Сызықтық тренд әдісі
Егер өзен ағындысы инструменталдық гидрометриялық бақылау жүргізілгенге дейін бұзылған болса, яғни ағындының көпжылдық ауытқуында шаруашылық іс-әрекеттің әсерінен уақыттық тренд байқалса, онда сызықтық тренд әдісін пайдалануға болады. Әдістемелік нұсқауларда сызықтық тренд әдісін су жинау алабында ағындының қалыптасу және пайдаланылу зоналарын айыруға болатын өзендердің жылдық, маусымдық және айлық ағындыларының өзгерісін бағалау үшін қолдану ұсынылған.
Ағындының сызықтық трендінің теңдеуі келесі формуламен сипатталады
, (3)
мұндағы - уақыты сәтіндегі есептік ағынды;
- бақылау қатары бойынша орташаланған ағынды;
- тренд сызығның көлбеу бұрышын анықтайтын бұрыштық коэффициент.
- ағынды қатарының ортаңғы мүшесінің реттік нөмірі, қатардың бірінші мүшесі үшін .
Сызықтық трендтің параметрлері ең аз квадраттар әдісі бойынша бағаланады. Коэффициент келесі формула бойынша анықталады
. (4)
Ал коэффицентінің қателігі келесі формула бойынша есептеледі
, (5)
мұндағы бақылау қатарындағы мүшелер саны.
Қалыптасу зонасынан келетін ағындының көпжылдық тербелісінде бағыттық өзгеріс байқалмаған жағдайда табиғи ағынды тренд әдісін пайдалану арқылы келесі теңдеу бойынша есептеледі
, (6)
мұндағы - қалпына келтірілген табиғи ағынды;
- бастапқы есептік ағынды;
және - әрбір жыл үшін өлшенген (бақыланған) және есептік ағынды.
- гидрометриялық бақылау басталған кезге сәйкес келетін шаруашылық іс-әрекеттің салдарынан болған ағынды шығыны.
Дата добавления: 2016-05-16; просмотров: 2050;