Корпоративтік қаржы түсінігі, қағидалары және атқаратын қызметтері

Корпорация қаржысы дегеніміз - меншіктің барлық нысандарындағы кәсіпорындардың өндірістік - шаруашылық қызметі барысында ақшалай қаражаттың құрылуымен, бөлінуімен, пайдаланумен байланысты туындайтын экономикалық қатынастардың жиынтығы.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржыларын ұйымдастыруға негізінен екі фактор: шаруашылықты жүргізудің ұйымдық - құқықтық нысаны мен саланың техникалық -экономикалық ерекшеліктері әсер етеді.

Шаруашылықты жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысаны Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексімен анықталған, ол кәсіпорындардың құқықтық тәртібіне айтарлықтай өзгерістер енгізді. Жалпы меншіктің әртүрлі нысандары кәсіпорынның қаржысы ортақ қағидаларға негізделген. Алайда бұл кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық мәртебесіндегі айырмашылықтар кәсіпорындарды басқару механизімінің кейбір ерекшеліктерін, мүліктік жауапкершілік сипатын және осымен байланысты болатын қаржы көздерін қалыптастырып, бөлудің нысандарын анықтайды. Бұл ең алдымен капиталды қалыптастыру көздеріне, табысты бөлуге және бюджетпен өзара қатынастарды ұйымдастыруға қатысты болып отыр. Шаруашылықты жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысаны жарғылық капиталды жасау үдерісіндегі қаржы қатынастарының мазмұнын анықтайды.

Экономиканы реформалау, нарықтық қатынастардың дамуы мемлекеттік, жекеше немесе ұжымдық меншікке негізделген түрлі ұйымдық-құқықтық нысандардың кәсіпорындары мен ұйымдарының қалыптасуын қажет етеді. Соңғы екеуі меншіктің мемлекеттік емес нысанын құрайды. ҚР-ның Азаматтық Кодексіне кәсіпорындар мен қаржы қызметінің сипаты коммерциялық және коммерциялық емес қызмет болып межеленіп бекітіліп берілген, онда заңды тұлға ұғымы анықталады. Осыған сәйкес кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржыларында мынандай жеке салаларға бөлуге болады:

- коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылары;

- коммерциялық емес ұйымдардың қаржылары.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың бұл екі тобын қаржы қатынастарының кәсіпкерік қызметті ұйымдастыру ңысанымен, кірістер мен шығыстарды қалыптастырумен, мүлікке иелік етумен, міндеттемелерді орындаумен, салық салумен байланысты өзінің өзгешелігі болады.

Сыныптаудың бұл белгісіне қатысты қаржыны ұйымдастыру қызметті қамтамасыз етудің түрлі қағидаларына: коммерциялық есепке немесе белгілі бір деңгейге корпорациялардың қажеттіліктерін жабатын бюджеттік қаржыландыруға есептелген.

Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысына жалпы мемлекеттік қаржылар сияқты бөлу және бақылау функциялары тән.

Бөлу функциясы арқылы құрылтайшылардың салымдары есебінен жасалатын алғашқы капитал қалыптасады, табыстар мен тауар өндірушілердің, кәсіпорындардың жеке қаржы ресурстарын бөлудегі негізгі арақатынастар жасалады, жеке тауар өндірушілердің, корпорациялардың жеке жалпы мемлекеттің мүдделерінің оңтайлы үйлесуі қамтамасыз етіледі. Қаржының бөлу функциясы өткізуден түскен ақшалай түсім, кәсіпорын қарамағында қалатын пайданы бөлгенде, мақсатты арнайы ақша қорларын (негізі және айналым қаражаттарын, инвестициялық қорларды, еңбекке ақы төлеу қорын, амортизациялық қорды, қорлану мен тұтыну қорларын) құрап пайдаланған кезде жүзеге асырылады. Бұл кезде пайда болатын қаржы қатынастары кәсіпорынның шаруашылық қызметінің барлық жақтарына әсер етеді. Мақсатты және арнайы ақша қорларын қалыптастырудың ұтымды жүйесі мен оларды инвестициялаудың тиімді нысаны кезінде кәсіпорынды жаңа техникамен жарақтандыру, осы заманғы озық технологияларды енгізу, өндірістің алдыңғы қатарлы қызметкерлерін көтермелеу, қызметкерлер ұжымына әлеуметтік қызмет қөрсетуді жақсарту мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.

Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысын ұйымдастыру белгілі бір қағидаларға негізделген. Олардың қатарына мыналар жатады:

- коммерциялық (шаруашылық) есеп - қаржылық қызмет саласындағы дербестік, өзін-өзі өтеу, өзін-өзі қаржыландыру, қаржы-шаруашылық қызметтің қорытындысына ынталылық, оның нәтижелеріне үшін жауаптылық, кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметіне бақылау жасау;

- жоспарлық;

- меншіктің барлық нысандарының теңдігі;

- қаржы резервтерінің (тәуекелінің) болуы.

Коммерциялық есеп - кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы - шаруашылық қызметін жүргізудің негізге алынатын қағидасы және басты әдісі. Шаруашылықыты жүргізудің әдісі ретіндегі коммерциялық есеп қағидасы шығындарды шаруашылық қызметтен алынған табыспен өтеуді және пайда алуды талап етеді. Коммерциялық есеп қағидасы кәсіпкерлік нысанында іске асырылады. Кәсіпорынның шаруашылық қызметі оның қаржылық қызметімен тығыз байланысты. Кәсіпорын өзінің шығындарын өзі қаржыландырады. Пайда алуды көздеп, қолда бар қаржы ресустарын өндіріске жұмсайды. Ақшаны жұмсаудың бағыттарын өнім өндіру жөніндегі кәсіпорын қызметінің негізгі түрлерімен сондай-ақ таза қаржылық жұмсалымен байланысты болуы мүмкін. Қосымша табыстар алу үшін кәсіпорын басқа кәсіпорындардың және мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алуға, қайта құрылған кәсіпорындар мен банктердің жарғылық капталына қаржы салуға құқығы бар. Уақытша бос қаражаттарды кәсіпорындар жалпы ақша айналымынан бөлектеп, банкке депозиттік шоттарға орналастыра алады. Кәсіпорындар, ұйымдар біріккен қызмет пен түрлі шаруашылық ассоциациялар шеңберінде қаржы ресурстарын біріктіреді. Өздеріне қосалқы ақшаны пайдаланған кезде қоғаммен мемлекет алдындағы міндеттерден кәсіпорындар толықтай босатылмайды. Ұйымдық-құқықтық нысандары мен меншік нысандарына қарамастан барлық кәсіпорындар мен ұйымдар қайырымдылық, әлеуметтік қорларды және түрлі деңгейлердегі бюджеттердің кірісін қалыптастыруға қатысады.

Жоспарлылық қағидасы кәсіпорынның қаржылық қызметі оның параметрлерін есептеу арқылы алдын-ала қарастырылатынын білдіреді. Есеп –қисаптар негізінде және белгіленген қаржы нормативтерін пайдалану арқылы арнайы құжатта, яғни қаржы жоспарында (болжамында) қамтылып көрсетілетін қаржы көрсеткіштері анықталады.

Нарыққа өту кезеңінде экономикалық тұрақсыздық жағдайына қаржы жоспарлары мен болжамдары қысқа мерзімге жасалып жүр.

Кәсіпорындар мен ұйымдар меншігінің барлық нысандарының теңдігі қағидасы қатынастардың тұрақтылығы мен меншіктің түрлі нысандарының дамуы мемлекеттің кепілдігінде іске асырылады.

Кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастырудың қажетті қағидасы басқарудың барлық деңгейлеріндегі қаржы резервтерін (резервтік қор, тәуекел қоры) болуы. Қаржы резервтері әр түрлі әдістермен - өндірістік және әлеуметтік қорлардың мөлшеріне пайызбен, пайда немесе табыстан тұрақты нормативтер бойынша аударымдар арқылы жасалуы мүмкін. Қаржы резерві уақытша болатын қаржы қиыншылықтарын жоюға және шаруашылықтардың қызметіне қажет қалыпты жағдайларды қамтамасыз етуге, сондай-ақ әдетте, қаржы жоспарында қаралмайтын өндірістік және әлеуметтік дамумен байланысты шығындарды қаржыландыруға арналған.

 

 








Дата добавления: 2016-05-11; просмотров: 5096;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.