан түрлі құрамдас бөліктерге бөлінеді.

Сатудан түскен ақшаны пайдалану бағыттарының бірі - амортизациялық қорды қалыптастыру. Ол негізгі өндірістік қорлар мен материалдық емес активтердің ақшалай нысанға ие болғаннан кейін амортизациялық аударымдар түрінде қалыптасады. Амортизациялық қорды қалыптастырудың міндетті шарты өндірілген тауарларды тұтынушыға сату және сол сатудан ақшаның түсуі. Тауарды жасай отырып, кәсіпорын шикізатты, материалдарды, сатып алынатын жартылай бұйымдары мен жартылай фабрикаттарды шығындайды. Оның құны өзге де материалдық шығындар, негізгі өндірістік қорлардың тозуы, қызметкерлердің айлық жалақысымен қатар өзіндік құн нысанын қабылдайтын кәсіпорынның өнім өндіру шығындарын құрайды. Сатудан түскен ақша түскенге дейін бұл шығындар шығындалмай, өндіріске авансталатын кәсіпорынның айналым қаражаты есебінен қаржыландырылады. Тауардың сатылуынан ақша түскеннен кейін айналым қаржысы қалпына келеді, кәсіпорынның өнім өндіруге кеткен шығындарының орны толықтырылады .

Шығындарды өзіндік құны түрінде ерекшеліндіру өндірістік шығындар мен өнімді сатудан түскен ақшаны салыстыруға мүмкіндік береді. Қаржыны өнім өндірісіне инвестициялаудың мәнісі таза табысқа қол жеткізуде және егер сатудан түскен ақша өзіндік құннан асса, онда кәсіпорын оны табыс түрінде алады.

Пайда тәрізді амортизациялық аударымдар өндіріске салынған қаржының шеңберлік айналымының нәтижесі бар боп табылады, олар сонымен қатар кәсіпорнның өз қаржы ресурстары болып табылады, оны ол өз бетінше игереді.

Кәсіпорынның қол жеткізген пайдасы оның билігінде толығымен қала бермейді: оның бір бөлігі салық түрінде бюджетке түседі. Кәсіпорын билігінде қалатын пайда оның қажеттіліктерін қаржыландырудың басты көзі болып табылады, оларды жинақтау мен тұтыну деп анықтауға болады. Дәл осы пайданы жинақтау мен тұтынуға қайта бөлу қатынастары кәсіпорынның даму перспективаларын анықтайды. Жинақталуға бағытталған қаржы (амортизациялық аударымдар мен табыстың бір бөлігі) кәсіпорынның өндірістік және ғылыми-техникалық дамуына пайдаланылатын ақшалай ресурстарды құрайды. Осы негізде қаржылық активтердің қалыптасуы - бағалы қағаздарды, өзге кәсіпорындарға қатысу үдерісін сатып алу және т.б. жүзеге асырылады. Табыстың өзге бөлігі кәсіпорынның әлеуметтік дамуына, сонан соң тұтынылуға да бағытталады. Өз қаржысынан өзге кәсіпорын қарыздық қаржы ресурстарын, банктің ұзақ мерзімді несиелерін, өзге кәсіпорындардың қаржысын тартады. Қарыздық қаржыны қайтарудың көзіне сонымен қатар кәсіпорынның табысы да жатады.

Ақшалай қаржыны пайдалану бағыттары кәсіпорынның ақшалай қаржысын инвестициялаудың бағыттары кәсіпорынның өнімді өндіру (жұмыс пен қызметі) бойынша негізгі қызмет түрлерімен қатар, таза қаржылық салымдарымен де байланысты болуы мүмкін. Қосымша табысқа қол жеткізу үшін кәсіпорын өзге кәсіпорындар мен мемлекеттің құнды қағаздарын сатып алуға, қайтадан құрылып жатқан кәсіпорындар мен банктердің жарғылық қорына қаржы салуға құқылы. Кәсіпорынның уақытша бос қаржысы банктің депозит шоттарына салынуы мүмкін.

Өзіне тиесілі ақшалай қаржыны пайдалана отырып, кәсіпорындар қоғам мен мемлекет алдындағы міндеттемелерден толығымен босатыла алмайды. Ұйымдастыру- құқық нысандары мен меншік нысандарына қарамастан барлық кәсіпорындар әлеуметтік бюджеттен тыс қорлар мен түрлі деңгейдегі бюджет табыстарының қалыптасуына қатысады.

Кәсіпорынның табыстары мемлекеттік қаржы ресурстарының орталықтандырылған қорларын, салалық қорларды және кәсіпорындардың ақша қорларын қалыптастырудың көзі болып табылады. Оның едәуір бөлігі бюджетке алынады. Салалық ауқымда кәсіпорындардың қаражаттары есебінен инвеститциялық және басқада арнайы қорлар құрылады. Кәсіпорындарда алынған табыс есебінен белгілі бір мақсаттарға арналған қаржы қорлары құрылып, пайдаланады, олар кешенді түрде өндірістік және өндірістік емес қажеттіліктерді қамтамасыз етеді. Қорлардағы ақша үнемі қозғалыста болады: түседі, жиналады, жұмсалады.

