НУКЛЕИН ҚЫШҚЫЛДАРЫ
Рибонуклеозидтер
Нуклеозидтер көмірсу және азоттық негіздің қалдықтарынан құралады. Олар көмірсулы компоненттің табиғатына байланысты рибонуклеозид және дезоксирибонуклеозидтер болып бөлінеді. Нуклеинді азоттық негізден (пуринді немесе пиримидиндік) және β–рибофуранозаның қалдықтарынан құралған гликозидтер рибонуклеозидтер деп аталады. Олардың жалпы жобасы мынадай:
Негіз |
N–гликозидті байланыс |
Мұндағы: N – азоттық негіздер: тимин, цитозин, аденин, гуанин.
Азоттық негіз бен β–рибофураноза β– 1,3 немесе 1,9 гликозидтік байланыс арқылы жалғасады. Рибонуклеозидтерді атау үшін азоттық негіздің атына, оның табиғатына байланысты, пиримидинді болса –идин, ал пуринді болса –озин жалғауы жалғанады. Мұндай нуклеозидтерге уридин, цитидин, аденозин және гуанозин жатады. Рибонуклеозидтерге жататын нуклеотидтердің құрылысы:
Гуанозин (гуанин + рибоза) β-1′,9–гликозидтік байланыс |
Уридин У (урацил + рибоза) β-1′,3–гликозидтік байланыс |
Цитидин Ц (цитозин + рибоза) β-1′,3–гликозидтік байланыс |
Аденозин (аденин + рибоза) β-1′,9–гликозидтік байланыс |
Дата добавления: 2016-12-16; просмотров: 1951;