Жәрдемақылардың түрлері

Жәрдемақылардың түрлерінің көптігі оларды белгілі бір белгілері, мақсаттары және міндеттері бойынша түрлерге бөлу, топтастыру қажеттігін туғызады.

Біздің көзқарасымызша, жәрдемақыларды топтастырудың басты белгісі болып, жәрдемақыларды берудің әлеуметтік-құқыкгық негіздері және мақсатты бағыттылығы табылады. Бұл белгі жәрдемақылардың мақсатты бағыттылығын ғана емес, сонымен қатар оны алуға құқылы тұлғалардың құрамын және оны төлеудің ұзақтығын анықтайтындық-тан да, біз оны (белгіні) басты деп атап отырмыз. Осы саладағы заңдарға талдау жасау, жәрдемақылардың келесі түрлерін анықтауға мүмкіндік береді.

1) Жәрдемақылардың бірінші тобының негізіне еңбекке уақытша жарамсыздық жатқызылған. Оларға мыналар жатады: ауырған жағдайдағы, отбасының науқстанған мүшесін күту қажеттігімен байланысты, туберкулезбен немесе кәсіптік аурумен науқастануға байланысты, басқа жұмысқа ауысумен байланысты, протездік-ортопедтік стационарға жатқыза отырып, протездеумен байланысты жәрдемақылар. Жәрдемакы-лардың бұл түрлерінің барлығы кұжаттық куәландыру кезінде беріледі, жәрдемақының өзі де осыған орай төленеді. Әдетте, бұл жәрдемақылардың мөлшері жалақының мөлшеріне байланысты болады және оларды төлеу жалақыдан айырылған бүкіл кезең бойы жүзеге асырылады;

2) Жәрдемақылардың екінші тобына бала туумен және кәмелетке толмаған балалармен байланысты жәрдемақылар жатады. Бала туу, балалар мен аналарға материалдық қолдау көрсету қажеттігін туғызады. Мұндай жағдайға қатысты жәрдемақылар алуан түрлі болып келеді: жүктілігіне және бала тууға байланысты жәрдемақылар, бала туу кезіндегі бір жолғы жәрдемақылар және т.б.;

3) Жәрдемақылардың үшінші тобына жалақыдан айырылған кездегі кезеңге өмір сүру көзін қамтамасыз етуі тиіс жәрдемақылар жатады. Олардың негізі болып, азаматтарға тәуелсіз жағдайлардан орын алған жұмыссыздық табылады. Бұл топтың жәрдемақылары Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекетітк атаулы әлеуметтік көмек туралы» заңына сәйкес төленеді. Бұл жәрдемакының мөлшері жәрдемақыны алушы нақты тұлғаларға қарай әртүрлі болуы мүмкін;

4) Жәрдемақылардың төртінші тобына ерекше жағдайларда - отбасы мүшесі қайтыс болған жағдайда, оны жерлеу қажеттігі туған кезде, табиғи апаттар орын алғанда және т.б. кездерде отбасына материалдық қолдау көрсету мақсатында берілетін жәрдемақылар жатады. Бұл жәрдемақылардың мөлшері оны алушыда жалақының бар-жоқтығына және оның мөлшерінің қандай екеніне тәуелді болмайды.

Жәрдемакьшардың маңызды белгісі болып, оларды төлеудің ұзақ-тығы да табылады. Жәрдемақылар осы белгісі бойынша бір жолғы, мерзімдік жэне ай сайынғы.

1)Бір жолғы төлемдерге бала туған кезде, оралмандарға берілетін, жерлеуге және т.б. қатысты берілетін жәрдемақылар жатады. Олар әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі заңдарда көзделген жағдайлар орын алғанда, азаматтардың қосымша шығындарын өтеу үшін арналған;

2)Мерзімдік жәрдемақыларға белгілі бір уақытта төленетін жәрдемақылар жатады (мысалы, ауырған кезде, жүктілігіне және босануына байланысты жэне т.б. жағдайларда төленетін жәрдемакылар). Мерзімдік жәрдемақылардың мақсаты болып, заңдарда көздел-ген жағдайлар орын алған жағдайда, жалақыдан айырылу кезінде, оны толығымен немесе ішінара орнын толтыру табылады. Мерзімдік жәрдемақылардың біржолғы жәрдемақылардан айырмашылығы -олар уақытта белгілі бір ұзактыққа ие болады, алайда олар ай сайынғы жәрдемақыларға айналмайды;

3) Ай сайынғы жәрдемақылар ұзақ уақыт бойы, белгілі бір уақыт ішінде тұрақты түрде төленеді. Бұл жәрдемқыларды төлеудің ұзақтығы заңдарда анықталған және жәрдемақы түріне тәуелді болады. Аталған жәрдемакылардың қатарына мүгедек баланы 16 жасқа дейін күтуге, оқушыларды 23 жасқа дейін күтуге қатысты және т.б. жәрдемақылар жатады.

Жәрдемақылар, сонымен қатар, жәрдемақының қандай да бір түрі төленетін тұлғалар шеңбері бойынша да түрлерге бөлінеді. Жәрдемақылар осы белгісі бойынша келесі түрлерге бөлінеді:

1) еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты жәрдемақы;

2) жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақы;

3) бала туған кезде берілетін жәрдемақы;

4) жұмыссыздыққа байланысты жәрдемақы;

5) балалары бар азаматтарға берілетін жәрдемақы;

6) оралмандарға берілетін жәрдемақы;

7) қолайсыз аудандарда тұратын азаматтарға берілетін жәрдемақы;

8) азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін өзге де жәрдемақылар.

 








Дата добавления: 2016-04-22; просмотров: 5054;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.007 сек.