Дәріс 5. Құрылымдық схемалар. Құрылымдық схемаларды түрлендірулердің негізгі ережелері.

Жүйенің беріліс функциясын өз кезегінде қарапайым буындарының беріліс функциялары бойынша есептейді. Ол үшін әр бөлігі (буыны) қызметтің қарапайым алгоритмін орындайтын жүйенің алгоритмдік құрылымдық схемасын құрады. Бөлікті жүйенің алгоритмдік құрылымдық схемасында ішінде беріліс функциясы көрсетілген тіктөртбұрыш түрінде бейнелейді. Автоматты жүйелерде буындар әртүрлі байланыста бола алады. Осыған қарамастан күрделілігі әртүрлі жүйені әрқашан жай буындардың үш түрі тізбекті, параллель және қарсы-параллель қосылысы түрінде қарастыруға болады. Енді қосылыстардың беріліс функциясын қалай табуға болатынын қарастырайық.

Буындарды тізбектей қосу. Буындарды тізбектей қосқанда (5.1,а-сурет) алдыңғы буынның шығыстық шамасы келесі буынның кірістік шамасы болады. Сол себептен тізбектей қосылған буындар жүйесінің беріліс функциясы жеке буындардың беріліс функцияларының көбейтіндісіне тең:

(5.1)

Буындарды параллель қосу. Параллель қосылған буындардан тұратын жүйенің кірістік шамасы (5.1,б-сурет) барлық буындардың кірісіне бір мезгілде беріледі, ал оның шығыстық шамасы әрбір жеке буындардың шығыстық шамаларының қосындысына тең. Сондықтан параллель қосылған буындардан құралған жүйенің беріліс функциясы осы буындардың беріліс функцияларының қосындысына тең:

(5.2)

Буындарды қарсы-параллель қосу не кері байланысты қосылыс. Қарсы-параллель қосылған буындардың кірісіне жүйенің кірістік шамасымен бірге кері байланыс буыны арқылы өткен оның шығыстық шамасы да беріледі (5.1,в-сурет).

Қосылыстың беріліс функциясы төмендегі өрнекпен анықталады:

5.1-сурет. Автоматты реттеу жүйелеріндегі буындардың қосылыс түрлері

 

(5.3)

Бөліміндегі «+» таңбасы болғандағы теріс кері байланыста алынады. Ал «-» таңбасы болғандағы оң кері байланыста алынады.

Реттеу жүйелерінде олардың жұмысының орнықтылығын қамтамасыз ету үшін әдетте теріс кері байланыс қолданылады, ендеше

(5.4)

 








Дата добавления: 2016-10-17; просмотров: 5400;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.