Гидроксиқышқылдар

Радикалдың бір сутегі атомы гидроксил тобымен алмасқан карбон қышқылдарының туындылары гидроксиқышқылдар деп аталады. ОН-тобының орналасуына байланысты α–, β–, γ–, δ–, ε– т.б қышқылдарға жіктеледі. Мысалы:

 

CH3 - CH2 – CH – COOH α - гидроксимай қышқылы

ОН

CH3 - CH – CH2 – COOH β - гидроксимай қышқылы

ОН

HO - CH2 - CH2 - CH2 – COOH γ - гидроксимай қышқылы

 

Қыздырғанда гидроксишқылдар әр түрлі өнімдер түзеді. Мысалы, α- гидроксиқышқылдан циклды лактидтер пайда болады:

лактид

 

 


β– гидроксимай қышқылы Кротон қышқылы β–аминомай қышқылы
β– гидроксиқышқылдар қанықпаған қышқылдарға айналады:

 

γ–, δ–, ε– т.б. гидроксиқышқылдардан тұйық тізбекті күрделі эфирлерге – лактондар түзіледі:

 

γ–Гидроксимай қышқылы γ–Бутиролактон
γ–Аминомай қышқылы γ–Бутиролактам

 

 


Табиғи гидроксиқышқылдардың маңызды өкілдері:

Гликоль қышқылы HO–CH2–COOH

Сүт қышқылы CH3 –CH(ОH)–COOH

γ–Гидроксимай қышқылы (ГОМҚ) HO–CH2–CH2–CH2 –COOH.

ГОМҚ тұз түрінде ұйықтатқыш зат ретінде, сол сияқты ингаляцияланбайтын наркозда қолданылады. Көп негізді гидрокси-қышқылдардың ішіндегі маныздыларына алма, лимон және шарап қышқылдары жатады.

HOOC–CH(ОH)–CH2–COOH алма қышқылы

HOOC–CH2–C(ОH)–(COОH)–CH2–COOH лимон қышқылы

HOOC–CH(ОH)–CH(ОH)–COOH шарап қышқылы

Алма және лимон қышқылдары үшкарбон қышқылдарының циклына (Кребс циклы) қатысады. Лимон қышқылының тұздары (циттраттар) қанды консервлеу үшін пайдаланылады.

 








Дата добавления: 2016-12-16; просмотров: 6226;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.