Лекция 15. Өкшелерді бекіту әдістері. Былғары-галантереялық бұйымдардың бөлшектерін біріктіру әдістері.
Өкшелерді аяқкиімге әртүрлі тәсілдермен бекітеді, олар бекіткіш түріне қарай штифтті, желімді және қайыстырылған болып түрленеді.
Штифтті тәсіл кезінде, бекіткіш ретінде шегелер, бұрандалар, төлкелер қолданады; желімдеп бекітуде – НТ немесе ЛНТ наирит негізіндегі желімдер, ал қайыстырыған тәсіл кезінде бекіткіш ретінде штифтілермен перхлорвинилді, нитроцеллюлозды және метиллолполиамидты желімдер қолданылады.
Қайсібір тәсілді таңдау аяқкиімнің конструкциясымен, өкше биіктігімен және материалмен, ұлтанды бекіту әдісімен анықталады. Өкшелерді бекіту беріктігі 21463-76 мемлекеттік стандарт орнатқан мөлшерлерден кем болмауы керек.
Бекіту беріктігі бекіткіш түріне, бекіту сипатына және бекітілетін материалдар қасиеттеріне байланысты.
Аяқкиімнің конструкциясына, өкше материалына және бекіту сипатына байланысты әртүрлі өкше шегелерін пайдаланады. Өкше шегелері білік және басының пішінімен, ұшының пішіні және ұзындығымен ерекшеленеді. Өкше шегелерінің біліктері цилиндр, бұрандалы және пирамида формалы болады; бастары жалпақ немесе конус тәрізді келеді; ұштары төрт қырлы қысқа немесе сопақша тәрізді ұзын болып келеді.
Өкше шегелерінің келесі түрлері кең тараған:
білігі цилиндрлі тегіс, басы конус формалы және ұшы қысқа /6.22а сурет/;
білігі цилиндрлі тегіс, жалпақ басты және ұшы ұзын /6.22б сурет/;
білігі цилиндрлі тегіс, жалпақ басты және ұшы қысқа /6.22в сурет/;
білігі бұрандалы цилиндрлі, жалпақ басты және ұшы қысқа немесе ұшы жоқ/6.22г сурет/;
білігі пирамидалы, басы және ұшы жоқ /6.22д сурет/.
Біліктігі төмен өкшелерді шегелермен сыртынан немесе ішінен бекітуге болады. Бірінші тәсіл қеңірек таралған. Бұл тәсіл бойынша ұлтарақ жағынан қайрылған шегелер өкшені жүрістік бетіне 2-3 мм жетпей материалдарды біріктіреді /6.23 а сурет/. Сырттан бекуді өкшенің сыртқы жағынан жасайды, бекітілетін материалдардан өтіп шеге ұшы ұлтараққа 2-3 мм қайырылады /6.23 б сурет/.
Өкше шегелерін бекіту тәсілін /сыртынан немесе ішінен/ ескере отырып бекітілетін материалдардың қалыңдығы бойынша таңдайды.
Ішкі жағынан шегелермен бекіту бекітілетін материал және шеге біліктері араларындағы үйкеліс күштерімен орындалады, сыртынан бекіту – өкше материалын шегенің басымен сығуға кедергісімен және шегенің қайырылған ұшымен ұлтарақ материалын жыртып өтуге кедергісімен немесе шегенің ұшының түзелуіне кедергісімен қамтамасыз етіледі. Сондықтан, резеңкелі өкшелерді ішкі жағынан шегелермен бекіту дұрыс емес, өйткені резеңкенің шегені жұлып алуға кедергісінің аздығы салдарынан қажетті беріктілік қамтамасыз етілмейді.
Шегелер саны аяқкиімнің өлшеміне байланысты. Шегелер өкше бетіне біркелкі орналасуы керек және ұлтарақтың шетінен 4-7 мм қашықтықта қағылуы тиіс.
