Анықпаған (шектелмеген) майлы қышқылдар

Қанықпаған майлы қышқылдар көбінесе жануарлар ағзасында кездеседі. Олардың негізгі өнімдері:

С17Н33СООН- олеин қышқылы СН3-(СН2)7-СН=СН-(СН2)7-СООН

С17Н31СООН- линоль қышқылы СН3-(СН2)6-(СН=СН)-(СН2)6-СООН

С17Н29СООН-линолен қышқылы СН3-(СН2)5-(СН=СН)3-(СН2)5-СООН

С17Н31СООН-арахидон қышқылы СН3-(СН2)5-(СН=СН)4-(СН2)5-СООН

2.9.5 Глицеролипидтер. Ацилглицериндер (жай және аралас)

Ацилглицериндер жоғары бір негізді қаныққан және қанықпаған карбон қышқылдары (пальмитин С15Н31СООН, стеарин С17Н35СООН, олейн С17Н33СООН) және үш атомды спирт глицериннен түзілетін күрделі эфирлер. Мұндай қосылыстар триглицеридтер деп аталады.

 

Аралас майлар глицериннен және әртүрлі жоғарғы карбон қышқылдарынан (қаныққан және қанықпаған) тұрады.

 

 

Егер жоғары карбон қышқылдары глицериннің барлық гидроксил топтарымен әрекеттессе (этерификация), (триацилглицерин) гидроксил тобымен әрекеттессе диглицерид (диацилглицерид), бір гидроксил тобымен әрекеттессе моноглицерид (моноацилглицерин) түзіледі. Мысалы:

 

Моноглицерид (моноацилглицерин)

Барлық күрделі эфирлер сияқты майлардың гидролизденуі (сабындалуы) олардың маңызды химиялық қасиеттері болып табылады және глицерин мен үш жоғарғы карбон қышқылдары алынады. Гидролиз ферменттердің, қышқылдар мен сілтілердің қатысуымен оңай жүреді. Майлардың гидролиздену реакциясы қайтымды процесс, бірақ сілтілердің (NaOH, KOH) қатысуымен бір бағытта жүріп сабын алынады.

 

 

2.9.6 Фосфоглицеролипидтер (фосфатид қышқылы, фосфатидилсерин, фосфатилэтаноламин, фосфатидилхолин)

Фосфоглицерофосфолипидтер жануарлар мен өсімдіктердің әртүрлі ұлпаларында көп таралған. Ең көп таралған фосфолипидтер глицериннің жоғарғы майлы қышқылдардың және фосфор қышқылының қалдықтарынан тұратын күрделі эфирлер болып саналады. Ең қажетті үш фосфолипид: фосфотидилэтаноламин, фосфатидилхолин, фосфати-дилсерин болып табылады.

Тірі ағзадағы барлық жасушалар мембранамен қоршалған. Мембрананың миллиондаған әртүрлі молекула және бөлшектен тұратын қос қабаты бислой клетка сұйығын қоршаған ортамен араласып кетуден сақтайды және ішкі ортаны сыртқы ортаның қолайсыз әсерлерінен қорғайды. Әрбір қос қабат бір бірімен қатарласып тығыз орналасқан миллиардталған фосфолипид молекулаларынан құралған. Фосфолипид молекуласы екі түрлі бөлшектен тұрады. Оның бірі фосфор қышқылының серин, холин, этаноламин сияқты заттармен қосындысы немесе полюсті бөлігі (гидрофильдік) екіншісі майлы қышқылдық қалдығы немесе полюсті емес бөлігі (гидрофобтық) сондықтан мембрана екі фосфолипидтік қабаттан тұрады да оның сыртқы (қоршаған орта) және ішкі жағы (жасуша сұйығы) сұйық орта болғандықтан, сыртқы қабатының фосфолипидтік бөлігі (гидрофильдік) сыртқы ортаға қарай, ал ішкі қабатының полюссіз бөлігі ңшке қарай бағытталып орналасқан. Осы екі қабаттың ортасында майлы қышқылдары орналасады, бір қабаттың май қышқылдары екіншінікімен гидрофобтық байланысқа түсіп, ол қабаттарды бір бірімен біріктіріп тұрады. Әдетте жасуша мембранасының құрамына атқаратын қызметі алуан түрлі ақуыздар да кіреді. Жасуша қабығының төрттен үш бөлігіне дейін ақуыздармен көмкерілуі мүмкін.

Фосфолипидтердің биосинтез кезіндегі негізгі аралық өнімі фосфатид қышқылы. Фосфатид қышқылы глицериннің, жоғарғы майлы қышқылдың екі молекуласынан (біреуі қаныққан, екіншісі қанықпаған) және фосфор қышқылынан тұрады.

 

Фосфатид (жалпы құрылысы)

 

Фосфатилдилсерин, фосфатидилэтаноламин, фосфатидилхолин, фосфотид қышқылының туындылары болып табылады.

Фосфатидилсерин молекуласында аминқышқылы сериннің қалдығы болады.

Фосфатидилсерин (серинкефалин)

 

Фосфатидилэтаноламиннің құрамына аминді спирті этаноламин (коламин) кіреді.

 

Фосфатидилэтаноламин (коламинкефалин)

 

Фосфатидилхолин азоттық негіз холиннен тұрады.

 

Фосфатидилхолин (лецитин)








Дата добавления: 2016-12-16; просмотров: 2438;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.01 сек.