АМИНҚЫШҚЫЛДАР. АҚУЫЗДАР

Академик В.И. Вернадскийдің есебі бойынша жер жүзіндегі тірі организмдердің салмағы 1017 т. тең екен. Ал осы барлық тірі организмдердің негізгі құрамды бөлігі белок. Тіршілік ету процестерін зерттеу жұмыстары олардың өмірінде нуклейн қышқылдарының, белоктардың жаңаруы, күрделілігі, шексіз әр-түрлілігі, маңыздылығының ерекше екендігін көрсетеді.

Ф.Энгельс өзінің «Табиғат диалектикасы» еңбегінде: «Өмір дегеніміз – белокты денелердің қмір сүру тәсілі, яғни организмдегі зат алмасудың қоршаған ортамен тығыз байланысы»,- деп жазды. Басқаша айтқанда белок – барлық тірінің материалдық негізі болса, ал олардың тіршілік ету тәсілі - өмір болып табылады.

Белоктардың «белок» деп аталуы олардың тауық жұмыртқасы белогының қайнап денатурацияланған кез – ақ тығыз массаға айналуынан шыққан. Оның басқаша аты протеин (protos – бірінші, маңызды латын сөзінен алынған). Бұл атты Голландия ғалымы Ж.Мульдер берген.

Белоктардың тірі организмдер үшін алатын орны:

1. Белок – генетикалық ақпаратты жеткізуге қолданылатын молекулалық құрал. Белоктардың маңызды қызметтерінің бірі олар түзу сызықтық РНҚ – дағы генетикалық хабарды үш өлшемдік, яғни кеңістіктік хабарға айналдыратын химиялық материал болып табылады. Ал бұл үш өлшемдік, яғни кеңістіктік хабар тірі организмдердің макромолекулалық, субклеткалық компоненттеріне тән, Міне, белоктардың бір осы қасиеті ғана, олардың қаншалықты маңызды екендігін көрсетеді.

2. Белок – күрделі заттардың жай қарапайым заттарға дейін тотығуына қатысатын және жай заттардан күрделі заттардың түзілуіне қатысатын фермент.

3. Белок – адам организмін микробтардан, ауру туғызушы агенттерден сақтайтын антидене.

4. Актин, миозин сияқты белоктар бірімен – бірі АТФ – тың қатысуымен әрекеттесіп, бұлшықеттерінің жиырылуы сияқты қызмет атқарады.

5. Көптеген белоктар /инсулин, глюкагон, гипофиздің тропты гормондары/сыртқы ортаның әсеріне сәйкес, тірі органимдегі процестерді реттеп отырады.

6. Белоктардың бір тобы – гемоглобин, қан плазмасының белоктары альбумин, глобулин тасымалдау қызметін атқарады. Сонымен белоктар тіршілік етудің: ас қорыту, тітіркену, өсу, көбею, қозғалу сияқты барлық құбылыстарына қатысып, тірі организмнің тіршілігінің көзі болып табылады.

Белоктардың элементтік құрамы:

C – 50 - 55%

N – 15 - 18%

О – 21 - 24%

Н – 6 - 7,50%

S - 0,3 - 2,5%

Бұлардан басқа P (2%=ке тең),Cu, Mn, Fe, Co т.б. элементтер кездеседі. Белоктардың молекулалық салмағы 12 – 13000 – нан /жай белоктарда/бірнеше миллионға дейін /күрделі белоктарда/жетеді.

Сондықтан белоктардың молекулалық салмағын анықтау көптеген қиындықтар туғызады. Жай заттардың молекулалық салмағын анықтауға қолданып жүрген классикалық физикалық – химиялық әдістер, белоктардың ерекше қасиеттеріне сәйкес, олардың молекулалық салмағын анықтау үшін жарамсыз болды. Тек қана ХlХ ғасырда ультрацентртифуганың жасалуына сәйкес, ультрацентрифугалық әдіс дами бастады. Осы әдіс арқылы центрден тепкіш күшке байланысты белоктардың тұнбаға түсу жылдамдығының әртүрлілігімен сәйкес, олардың молекулалық салмағын дәл анықтауға мүмкіндік туды. Қазіргі кезде бұдан басқа гельфильтрация, электрофорез әдістері де қолданылады.

 








Дата добавления: 2016-12-16; просмотров: 1762;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.