Изопреноидтардың жалпы сипаттамасы
(сабындалмайтын липидтер)
Изопрен фрагменттерінен түзілген қосылыстарды изопреноидтер деп атайды.
Изопрен молекуласы α симметриялы. Оның құрамындағы метил тобы орналасқан бөлік «бас бөлік», ал метил тобынан алшақ орналасқан бөлік «құйрықша» деп аталады.
2 4 СН3 СН2
1 3 Н2С СН
Изопреноидтардың туындысы терпендер кейбір көмірсутектерден, құрамында оттегі бар спирттердің, альдегидтердің, кетондардың туындыларынан және 2,3 одан да көп изопрен буындарынан құралады. Терпендердің ең маңызды тобына А, Е, К витаминдер жатады. Е мен К витаминдері құрамы бойынша убихиноиндарға ұқсас. Олар липидтермен жасуша мембраналарында тотығу тотықсыздану процестеріне қатысуымен қатар электрондарды тасымалдайды.
Стероидтар табиғатта ең көп тараған және ағзада атқаратын қызметтері әртүрлі, құрылыстары циклды болып келеді. Стероидтардың жалпы қаңқасы стеран циклопентан және пергидрофенантрен ядроларынан құралған.
Стероидтық спирттердің, яғни стериндердің немесе стеролдардың А сақинасында ОН тобы болады. Ол ең маңызды қосылыстарда (холестерин, өт қышқылдары, гормондар т.б.) кездеседі.
2.9.9 Холестерин (құрылысы)
Холестерин туындылары (өт қышқылдары, гормондар, витаминдер)
Холестерин
Холестерин (холестерол) стериндердің ең көп тараған өнімі. Холестерин барлық жануарлардың липидтерінде қан мен өтте болады. Ағзада бос күйінде және күрделі эфир түрінде кездеседі.
Холестерин жануарлардың жасуша мембраналарының міндетті құрушысы және басқа стероидтық қосылыстардың, гормондардың, өт қышқылдарының, витамин Д-нің т.б. биосинтез үшін негізгі материал болып есептеледі. Холестерин бауырда өт қышқылдарына айналады. Өт қышқылдарының көбісі холан қышқылдарының туындысы. Адам өтінен төрт түрлі қышқыл бөліні алынған, оларды холь қышқылдары деп атайды. Холин қышқылдарының негізгі бөлігі циклопентанпергидрофенантрен сақинасы болып табылады.
Стероидтық гормондарға жататындар кортикостероидтар бүйректің беткі қабатында өндіріледі. Бұл гормондардың саны 40 шақты. Олар Д формалы көмірсулар мен тұз алмасуларын бір жүйеге келтіреді.
Дата добавления: 2016-12-16; просмотров: 1622;