Лекция 12. Бөлшектерді механикалық біріктіру әдістері

Аяқ киімнің, былғары галантереялық бұйымдарының бөлшектерін және конструктивтік түйіндерін бекіту операцияларын негізгі және көмекші деп бөлуге болады. Біріншісіне жататындар – аяқкиім үсті дайындамасы бөлшектерін бекіту, ұлтан мен өкшелерді бекіту; екіншісіне жататындар – қалыптау алдындағы былғары өкшелердің фликтерін бекіту, тегістеуішті жапсыру және т.б. Көмекші операциялар аралық операциялар жатқандықтан, оларға көп талап қойылмайды, сондықтан тек қана негізгі операцияларды қарастырамыз.

Бөлшектерді бекітетін тігіс беріктігіне оларды біріктіруді қамтамасыз ететін күштер сипаты және күйреуге қарсыласатын күштер сипаты; бекітетін және бекітілетін материалдардың қасиеті мен бекіту кезіндегі осы қасиеттердің өзгеруі /ине ұшының пішіні, диаметрі және т.б./; бөлшектерді қысу тығыздығы; ине шаншым ұзындығы немесе бекітетін сабақтардың арасы; бекітудің қатарлары /тігіс жолдары/; машинаның атқару мүшелерінің жұмыс істеу дәлдігі әсер етеді.

Аяқ киім үстінің бөлшектерін біріктіру.Аяқ киім үстінің бөшектерін тігін машинасында жіптермен бекітеді. Машинаның инесі материалды теседі де, жіпті одан өкізіп отырады. Машинаның тегіне қарай жіп астынан ілмекпен немесе қайықпен (челнокпен) ілініп алынады. Ол тұзақ құрайды да, оны сол жіптен асырып түсіреді де бір жіпті ине шаншым немесе оны екінші жіппен өріп екі жіпті ине шаншым құрады.

Тігіс – екі немесе бірнеше бөлшектердің тігіс қатарымен біріктірілу сызығы

Тігіс қатары – бір сызық бойында орналасқан қайталанбалы ине шаншым тізбегі

Ине шаншым – иненің іргелес шаншылу аралығындағы тігіс бөлігі

Тігіс ені - бөлшектің кесу жиегінен тігіс қатарына дейінгі қашықтық

Тұзақ орналасу жеріне қарай ине шаншымдары ішкі және сыртқы өрілу деп бөлінеді. Ішкі өрілудің екі жіпті ине шаншымын қайығы бар машиналар құрайды. Қайық-ілгек ине құрған тұзақты іліп алып, оны шпульдің айналасымен жүргізеді /6.1 а сурет/. Тұзақты шпульдің жартысына дейін жеткізгеннен кейін /6.1 б сурет/ қайық бұрынғы бағытымен жылжиды, ал кеңейген тұзақ көтеріліп келе жатқан жіпті тартқышпен тартады /6.1 в сурет/. Жоғары керілген жіп ине шаншымға тартылады /6.1 г сурет/. Осы кезде қайық бос бұрылыс жасайды да, ине қайтадан төмен түседі, материалды тесіп, тесікке жіпті кіргізеді. Цикл қайталанады.

6.1. сур. Екі жіптік ине шаншымын жасаудың схемасы.

 

Әдемі және берік тігіс алу үшін, ине конструкциясының маңызы да зор. Тігін инесінің колбасы 1, өзегі 2, көзі 3, және үшы 4 болады. Ине жүзінің ұзын 5 және қысқа 6 науары бар. Кейбір инелердің науаларынан басқа өн бойлық ойықтары болады.

Аяқ киім үстінің дайындамасын 1 текті инелермен бекітеді. Бұл көзі бар, колбадан, өзектен және ұштан тұратын түзу инелер.

Колба - цилиндрлі форманы иненің жуандау бөлігі, ол инені тігін машинасының ине жүргізгішінде бекіту үшін арналған.

Өзек – цилиндрлі формалы иненің жұмысшы бөлігі, оның бетінде ұзын және қысқа науалары бар.

Иненің төменгі жағында көзі бар, ол ұзынша тесік тәріздес. Тесікке жіп сабақталады.

Тігін машиналарының инелерін үшкір ұшының пішіні бойынша түрлерге бөлінеді.

Тігіс беріктігіне әсер ететін факторлар:

  1. Жіп беріктігі (МЕСТ-қа сай болуы тиіс)
  2. Тігістің тартылуы (жіптің тартылу күші 2,5-3,5 Н болуы тиіс)
  3. Ине ұшының формасы
  4. Ине өзегінің диаметрінің
  5. Ине шаншым ұзындығы
  6. Тігіс қатары
  7. Тігіс қатарларының ара-қашықтығы және бөлшек жиегінен қашықтығы

Тігіс түрлері:

 

а-қайма тігіс

б-оқа бойынша

астарлық тігіс

в,г,д,е-тығыз қайма

тігіс

ж-аударма тігіс

з-зизгзаг тәрізді тігіс

 








Дата добавления: 2016-11-22; просмотров: 1747;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.007 сек.