Б а п. Кәсіби қызметті жекелеген түрлері атқаруды шектеу
1. Мемлекеттік уәкілетті органдар құқық берген дәрігерлік комиссиясының шешіміне сәйкес, медициналық психиатриялық қарсылық тізбесіне сәйкес азаматтың психикалық денсаулық жағдайын бағалау негізінде азамат психикасының бұзылуы салдарынан уақытша, соңынан қайта куәландіру құқығымен кәсіби қызметтің жекелеген түрлерін, сондай-ақ жоғары қауіп көзіне байланысты жұмыс атқаруға жарамсыз деп танылуы мүмкін.Азамат иұндай шешіммен келіспеген жағдайда ол жөнінде сотқа шағымдануға болады.
2. Кәсіби қызметтің жекелеген түрлерін, сондай-ақ жоғары қауіп көзіне байланысты жұмысты жүзеге асыруға арналған медициналық психиатриялық жақпайтын заттар тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді және жинақталған тәжірибе мен ғылими жетістіктерді ескере отырып , ол мезгіл-мезгіл(кемінде бес жылда бір рет) қайта қаралады.
7-б а п. Психиатриялық жәрдем көрсетілетін азаматтардың
құқықтары мен мүдделерін қорғау.
1. Азамат өзіне психиатриялық жәрдем көрсетілген кезде өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін өз қалауымен өкіл шақыруға құқылы.Өкілдік Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіппен ресімделеді.
2. Кәмелетке толмаған және белгіленген тәртіп бойынша іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған адамның психиатриялық жәрдем көрсетілген кездегі құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды олардың заңды өкілдері жүзеге асырады.
3. Азаматқа психиатриалық жәрдем көрсетілген кезде оның құқықтарымен заңды мүдделерін қорғауды адвокат немесе заңды өкіл жүзеге асырады.Адвокатты шақыру және оның қызметіне ақы төлеу тәтібі Қазақстан Республикасының Заңдарына көзделеді.Психиатриалық жәрдем көрсететін ұйымның әкімшілігі осы заңның 23-бабының 5-тармағындағы 1)- тармақшаларда және 29-бабының 1)-тармақшасында көзделгеннен басқа жағдайларда адвокат шақыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Б а п. Дәрігерлік құпияны сақтау
Азамат психикасының бұзылғаны, оның психиатралық жәрдем сұрағаны және осындай жәрдем көрсететін мекемеде емделгені туралы мәліметтер, сондай-ақ психиеалық денсаулық жағдайы туралы өзге де мәліметтер заңмен қорғалатын дәрігерлік құпия болып табылады.
Б а п. Психикалық денсаулық жағдай туралы мәліметтер беру
Тәртібі
1. Психикасының бұзылуынан зардап шегуші адамның құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру үшін оның психикалық жай – күйін ескере отырып, өзінің өтініші не оның заңды өкілінің, адвокаттың өтініші бойынша, оларға осы адамның психикалық денсаулық жағдай туруалы және оған психиатриалық жәрдем көрсетілгені туралы мәліметтер беріледі.
2. Азаматтардың психикалық денсаулық жағдай не оларды психиатр-дәрігердің тексергені туралы үшінші бір адамдарға мәліметтер беруге Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгіленген реттерде ғана жол беріледі.
Дата добавления: 2016-03-22; просмотров: 1149;