Жылдық ағындыға суармалаудың тигізетін ықпалын есепке алу

Жылдық ағындыға суармалаудың тигізетін әсері (1) формуласы бойынша есепке алынады.

Формулаға кіретін құраушылар бастапқы ақпаратттың көлеміне қарай (Казгидромет желісінің бақылау деректері, Ауыл шаруашылығы Министірлігінің, Су ресурстары Комитетінің деректері, арнайы мекемелерде жүргізілген бақылаулар мен ізденістердің материалдары) нақтылық дәрежесі әртүрлі әдістер бойынша жүргізіледі.

Суармаланатын егістіктерге алынатын су тұтыну брутто көлемі суармалау нормасынан (М, мм), вегетациялық емес су тұтынудан (Мвег.емес, мм), су келтіруші және су үлестіруші желінің шығынынан (Zо, млн. м3), суармалау әдісінің түріне қатысты айқындалатын егістіктердегі шығыннан (Zсуару), каналдардағы бос жіберу шығынынан (q, млн. м3) құралады.

 

, (4)

 

мұндағы - суармаланатын егістіктің ауданы, га.

 

Тұрақты суармалау үлескілерінің суармалау нормасы М суармаланатын егістік үлескісінен буланатын жиынтық булану шамасы ( ) мен осы үлескіден суармалау болмаған жағдайда орын алатын жиынтық булану ( ) шамасының айырымы ретінде анықталады.

 

(5)

 

Жиынтық булану суармаланатын егістік үлескілерінде және дәл осындай тың жерлер үлескілерінде немесе Казгидромет, Ауыл шаруашылығы Минстрлігінің Су ресурсы Комитетінің тірек желісі бекеттерінде буландырғыштардың, лизиметрлердің көмегімен жүргізілетін бақылаудың нәтижелері бойынша, тәжірибелік сынақ үлескілерінде жүргізілетін жылу теңдестік және су теңдестік әдістерінің көмегі бойынша бағаланады.

Бақылау деректері жеткіліксіз немесе жоқ болған жағдайда жиынтық булану жылу теңдестік әдісі бойынша төмендегі формулалардың көмегімен есептеледі:

 

(6)

 

(7)

 

мұндағы - буланғыштық, мм; - өсімдіктің түріне және өсіп-өну фазасына тәуелді өлшем бірліксіз эмпирикалық коэффициент; - есептік уақыт аралығының басы мен аяғында байқалған топырақтағы тиімді ылғал қоры, мм; - ең төменгі ылғал сыйымдылығына сәйкес келетін топырақтағы тиімді ылғал қоры, мм; - есепке алмаудың барлық түріне түзету енгізілген атмосфералық жауын-шашын, мм; К - өсімдік тамырының тіршілік қабатының топырақ грунттың төменгі қабаттарынан қоректенуі, мм; - өсімдік тамырының тіршілік қабаты шегінен тысқары қабатқа судың сіңу шамасы, мм; - беттік ағынды, мм.

 








Дата добавления: 2016-05-16; просмотров: 988;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.