ЛТАНДАРДЫ БЕКІТУДІҢ ШТИФТТІ ӘДІСТЕРІ.

Ұлтандарды бекітудің бұ­рандалы (винттік), шегелеу жә­не ағаш түйреуіш әдісте­рімен бекіту – көбінесе, үсті юфттен, хроммен иленген жә­не жасанды былғарыдан тұра­тын жұмысқа киетін аяқкиім шығаруда қолданылады. Ең кең қолданылатын – шегелеп бекіту әдісі, ал аз қолданылатыны – бұранды әдісі. Ағаш – түйреуіш әдісі көп қолданылмайды. Бұрандамен бекіту /6.15 сурет/ екі қосылғыштардан тұратын күшпен орындалады: бекітілетін материалдардың және бұранданың беткі қабаттарының жанасу үйкелісінен және де олардың иілу, кесілу және сығылу деформацияларына кедергісінен тұрады.

Шегелермен бекіту / 6.15 сурет/ ұлтанның шеге қалпағымен сығылуға ерекше кедергісімен, ұлтарақ­тың шеге ұшын қайыруға кедергісімен және оны қалындығы үлкен ұлтарақ кезінде тесіктерден өткізу кедергісімен, ұлтарақты оның қалыңдығы шамалы кезінде ұшы бұрылған шегемен жыртып өтуге кедергісімен қамтамасыз етіледі. Шегелеп бекіту әдісіне арналған ұлтан және ұлтарақ материалдарының күйреу­дің осы түрлеріне жоғары кедергілері болуы керек. Ұлтан жағынан шегенің дұрыс қайырылған ұшы – мықты бекітуге алып келеді.

Ұлтан қабатының қажалуы, қайта-ланба иілулер туғызатын оның бекіту беті бойынша жылжу, тербелістер және қайтанбалы көп дүркін дымқылдандыру, тердің әсер етуі және көптеген басқа жағдайлар жіпті нашарлатады.

Бұрандалы әдіс.Бұл әдіспен ұлтанды бекіту XIX ғасырдың аяғында пайда болды. Алғашқыда аяқкиімге бұрандалы шегені бұрауға арналған машина жасауға тырысты, кейін бұрандалы шегені машинаның өзі кесіп отыратын сыммен алмастырды. Соңын нәтижесінде ұлтанды екі жүрістік ойығы бар сыммен бекітуге арналған машина ойлап шығарылды.

Бұранданы ұстап тұру күші материалдың серпінділігіне де байланысты. Серпімділігі және қатаңдығы аяқкиім үстінің материалдар бұрынданы мықты ұстап тұруды қамтамасыз етеді. Бұранданы жұлып алу кедергісі былғарының серпімділігінің шартты модуліне және резеңкенің қаттылығына байланысты.

Шегелеу әдісі.Ұлтанды аяқкиім үстіне металл шегелермен бекіту XIX ғасырдың аяғында-ақ кең қолданыла бастады. Алғашында шегелерді ұруға арналған машиналар тек ұлтанның өкше бөлігін бекітуге ғана арналды, кейін оны ұлтанды бүкіл аумағы бойынша бекіту үшін де пайдалана бастады.

Бұл әдіс ішкі бекіту әдісіне жатады. Шеге ұлтаннан, аяқкиім үстінің дайындамасының керме жиегінен және ұлтарақтан өтіп барып, ұлтараққа қайырылады. Ұлтараққа қайырылу және шегенің қалпағы аяқкиімнің киіп жүрудің бірінші кезеңіндегі оның жұлып алынуға кедергісін айтарлықтай арттырады.

Ұлтанды шегелерінің қалпағы және ұзыдығы l болатын ұшы бар /6.19 сурет/. Нормалданған шегелердің ұзындығы L=10-20мм №10 болатын шегелердің біліктерінің диаметрі d=1,8мм, басқа нөмірлі шегелердің диаметрі d=2мм. Шегелерді Л-62 жезінен және антикоррозиялық алюминий-магний АГМ-5 қорытпасынан жасайды.

Ұлтандарды бекіту беріктігіне шегенің білігінің диаметрі, ұшының өлшемі мен пішіні, шегенің ұзындығы, олардың қадамы, қайырылған ұшының пішіні мен өлшемі, ұлтан мен ұлтарақ материалдарының механикалық қасиеттері, машинаның атқарушы мүшелерінің жұмысы әсер етеді.

Шегенің білігінің d диаметрі жұлып алуға Р кедергісіне аяқкиімді тұтынудың екінші сатысында әсер етеді.

Шегенің ұшын қайыру сапасы - аяқкиім астын бекіту беріктігіне әсер ететін негізгі шаралардың бірі. Қайыру сапасы шегенің ұшының пішіні мен өлшеміне, оның материалдан дұрыс өтуіне және мүйіздің ойығына дәл түсуіне байланысты. Егер де патрон шегені ұлтан бетіне перпендикулярлы бағыттамаса, ол ойыққа дәл түспей, бүгілмей қалуы ықтимал. Шеге ұшы бекіту сызығынан ауытқиды, бұл нашар бекітудің дәлелі болады. Шегенің өсіне қатысты оның қалпағы мен ұшының эксцентрлік күйі кезінде де осындай жағдай болады.

Шегенің қайырылу сапасына сонымен қатар, оның ұзындығы мен аяқкиім астының қалыңдығының дұрыс үйлесуі де әсер етеді. Шегенің нақты дұрыс ұзындығы – аяқкиім астының бөлшектерінің ұзындығына қайырылуға кететін 3,5 мм-ді қосып, шеге қалпағының ұлтанға енуінің шамасын алғанға тең. Егер шеге ұзындығы нормаланғаннан ұзын болса, оның білігі иіледі; егер шеге қысқа болса, ұшының қайырылатын бөлігі қажетті мөлшерден кіші бо­лады. Керілген аяқкиімнің астының өкше, орта және тұмсық бөліктерінің қалыңдықтары әртүрлі, сондықтан оларды ұзындығы әртүрлі ше­ге­лер­мен бекіту керек.

 








Дата добавления: 2016-11-22; просмотров: 1036;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.