Аяқкиім үстінің дайындамасын керу
Операцияның мәні үстінің дайындамасымен қалыпты қаптап, оны ұлтараққа тұмсық бөлігінің үш жерінде аяқкиім шегесімен бекітуде. Керу машинасының тістеуіктерімен үстінің дайындамасын бойлық және көлденең бағыттарында негізгі созу орындалады.
Аяқкиім үстінің дайындамасын керу ОМ - 4М, ОМ-5, ОМ-6 маркалы көлденең текті керу машиналарында орындалады. Аяқкиім үстінің дайындамасы бар қалыпты машинаның /5.10 а-сурет / төменгі тірекке 3 орналастырады.
Машинаны бірінші рет және екінші рет қосқанда, аяқкиім үстінің дайындамасының материалы кезекпен ортаңғы 4 содан соң ортаңғы және бүйір жақында орналасқан 2 тістеүіктерімен созылады. Үшінші мәрте қосқанда, аяқкиім үстінің дайындамасының керме жиегі қалып ізіне тістеуікпен бүгіп тартылады, ал тұмсық тірегі 5 қалыпты төменгі тірекке 3 қысады, осыдан кейін аяқкиім үстінің дайындамасы ұлтараққа балғамен 1 бес шегемен қағылады.
Аяқкиім үстінің дайындамасын керу.Бұл операция аяқкиім үстінің дайындамасын қалыпта ақырғы рет қалыптау үшін және керме жиегін ұлтанға бүкіл периметрі бойынша шеге, топса, желім арқылы бекіту үшін орындалады. Машинаның атқару құралдарының түріне қарай керуді-тістеуіктермен, тіліктермен және доңғалақшалармен керу деп ажыратады. Керме машиналарының тістеуіктері, тіліктері немесе доңғалақшалары керме жиегін қысып алып, материалды нормалі бойынша қалыптың қырына қарай тартады. Материалдың қалыпқа жоғары мөлшерде үйкелуінен болған деформацияның таралу облысы айтарлықтай көп емес. Тістеуіктер күші көп болғанның өзінде, аяқкиім үстінің дайындамасын тек тұмсық бөлігінде ғана созуға болады. Сондықтан, тұмсық бөлігінен басқа, аяқкиім үстінің дайындамасын керу кезінде бойлық бағытында да, көлденең бағытта да қосымша созылмайды. Негізінен тек аяқкиім үстінің дайындамасының керме жиегі ғана созылады.
ЗВ-2-0, 3В-3-0 машиналарында аяқ киім үстінің дайындамасын тістеуіктермен керіген кезде, дайындамасы бар қалыпты бүйір жағымен қолмен бүйір тірегіне 3, ал ұлтарақты - ұлтарақ тірегіне 1 қысады /5.14 сурет/
Тістеуіктер 2 аяқкиім үстінің дайындамасының шетін іліп алып, жоғарыға қарай тартады да, қалыптың қыры арқылы бүгеді. Патрон қалып ізіне жылжып, керме жиегін ұлтанға қысады да, аяқкиім үстінің дайындамасының шетімен сырғи отырып, үйкеліс күші арқылы оны қосымша қалыптайды. Осыдан кейін балға 4 шеге қағады, шеге керме жиегімен ұлтарақтан өтіп барып, оның беткі бетінда қайырылады. Керме жиегі бүкіл периметрі бойынша топсамен 02074/Р2 машинасында, ал сыздық әдісімен бекітуді қолданғанда аяқкиімнің бүйірлерін керу кезінде 02087/Р1 машинасында сыздықты ұлтарақтың ернеуіне топсамен бекітіледі.
Дата добавления: 2016-11-22; просмотров: 1046;