Спирттерді қосып алу.
Альдегидтер спирттерді қосып алып, жарты ацетальдарға айналады, егер қышқылдық ортада спирттердің артық мөлшері түзілсе, ацетальдар түзіледі, ал кетондардан кетальдар түзілмейді. Құрамындағы бір көміртегі атомы әрі гидроксил, әрі алкокси топтармен жалғасқан қосылыстар жарты ацетальдар деп аталады. Егер көміртегі атомы екі алкокси топпен жалғасса, қосылыстар ацетальдар деп аталады.
Спирттер су сияқты әлсіз нуклефил болғандықтан реакция қышқылдық ортада оңай жүреді.
Жарты ацетальдар АN механизм бойынша түзіледі:
Альдегид Жарты ацеталь |
Ацетальдардың түзілуі SN механизм бойынша орындалады:
Жарты ацеталь Ацеталь |
Реакция қайтымды, түзілген өнімдер қышқылдық ортада оңай гидролизденеді. Жанды ағзалардағы әртүрлі бөтен қосылыстар ацетальдар түрінде бөлініп шығады.
Тиолдарды қосып алу.
Тиолдардың альдегидтер және кетондармен әрекеттесуі спирттерге қарағанда белсендірек жүреді, нәтижесінде жарты тиоацетальдар және тиоацетальдар түзіледі.
Альдегид Жарты меркапталь Меркапталь немесе кетон |
Дата добавления: 2016-12-16; просмотров: 1142;