Канниццаро реакциясы.

Альдегид молекулаларының бір мезгілде тотығуы және тотықсыздануы табиғатта жиі кездеседі. Бұл реакция дисмутация немесе диспропорция деп аталады және оны ароматты альдегидтер үшін Канниццаро, ал алифатикалық альдегидтер үшін В.Е.Тищенко бірінші рет анықтаған. Процесс концентрленген сілті ерітіндісінің қатысуымен жүреді және альфа сутегі атомы болмайтын альдегидтерге тән. Реакция барысында бір альдегид молекуласы екінші альдегид молекуласының тотықсыздануы арқылы тотығады. Мысалы:

 

бензальдегид бензил спирті калий бензоаты

 

 


ГЕТЕРОФУНКЦИОНАЛДЫҚ ҚОСЫЛЫСТАР

 

Молеуласының құрамында бір ғана монофункционалдық тобы бар қосылыстар монофункционалдық деп аталады. Егер бірнеше бірдей функицоналдық тобы болса, оларды полифункционалдық деп атайды. Қосылыстың құрамында әр түрлі функционалдық топтар болса, олар гетерофункционалдық заттарға жатады. Көптеген метаболиттерді, дәрілік заттарды осы топқа жатқызуға болады, олар әр түрлі функционалдық топтардан тұрғандықтан биологиялық функицоналарды қамтамасыз ететін ерекше қасиеттерге ие болады.

 

Аминді спирттер

 

Гетерофункионалдық қосылыстардың бір өкілі болып табылады. Олар радикалдың бір сутегі атомы амин тобымен алмасқан спирттердің туынылары. Аминді спирттердің ең қарапайым өкілі этаноламин (коламин):

 

H2N–CH2 –CH2 –OH

 

Этаноламиннің туындысы димедрол аллергияға қарсы және ұйықтатқыш зат ретінде қолданылады:

 

Димедрол

 

Аминді спирттердің екінші бір өкілі холин май алмасуды реттейтін витамин тәріздес зат:

 

 

Холиннің тотығуы нәтижесінде трансметилдену реакцияларына қажетті метил тобының көзі болып табылатын бетаин түзіледі:

 

холин бетаин    

 

Холиннің күрделі эфирлері, әсіресе нейромедиатр болып есептелетін ацетилхолин маңызды биологиялық роль атқарады:

холин ацетилхолин  

 


Этаноламин мен холин организмде серин амин қышқылынан түзіледі:

декарбоксилдеу метилдеу Серин Коламин Холин

 

 


Серин, коламин және холин фосфолипидтердің құрамына кіреді.

 








Дата добавления: 2016-12-16; просмотров: 3432;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.