Леуметтік қамсыздандыру құқығы қайнар көздерінің жүйесі
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы қайнар көздері өз жүйесіне ие, ол әлеуметтік қамсыздандыру құқығының барлық сандарының біртұтас кешенде орналасу құрамын, өзара байланысын және кезектілігін білдіреді.
Әлеуметгік қамсыздандыру құқығының қайнар көздерін былайша түрлерге бөлуге болады:
1. Қазакстан Республикасының Конституциясы (28,29,30-баптары);
2. Халықаралық-құқықтық актілер - халықаралық конвенциялар, декларациялар, ТМД едерінің арасындағы келісімдер;
3. Қазақстан Республикасының заңдары:
- ҚР «ҚР еңбек туралы» заңы;
- ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңы;
- ҚР «ҚР-дағы қаржы полициясының органдары туралы» заңы;
- ҚР «Мемлекетгік атаулы әлеуметтік көмек туралы» заңы;
- ҚР «Отбасылық типтегі балалар ауылдары және жастар үйлері туралы» заңы;
- ҚР «Өмір сүру деңгейінің төменгі мөлшері туралы» заңы;
- ҚР «Мемлекеттік кызмет туралы» заңы;
- ҚР «ҚР-дағы арнайы мемлекеттік жәрдемақылар туралы» заңы;
- ҚР «Әлеуметтік кепілдіктерді реттеуге қатысты шаралар туралы» заңы;
- ҚР «¥лы Отан соғысына қатысушыларды, мүгедектерді әлеуметтік қорғау және жеңілдіктер туралы» заны;
- ҚР «Әскери қызметшілердің және олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы» заңы;
- ҚР «Саяси куғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» заңы;
- ҚР «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық полигондардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» заңы;
- ҚР «Арал теңізіндегі экологиялық апат салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» заңы және т.б.
4.заңға сәйкес актілер (ҚР Президентінің жарлықтары және ҚР Үкіметінің қаулылары);
5. ведомстволық актілер (ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің актілері және т.б.);
6.жергілікті өзін-өзі басқару органдарының актілері (мысалы, Алматы қаласының);
7.локальдық актілер (келісімдер, ұжымдық шарттар).
Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру құқығынын қайнар көздері ретіндегі маңызды заңдарға жалпы сипаттама. Қазақстан Республикасында еңбек мәселелері бойынша маңызды заңдарға мыналар жатады:
ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңы. Бұл заң тәуелсіз Қазақстанны» тарихында алғаш рет азаматтардың зейнетақымен қамсыздандыру құқықтарын, мемлекеттің зейнетақымен қамсыздандыруға қатысты кепілдіктерін анықтады, Орталықтан және зейнетақылық қорлардан зейнетақылық төлемдер алудың тәртібін белгіледі, жинақтаушы зейнетақы қорларын ұйымдастырудың және олардың жұмысының негізгі қағидаларын бекітті.
ҚР «ҚР-да мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңы. Бұл заң «мүгедек» сөзіне анықтама берген, мүгедектердің құқықтық жағдайының негіздерін, олардың еңбек саласындағы құûқтарын, мүгедектерге көрсетілетін әлеуметтік көмек пен жеңілдіктердің түрлерін анықтаған.
Халықты еңбекпен қамту туралы заң. Елімізде жұмыссыздық деген пайда болып, жұмыссыздардың саны көбейіп келе жатқан жағдайда қабылданған бұл акт - біздің республикамыздағы халықты еңбек-пен қамтуға бағытталған алғашкы заң. Аталған заң еңбекпен қамту қағидасын бекітіп, «еңбекпен қамту», «жұмыссыз», «жұмыссыздың мәртебесі» сияқты түсініктерді анықтады, сонымен қатар, мемлекеттік органдардың жұмыс берушілермен және жұмыссыздармен қарым-қатынастарын реттеді.
Осы заңға сәйкес еңбекпен қамту және жұмысқа орналастыру органдары да жұмыс істейді. Қызметкерлер еңбек шартын бекітпестен бұрын аталған органдармен қатынасқа түседі.
Еңбекті қорғаудың негіздері туралы заң еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясатгы бекітті. Бұл актінің ережелері жұмыс барысында қызметкерлердің өмір және денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелерін, сонымен қатар әлеуметтік қорғау мәселелерін реттейді.
За»дардан өзге барлық қайнар көздер заңға сәйкес актілер болып табылады, олар: ҚР Президентінің жарлыктары, ҚР Үкіметінің қаулылары, министрліктер мен ведомстволардың нормативтік бұйрықтары, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қàулылары және т.б.
Еңбек құқығы қайнар көздерінің арасында Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықгарымен қабылданған бірқатар актілер де бар. ҚР Президенті Қазакстан Республикасының бүкіл аумағында міндетті күшке ие жарлықтар мен өкімдер шығарады, олар заңға сәйкес актілер болып табылғандықтан, ҚР Конституциясына және заңдарына сәйкес болуы тиіс.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен еңбектің әр түрлі мәселелеріне қатысты заңдарды орындауға қатысты нормалар қабылданады. Еңбек жөніндегі арнайы орган - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Бұл министрлік еңбекті қорғау, жалақы, халықты еңбекпен қамту және әлеуметтік қорғау және өзге де мәселелер жөнінде актілер қабылдайды,
Дата добавления: 2016-04-22; просмотров: 3270;