ГИДРОЛОГИЯЛЫҚ ҰҚСАСТЫҚ ӘДІСТЕРІ

 

Әдістің мәні гидрологиялық режимі шаруашылық іс-әрекеттің әсерінен бұзылған су жинау алаптарының гидрологиялық сипаттамаларын бірдей физикалық-географиялық жағдайда орналасқан, бірақ табиғи режимі бұзылмаған бір немесе бірнеше ұқсас – алаптардың тиісті деректері бойынша қалпына келтіру болып табылады.

Гидрологиялық ұқсастық әдісін пайдалану арқылы шаруашылық іс-әрекеттің ықпалымен ағындының өзгеруін бағалау келесі тәуелділіктердің негізінде жүзеге асырылады:

 

(1)

 

(2)

 

мұнда - зерттелетін өзеннің жылдық (маусымдық, айлық) ағындысы;

- ұқсас өзендердің жылдық (маусымдық, айлық) ағындысы.

Аталған тәуелділіктер бойынша есептеулер 4 лекцияда берілген нұсқауларға сәйкес жүргізіледі.

Гидрологиялық ұқсастық әдісін қолдану кезінде негізгі қиыншылық ұқсас өзендерді таңдау кезінде туындайды. Ұқсас өзендерді таңдау кезінде келесі шарттар орындалуы тиіс:

- ұқсасөзеннің алабы зерттелетін өзеннің алабына жақын орналасуы керек және климаттық жағдайлары ұқсас болуы қажет;

- табиғи режим жағдайында зерттелетін алаппен ұқсас-алаптың ағынды тербелістері синхронды болуы керек, топырақ жамылғысы бір типті, гидрогеологиялық жағдайлары ұқсас, көлділігі, батпақтану дәрежесі, ормандылығы бірдей болуы керек;

- ұқсас-өзендерің су жинау алаптары ауданының зерттелетін өзеннің су жинау алабының ауданынан айырмашылығы 10 еседен артық болмауы қажет;

- алаптардың орташа биіктіктерінің айырмашылығы 300 м-ден аспауы;

- ұқсас өзендердің ағындысы барлық бақылау кезеңі үшін табиғи болуы;

- зерттелетін өзен алаптары мен ұқсас алаптарда режимі бұзылмаған көпжылдық кезеңде қатар жүргізілген бақылау қатары бар болуы керек.

Өзен ағындысына шаруашылық іс-әрекеттің тигізетін ықпалын бағалау үшін ұқсастық әдісін пайдалану кезінде, осы әдістің қоятын шектеулері мен кемшіліктерін ескере отырып ұқсас өзенді таңдау шартына баса назар аудару қажет. Жоғарыда келтірілген талаптар тізімінен-ақ ұқсас өзенді таңдаудың оңай шаруа емес екендігі көрініп тұр. Бұл қиындық таулы жағдайда алаптары бір-біріне жақын орналасқанның өзінде ағындыларының көпжылдық ауытқуында табиғи асинхрондылық байқалатын тау өзендері жағдайында арта түседі.

Жазықтық аудандарда гидрологиялық режимі бұзылмаған ұқсас-өзендерді табу да үлкен қиындықтар туғызады, өйткені еліміздің қарқынды игерілген аудандарында су шаруашылығы шараларының жүргізілуіне байланысты адам килікпеген айтарлықтай ірі алаптарды табу іс жүзінде мүмкін емес, ал антропогендік әсердің ықпалына түспеген орташа өзендер күн санап азайып келеді. Ал су алабы кіші өзендерде, әдетте, ұзақ бақылау қатары жоқ.








Дата добавления: 2016-05-16; просмотров: 1262;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.