Пластмасса және ағаш өкшелерді қайыстырылған тәсілмен желім және штифттермен орындайды. Пластмассалы және ағаш өкшелерді алдын-ала отырғызып немесе олсыз да бекітуге болады. Өкше отырғызу бір отырғызғыш шегесімен орындалады, ол сыртқы жақтан қағылады және ол өкшені аяқкиімнің өкше бөлігіне тығыз қысып тұрады. Сондай-ақ отырғызу ішкі жағынан арнайы тесік арқылы бұрандамен орындалады, ол кейін алынбайды. Үлкен бетті нәлі бар ағаш өкшені өтпелі тесік арқылы сырт жағынан алдын-ала 3-5 отырғызғыш шегелермен бекітеді. Отырғызу немесе бекіту алдында аяқкиімнің өкше бөлігіне желім жағады.
Өкшені ішкі жағынан тегіс немесе бұрандалы шегелермен немесе бұрандамен бекітуге болады: аласа өкшені 5-7, орташа және биік өкшелерді 4-5 шегелермен бекітеді. Шегелерді өкшенің ішіне қиғаш етіп қағады, олардың ұштары оның бүйір бетіне шығып кетуі мүмкін. Шегелердің арақашықтығы ұлтарақ шетінен 7-10 мм. Шегелердің басы өкшелікке батуы керек немесе ұлтарақ қабатына тығыз орналасуы қажет.
Төлкені негізінен биік ағаш және армирленбеген пластмассалы өкшелерді бекітуге қолданады. Ұлтарақтан шығып тұрған төлкенің ұшын тойтарады. Металл төлке өкшені бекіту беріктігін арттырып қана қоймай, сонымен қатар оның жұқа бөлігін сынудан қорғайды.
Былғары-галантереялық бұйымдарын өңдеуде бөлшектерді біріктірудің негізгі әдісі – жіппен бекіту әдісі болып табылады. Былғары-галантереялық өндірісінде әртүрлі тігістер қолданылады, олардың топтамасы 6.11 кестеде көрсетілген.
Бекіту беріктігі жіптердің және материалдардың аймақаралық бөліктерінің беріктігіне, сондай-ақ бекіту кезіндегі олардың әлсіреу дәрежесіне байланысты.
Былғары-галантереялық бұйымдарын бекіту үшін мақта-мата, зығыр, жібек және кендір жіптер қолданылады.
Жіптерді бұйымдарға қойылатын тапаптарды, тігіске түсетін жыртылыс күштерін, ине тіпін, моделін және нөмерін, оған қоса бекітүге кезіндегі жіптің беріктігін есепке алып таңдап алады.
Былғары-галантереялық бұйымдардың бөлшектерін бекіту кезінде материалдардың беріктігі төмендейді, ол материалдардың құрылысына, қасиеттеріне, ине диаметріне, ұшының үшкірленүіне және ине шаншым ұзындығына тәуелді. Былғарының беріктігінің әлсіреу дәріжесі негізінен ине ұшының пішініне тәуелді екені 6.12 кесте мәліметтерінен байқалады.
6.12 кесте Ине шаншым қадамы 1,4 мм кездегі үшкірленуі әртүрлі инемен тескеннің нәтижесінде былғары беріктігінің әлсіреу дәрежесі, %
Ине ұшының үшкірленуі | 6 айға дейінгі шөп жеуге көшпеген бұзау терісінен иленген былғарының, тігіс кезінде | 7 айдан асқан шөп жеуге кошкен бұзау терісінен иленген былғарының тігіс кезінде | Қой терісінен иленген былғарының, тігіс кезінде | |||
Жонға көлденең | Жон бойымен | Жонға көлденең | Жон бойымен | Жонға көлденең | Жон бойымен | |
Көлденеңдік сопақша Домалақ Қарапайым оң сопақша Қөлденең сопақша | 10,5 18,5 19,2 34,3 | 6,8 19,7 33,2 | 14,6 22,8 23,8 28,6 | 8,5 - 25,9 31,3 | 14,5 20,2 | 7,5 10,8 23,8 22,3 |
Дата добавления: 2016-11-22; просмотров: 1271;