Кәсіпорынның қаржылық ресурстары, бұл қатаң мақсатта жинақталған жиынтық ақша қаражаттары. Қаржылық ресурстарды қалыптастыру көздері бұл кәсіпорынға түскен барлық түсімдер мен табыстар, олар кәсіпорынның барлық шығыстары мен ұсталымдарын, яғни өндірістік және әлеуметтік дамуына бағытталған қаржыларды есептеп болғаннан кейінгі қаражат болып табылады.

Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады.

Нарық жағдайында табыстың ролі айтарлықтай артты. Өзіміз білетіндей жоспарлы-әміршілдік экономика жағдайында оның ролі төмендетілген болатын. Табыс (пайда) табу кез келген кәсіпорынның мақсатты функиясы (қызметі) ретінде төмендетілді. Нарықтық экономикаға көшумен табыс (пайда) оның, яғни кәсіпорынның қозғаушы күшіне айналды. Тек табыс қана өзара байланысқан үш мәселенің шешімін анықтайды: нені, қалайжәне кім үшін өндіру керек.Табыс табу кез келген кәсіпорынның қызмет етуінің мақсаты болып қалыптасты, ал нарықтық экономика кәсіпорынның негізгі өндірістік және әлеуметтік дамуының көзі болып табылады. Бұл қағида өнімді өндірудегі шығындардың толық ақталуын және кәсіпорынның өндірістік-техникалық базасының кеңеюіне негізделеді. Бұл әр кәсіпорын өзінің ағымдағы және күрделі шығындарын өзінің меншікті қаржы көздерінен жабатындығын білдіреді. Уақытша қаржы тапшылығы кезінде, оларға деген қажеттілік, егер бұл ағымдағы шығындар болса, олар банктің қысқа мерзімді несиелері және коммерциялық несиелерімен, сонымен қатар капитал салымдары банктің ұзақ мерзімдік несиелерімен жабылуы мүмкін.

Пайда белгілі бір насындары орындайды:

Біріншіден, кәсіпорын қызметінің нәтижесіне жетуде экономикалық тиімділікті сипаттайды.

Екіншіден, пайда ынталандыру нысанына ие болады. Оның мазмұны, ол бір жолғы қаржы нәтижесі және кәсіпорынның қаржы ресурстарының негізгі элементтері болып табылады.

Үшіншіден, пайда бюджеттің түрлі деңгейін қалыптастырудың бірден-бір көзі. Ол бюджетке салық түрінде түседі және басқа да табыс түсімдерімен қатар қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру үшін қаржыландыруға пайдаланады.

Кәсіпорынның пайдасы екі көрсеткішке байланысты: өнім бағасы және оны өндіруге кететін шығындар. Нарықтағы өнім бағасы- сұраныс пен ұсыныстың өзара іс-қимылының нәтижесі. Еркін бәсеке жағдайында нарықтық баға құрылымы заңының әсерінен өнім бағасы не жоғары, не төмен болуы өндірушінің немесе сатып алушының қалауынша болуы мүмкін емес, ол автоматты түрде теңеседі.

Пайда өндірісті ұлғайтудың көзі болып табылады. Пайда ресурстарды пайдалану деңгейін және оларды үлестірудің оңтайлығын сипаттайды және инновациялық технологияларды инвестициялауды ынталандыру.

Пайданы үлестірудің принциптері:

- кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық және қаржы қызметі нәтижесінен алынған пайданы шаруашылық субъектісі ретінде мемлекет пен кәсіпорынның арасында бөлінеді;

- мемлекет алған пайданың бөлігі салық және алым ретінде бюджетке түседі, мөлшерлеменің өзгеруі мүмкін емес. Салықтың құрамы және алымы, оларды есептеудің және бюджет жанама тәртібі заңды түрде белгіленеді;

- салықтан кейінгі кәсіпорынның қарауында қалатын пайда мөлшері өнім көлемінің артуы және өндірістік-шаруашылық және қаржы қызметінің жақсаруына оның мүдделігі кемімеуі керек;

- кәсіпорынның қарауында қалатын пайда әуелі кәсіпорынның одан әрі дамуын қамтамасыз ететін қорланымға бағытталады, ал қалған бөлігі тек тұтынуға кетеді.

Кәсіпорынның қарауында қалатын барлық пайда екі бөлікке бөлінеді. Біріншісі - кәсіпорынның мүлкін көбейтеді және тұтыну процесіне қатысады. Екіншісі - тұтынуға пайдаланатын пайда үлесін сипаттайды. Сонымен, тұтынуға бағытталған барлық пайданы толық пайдаланудың қажеті жоқ. Мүлікті көбейтуге байланысты пайдаланбай қалған пайда қалдығының үлкен маңызы бар және алдағы жылдардағы мүмкін болатын залалдарды, түрлі шығындарды қаржыландырудың орнын толтыруға бағытталады.

Бөлінбеген пайда кең мағынада пайда ретінде тұтынуға пайдаланған және өткен жылдардағы пайдаланбаған пайда кәсіпорынның қаржы орнықтылығын, кейінгі дамуы үшін қаржы көздерінің бар болуын дәлелдейді.








Дата добавления: 2016-05-11; просмотров: 3045;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.008 сек.