Уақыттық сипаттамалар

Шығыс сигналының y(t) аналитикалық сипаттамасын алу үшін, автоматты басқару теориясында уақыт аймағында кіріс әсерлерді негізгі екі типке бөледі: бірлік сатылы функция және импульстік әсер. Келесідей динамикалық үзбені қарастырайық:

Сурет 4.1

 

Уақыттық сипаттамалардың екі түрі бар: өтпелі және салмақтық:

Өтпелі сипаттама h(t) деп – бастапқы шарттары ноль кезіндегі үзбенің (жүйенің) бірлік сатылы әсерге u(t)=1(t) реакциясын айтады.

Бірлік сатылы функция (3.2-сурет) деп - әсер шамасының бір мезетте нолден бірге өзгеруін айтады.

 

 

 

 

 

Рисунок 4.2

 

Автоматты жүйелер үшін 1(t) кіріс әсерлердің кең тараған түрі болып саналады. Осындай әсерлер жүйенің қосылу процесіне әкеледі де, бір орнықталған күйден екінші орнықталған күйге өткізеді.

Салмақтылық сипаттама деп – үзбенің (жүйенің) импульске u(t)=d(t) реакциясын айтамыз. Бұл импульсты Дирактың дельта-функциясы ретінде қарастыруға болады

 

 

Сурет 4.3

 

Автоматты жүйелерде импульстік әсерлер бірлік сатылы функцияға қарағанда кіріс әсерлерінің аз таралған түрі болып саналады. Бірақ теориялық сипаттамалар үшін маңызды орын алады. Бұл әсерлер радарлы кешендерде – қатты әсерлесу кезінде импульстің берілісін сипаттайды немесе гидродинамикалық жүйелерде – насостардың қосылуы мен айырылуындағы пайда болатын гидравликалық соққыларды моделдеу үшін қолданылады.








Дата добавления: 2016-10-17; просмотров: 5150;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.