Арнайы білімді қажет ететін адамдарға арнайы білім беру мекемелерінің тізімі, түрлері, қажетті орындар саны
29.10.2003ж. ҚР БжҒМ №787 бұйрығымен бекітілген арнайы білім беру мекемелер түрлері мен үлгілерінің тізімі.
Бұйрықта көрсетілген арнайы білім беру мекемелерінің түрлері:
- Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеудің түзетушілік (теңестіру) мекемелері.
- Түзетушілік білім беру мекемелері.
- Орта-кәсіби, бастауыш кәсіби білім беру түзетушілік мекемелері.
- Арнайы білім беру мекемелері.
- Ата-анасынан айырылған мүмкіндігі шектеулі, жетім балаларға арналған арнайы білім беру мекемелері.
Психофизикалық дамуының бұзылуы және жасына байланысты арнайы білім беруді қажет ететін тұлғаларға арналған арнайы мектепке дейінгі мекемелер түрлері, ондағы орындар саны, 3 жас және 3 жастан ересек балаларға арналған топтар:
1) бөбектер балабақшасы:
2) мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған балабақшасы:
- ауыр тіл кемістігі бар балаларға:
3 жасқа дейін – 10 баладан артық емес;
3 жастан жоғары – 12 баладан кем емес;
- естімейтін (керең) балаларға:
3 жасқа дейін – 10 баладан артық емес,
3жастан жоғары -12 баладан артық емес;
- көру қабілеті зақымдалған (соқыр) балалар:
екі топта – 10 баладан артық емес:
- нашар көретін балалар, амблиопиясы бар, қыли балалар;
3 жасқа дейін -10 баладан артық емес;
3 жастан жоғары – 15 баладан артық емес;
- тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары бар балалар:
3 жасқа дейін – 10 баладан артық емес,
3жастан жоғары -12 баладан артық емес;
- зияты бұзылған ( ақыл –ойы кем) балалар;
3 жасқа дейін – 6 баладан артық емес;
3 жастан жоғары – 10 баладан артық емес;
- психикалық дамуы тежелген балалар;
3 жасқа дейін – 6 баладан артық емес;
3 жастан жоғары – 10 баладан артық емес;
- ақыл-ойы терең зақымдалған балалар;
3 жастан жоғары - 8 баладан артық емес;
- күрделі кемістіктері бар балалар;
екі топта да – 8 баладан артық емес;
3) Жалпы білім беру және түзету сипатындағы функцияларды біріктіріп жүргізетін аралас балабақшалар.
4) Қалыпты дамыған және мүмкіндігі шектелген балаларды оқытып тәрбиелеуге арналған жалпы үлгідегі жалпыдамыту балабақшасы ( бөбектер балабақшасы).
Мүмкіндігі шектелген балаларға арнайы түзете білім беру мекемелерінің түрлері және топ, сыныптағы балалар саны:
1) Көру қабілеті зақымдалған балаларға арналған арнайы ( түзету) мекемесі:
- көрмейтін (соқырлар) – 8 баладан артық емес;
- нашар көретін және кейін көрмей қалған – 12 баладан артық емес;
2) есту қабілеті зақымдалған балаларға арналған арнайы ( түзету) мекемесі:
- естімейтіндер (кереңдер) – 8 адамнан артық емес;
- нашар еститіндер және кейін естімей қалған балаларға арналған 2 бөлімді:
1 бөлім – 10 адамнан артық емес;
2 бөлім – 10 адамнан артық емес;
4) тірек-қимыл аппараты бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы
( түзету) мекемесі – 10 адамнан артық емес;
5) психикалық дамуы тежелген балаларға арналған арнайы (түзету) мекемесі-12 адамнан артық емес;
6) ақыл-ойы кем (зият бұзылыстары бар) балаларға арналған арнайы
(түзету) мекемесі (көмекші мектеп) - 12 адамнан артық емес;
7) эмоция-ерік аясы бұзылған балаларға арналған арнайы (түзету) мекемесі – 6 адамнан артық емес;
8) ақаудың күрделі құрылымы бар балаларға арналған түзету мекемесі – 6 адамнан артық емес.
Бастауыш кәсіби және орта кәсіби білім беретін арнайы түзету мекемелерінің түрлері, арнайы топтарда 8 адамнан артық емес.
1) бастауыш кәсіптік мектеп;
2) мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған бастауыш кәсіптік (арнайы) мектеп
5. Арнайы білім беру мекемелер түрлері
1) психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестер (60000 балаға бір кеңес)
2) оңалту орталығы (облыстық, республикалық маңызы бар қалаларда);
3) психология – педагогикалық түзету кабинеттері (район орталықтарында);
4) мектептердегі логопедиялық пункттер (мектепте 20 бастауыш сынып болған жағдайда)
Мүмкіндігі шектеулі ата-ана қарауынсыз қалған немесе жетім балаларға арналған арнайы білім беру мекемелері.
- мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған балалар үйі (әртүрлі категориядағы балаларға);
- мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған балалар үйі және жалпы үлгідегі балалар үйі функцияларын атқаратын аралас балалар үйі.
Арнайы оқыту-тәрбиелеу мекемелерін ұйымдастырудың негізгі жалпы қағидалары:
- мекемелерді негізгі кемістік (ауытқу) қағидасы бойынша толықтыру;
- топ тәрбиеленушілерінің саны 15-ке дейін;
- қызметкерлер штатына дефектолог мамандарды енгізу;
- тәрбиешілер мен дефектологтар арасындағы сабақтар түрлерін қайта бөлу;
- сабақтардың арнайы түрлерін ұйымдастыру (есту зейінін дамыту, емдік, дене шынықтыру, т.б.)
Дата добавления: 2016-02-13; просмотров: 7492;