Айналымдағы сумен жабдықтау жүйесі

 

Тікелей жүйемен салыстырғанда айналымдағы сумен жабдықтау жүйесі аса келешегі бар болып табылады, бұл жағдайда су табиғи көзге шығарылмайды, ал өңделгеннен кейін сол тұтынушыда пайдаланылады. Айналымдағы сумен жабдықтау жүйесінің сұлбасы 22 суретте көрсетілген.

Екінші көтергіштегі сорғы суды тұтынушыларға жібереді, қыздырылған және ластанған су 13 тазарту қондырғысына бағытталады. Тазартудан өткен су 14 бакта жиналып және үшінші көтергіштегі сорғының көмегімен 16 салқындаттушы құрылғыға бағытталады, онда су атмосфералық ауамен байланыста болып салқындайды, яғни қоршаған ортаның температурасынан төмен мәнде болады. Әрі қарай су тұтынушыларға салқындатылған және тазартылған күйінде 6 екінші көтергіштегі сорғы арқылы барады. Айналымдағы сумен жабдықтау жүйесінің артықшылығы: кәсіпорынды техникалық қажеттілікке арналған сумен үнемді қамтамасыз ету, су жүйеде бірнеше мәрте пайдаланылады.

Үрлеу (12) тұзды теңгерімді сақтап тұру үшін қажет, үрлеудің мысалы ретінде турбинаның конденсаторларының салқындату жүйесі, сығымдағыш станцияларында ауаны салқындату, күл мен қоқысты ЖЭО-на тасымалдау және т.б. жатады.

 

 


Сурет 22. Айналымдағы сумен жабдықтау жүйесінің сұлбасы.

1- Сумен қамтамасыз ету көзі;

2- Су алу құрылғысы;

3- Бірінші көтергіштегі сорғылық станциясы;

4- Тазарту құрылғысы;

5- Кәсіпорынға баратын су құбырының желісі;

6- Екінші көтергіштегі сорғылық станциясы;

7- Реттеуші сыйымдылық;

8,9,10,11 – суды тұтынушылар;

12- Үрлеу;

13- Тазарту құрылғысы;

14- Тазартылған судың резервуары;

15- Үшінші көтергіштегі сорғылық станциясы;

16-Салқындатқыш құрылғы.

 

 
 

 

 


Сурет 23. Үрлеу процесінің принципиалдік сұлбасы.

 

Сумен қамтамасыз етудің айналымды жүйесінің жұмысының артықшылығы: кәсіпорынның техникалық үшін қолданылатын суды үнемдеу болып табылады және су жүйеде бірнеше мәрте пайдаланылады.

Айналымды сумен қамтамасыз ету жүйесінің жұмысының тікелей жүйемен салыстырғандағы ерекшелігі:

1. Салқындатылған судың аса жоғары температурада болуы,оның әсерімен турбина конденсаторларындағы вакуум 2-3% төмен.

2. Салқындатқыш құрылғыларын жұмыс метеорологиялық жағдайда тәуелді болуы (желдің бағыты)

3. Салқындатқыш құрылғыларындағы су жоғалуының орнын толтыру қажеттелігі.

 








Дата добавления: 2016-02-16; просмотров: 2839;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.009 сек.