дәріс. Халықтың әртүрлі категорияларымен әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жетілдіру

 

Әлеуметтік жұмыс проблемалары, оның негізгі бағыттарын көп аспекті қиын процестері көрсетеді, сондықтан бұл жұмыстың барлық қырын қамту мүмкін емес.Ұсынылатын әлеуметтік қызмет көрсету сапасын жақсарту әлеуметтік қызмет көрсетудің мемлекеттік стандарттарын әзірлеу, ұсынылатын қызметтер

тізбесін кеңейту мен олардың жетімділігін қамтамасыз ету негізінде жүзеге асырылатын болады.Осыған байланысты:5 жасқа дейінгі балалар үшін мектепке дейінгі жастағы балалар тәрбиешілерін жалдау жөніндегі агенттіктер желісін құру мен дамыту;үйде әлеуметтік көмек желілерін, оңалту орталықтары мен мүгедек балалар мен кемтар балалар үшін әлеуметтік, медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау көрсете отырып, психологиялық- педагогикалық түзеу кабинеттерін дамыту;зорлық-зомбылыққа ұшыраған балалар мен жасөспірімдер үшін жетімханалар ашу, кейіннен осы балаларды балалар үйлеріне немесе арнаулы интернат үйлеріне орналастыру;мүгедектер мен егде жастағы адамдар үшін әлеуметтік және медициналық қызметтер ұсынатын оңалту мекемелері желісін дамыту;өмірде қиын жағдайға душар болған адамдар үшін әлеуметтік-психологиялық және консультациялық көмек көрсетуге арналған дағдарыс орталықтарын құру және дамыту.Мүгедектер үшін ұсынылатын өтемдік техникалық құралдар сапасын жақсартуға протездік-ортопедиялық бұйымдарды шығарудың қазіргі заманғы технологияларын енгізу, сатып алынатын сурдо-тифло құралдардың сапасын арттыру, аймақтарда мүгедектерге сервистік қызмет көрсетудің инфрақұрылымын одан әрі дамыту есебінен қол жеткізілетін болады.

Әлеуметтік қызметтер көрсетуге қол жетімділік:

- әлеуметтік қызметтерді көрсетуге мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру және мемлекеттік сатып алуды жүргізу рәсімдерін жетілдіру;

- орта кәсіптік білімі бар мүгедектерге МӘС-тің қорытындысына сәйкес оқуға қарсылық балмайтын жоғары және орта оқу орындарына түсу үшін квоталар бөлу негізінде қамтамасыз етіледі.

Әлеуметтік қызметтерді ұсынатын ұйымдардың желісін құру мен дамыту үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің белсенді қатысуымен жүзеге асырылатын болды.

Әлеуметтік көмекті ұйымдастыруды жетілдіру мынандай шараларды көздейді:

1) Балалы отбасыларына бала туылғанда берілетін бір жолғы төлемге қосымша:

- бір жылға дейін баланы күту жөніндегі жәрдемақы енгізілетін болады. Жәрдемақы мөлшері 4 балаға дейін өсіп отыратын шкалада болады және отбасының кірісіне қарамастан төленеді;

- аз қамтылған отбасыларына 18 жасқа дейін балалар жәрдемақысы енгізіледі.

2) Мүгедектерге

Мүгедектерге сурдо-тифлотехника және протездік-ортопедиялық бұйымдар сатып алу шығындарын өтеуге кезең-кезеңімен көшу мүмкіндігі қарастырылатын болады.

3) Аз қамтылған отбасыларына:

- АӘК ұсынудың өлшемдері жетілдірілетін;

- әлеуметтік көмектің әр алуан түрін алуға үміткер адамдар үшін жиынтық табысты есептеудің бірыңғай әдістемесі әзірленетін (тұрғын үй көмегі, АӘК, 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы);

- тұрғын үйге және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу жүйесін одан әрі жетілдіруді ескере отырып, тұрғын үй көмегін ұсынуды оңтайландыру жүргізілетін болады.

4) Халықтың өзге әлеуметтік осал топтарына:

Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері арттырылатын болады.








Дата добавления: 2016-03-15; просмотров: 2277;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.