Дезоксирибонуклеозидтер

Нуклеинді азоттық негіздерден (пуринді немесе пиримидинді) және β–дезоксирибофуранозадан құралған гликозидтерді дезоксирибонуклеозидтер деп аталады.

Азоттық негіздер мен β–2–дезоксирибоза β– 1,3– немесе β– 1,9– гликозидтік байланыс арқылы байланысады. Олардың аттары пиримидиндік азоттық негіздердің аттарына –идин, ал пуриндік азоттық негіздердің аттарына –озин жалғауларын және алдында дезокси– жұрнағын қосып жазу арқылы құрастырылады. Мұндай нуклеозидтерге дезокситимидин, дезоксицитидин, дезоксиаденозин және дезоксигуанозин жатады. Дезоксирибонуклеозидтерге жататын нуклеозидтердің құрылысы мынадай:

 

Дезокситимидин д.Т. (2–дезоксирибоза + тимин)
Дезоксиаденозин д.А. (2–дезоксирибоза + аденин)
Дезоксицитидин д.Ц. (2–дезоксирибоза + цитозин)
Дезоксигуанозин д.Г. (2–дезоксирибоза + гуанин)

 


N–гликозидтерге жататын нуклеозидтер қышқылдық ортада жақсы гидролизденеді де, әлсіз сілтілік ортада тұрақты болады. Олардың ішінде пуринділер оңай, ал пиримидинділер қиындау гидролизденеді. Жасушаларда кәдімгі нуклеозидтерден басқа минорлы нуклеозидтер де кездеседі, мысалы 3–метилуридин, дигидроуридин т.б. Кейбір жасушада кездесетін нуклеозидтердің антибиотикалық қасиеттері болады, олар сол себепті антиметаболиттердің (кордицепин) ролін атқарады.

Пиримидинді немесе нуринді азоттық негізден, көмірсулы компоненттен (рибоза немесе дезоксирибоза) және бір, екі немесе үш молекула фосфор қышқылының қалдықтарынан тұратын күрделі заттар нуклеотидтер деп аталады.

Нуклеотидтер күрделі химиялық қосылыстар, олардың құрамына:

1. Пиримидинді немесе пуринді азоттық негіз;

2. көмірсу компоненттері (рибоза немесе 2–дезоксирибоза);

3. бір, екі немесе үш молекула фосфор қышқылының қалдықтары кіреді.

Нуклетидтердің жалпы жобасын былай көрсетуге болады:

 

N-Глюкозидтік байланыс
Азоттық негіз (аденин)
1, 2 немесе 3 фосфор қышқылының қалдықтары

 

Нуклеотидтерді нуклеозидтердің фосфорлы эфирлері ретінде қарастыруға болады. Нуклеотидтердің құрамындағы фосфор қышқылының қалдығы екі негізді қышқылдың касиеттерін көрсетеді және екі диссоциациялану константасымен сипатталады. Құрамындағы пентозаның табиғатына байланысты рибонуклеотидтер (құрамында β–D–рибоза) және дезоксирибонуклеотидтер (β–D–2–дезоксирибоза) болып бөлінеді. Нуклеотидтердің аты фосфатты қалдықтың орны санмен және мөлшері (моно–, ди–, три–) көрсетілген нуклеозидтің атынан құралады. Сонымен қатар, азоттық негіздің атына «қышқыл» деген сөзді қосып, атауға да болады. Мысалы, аденозин-3′–монофосфат немесе 3′–аденил қышқылы.

 

аденозин-3′–фосфат (3′-АМФ) немесе 3′–аденил қышқылы

 


Көбінесе нуклеотидтер қысқартылған түрде азоттық негіз бен фосфор қышқылының мөлшерін көрсететін әріптермен аталады. Мысалы, АМФ (аденозинмонофосфат), АДФ (аденозиндифосфат), АТФ (аденозинтрифосфат).

Рибонуклеин қышқылдарын құрайтын рибонуклеотидтерге АМФ, ГМФ, ЦМФ және УМФ жатады. Барлық аталған нуклеотидтер 5′–фосфаттарға жатады. Егер басқа нуклеотидтер болса, оларды атағанда, міндетті түрде, фосфаттық топтың орнын көрсету керек. Мысалы, 3′–АМФ.

 

УМФ (уридинмонофосфат, уридин – 5′ – фосфат, 5′ – уридил қышқылы)  
АМФ (аденозин монофосфат, аденозин – 5′ – фосфат, 5′ – аденил қышқылы)
ГМФ (гуанозин монофосфат, гуанозин – 5 фосфат, 5 – гуанил қышқылы)
ЦМФ (цитидин монофосфат, цитидин – 5′ – фосфат, 5′ – цитидил қышқылы )  

 









Дата добавления: 2016-12-16; просмотров: 1775;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.