Полинуклеотидтер және полирибонуклеотидтер

Нуклеотидтер, әсіресе, биологиялық ақпараттарды сақтауда маңызды орын алады. Нуклеотидтік бірліктер өзара коваленттік байланыстармен жалғасу арқылы бір нуклеотидтегі пентозаның 3′–гидроксил тобы мен екінші нуклеотидтің 5′–фосфаттық тобының арасында фосфорлы эфир түзіп, нуклеин қышқылдарының ұзын полимерлерін түзетін құрылымдық топтамалардың қызметін атқарады. Нуклеин қышқылдары құрамдарындағы пентозаның табиғатына байланысты рибонуклеин (РНҚ) және дезоксирибонуклеин қышқылдары (ДНҚ) болып екі топқа бөлінеді.

РНҚ құрамына А, У, Г, Ц, ал ДНҚ құрамына А, Т, Г, Ц азоттық негіздері енеді. РНҚ және ДНҚ полимерлік молекулаларының құрамдарындағы негіздердің реті бойынша жанды жасушаның генетикалық ақпараты сипатталады. Әртүрлі нуклеин қышқылдарының молекулаларындағы Г мен Ц және А мен Т немесе У азоттық негіздерінің ковалентті емес әрекеттесулер әдісі бойынша бірін-бірі «тану» қабілеттері (негіздердің жұптасуы) тұқымқуалаушылық пен эволюция механизмдерінің негізін қалайды.

Рибонуклеотидтер РНҚ молекулаларын түзеді. Жекеленген рибонуклеотидтердің арасындағы байланыс күрделі эфирлік жалғасулар (алдыңғы С–3′ және С–5′ соңғы буынның) арқылы орындалады. Негізгі тізбекте фосфор қышқылы мен рибозаның қалдықтары орналасады, ал азоттық негіздер жоғары химиялық белсенділік көрсететін «бүйірлік» атомдар тобын құрайды.

Дезоксрибонуклеотидтер ДНҚ молекулаларын құрайды. Жекеленген дезоксирибонуклеотидтердің арасындағы байланыс күрделі эфирлік байланыс С– 3′–алдыңғы және С– 5′–кейінгі арқылы жүзеге асады. Негізгі тізбек фосфор қышқылының қалдықтары және дезоксирибозадан құралған, азотты негіздер активтілігі өте жоғары атомдар тобын көрсетеді. Полидезоксирибонуклеотид тізбегінің соңын белгілеу (5′–соңы сол жақта және 5′–соңы оң жақта).

 

ЛИПИДТЕР

Майлар негізінен организмдегі энергияның көзі болып табылады. Ересек кісілерде организмге қажет барлық энергияның 40%, ал жас балаларда 50% бейтарап майлардың тотығуы арқылы қамтамасыз етіледі. Дегенмен майлардың тотығуындағы энергияның көп болуына қарамастан, организм үшін негізгі энергия көзі көмірсу болып табылады, себебі майлардың тотығу үшін де ең алдымен организмге көмірсу қажет, яғни майлар «көмірсулардың жалынында жанады». Организмдегі майлардың қоры 10-15 күнге жетсе, көмірсудың қоры 13-14 сағатқа ғана жетеді. Майлар, сонымен қатар А, Д, Е, К витаминдерінің еруіне және сіңіруіне жағдай жасайды. Клетка мембранасының құрамына кіріп, оның құрылымдық бөлімі болып табылады. Майлар өкшеге, алақанға серпімділік қасиет береді. Сонымен бірге эндогендік судың көзі болып табылады. Мысалы: 100 г май көмір қышқыл газына және суға ыдырағанда 107 г дейін су түзіледі, ал 100 г белок ыдырағанда 55,5 г су, осынша көмірсу ыдырағанда 41,0 г су түзіледі. Түйелердің шөлге шыдамдылығын осы майдың ыдырауындағы эндогендік судың түзілуімен түсіндіруге болады.

Линолен, линоль, арахидон сияқты қанықпаған май қышқылдары организмнің қалыпты өсуі, тері қызметінің қалыпты болуы үшін өте қажет. Холестериннің қалыпты мөлшерде болуы терінің тургорын қалыпты жағдайда ұстап тұрады, егер холестериннің мөлшері қалыпты жағдайдағыдан кем болса, клетка ішінде қатпар пайда бола бастайды. Майарды ретикулоэндотелиальды жүйелердің қоздырушысы деп қарастырып, организмде майдың мөлшері аз болғанда иммундық қабілетінің нашарлауын түсіндіруге болады. Бірақ организмге май өте көп түссе де ретиклоэндолетиальды жүйелердің элементтері маймен қоршалып өзінің қызметін атқара алмай, организмнің қорғаныштық қабілеті төмендеуі мүмкін. Майлар, сонымен қатар организмдегі жылуды сақтап отырады. Организмге тәулігіне ересек кісілер үшін 60-80 г май керек болса, балалар үшін 25-30 г май қажет.








Дата добавления: 2016-12-16; просмотров: 1320;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.