Балалар емханасында логопедиялық жұмысты ұйымдастыру

 

Балалар емханасындағы логопедиялық жұмыс «Сөйлеу тілі бұзылыстары бар балаларға логопедиялық көмек көрсетуді жақсарту бойынша шаралар туралы құжаттармен белгіленеді:

1) Қалалық, облыстық, аудандық әкімдігі, денсаулық сақтау бөлімдерінің басқармаларының басшыларына:

1.1 Емхана мекемелеріндегі логопедиялық кабинеттер жүйесін кеңейту:

10000 балаға 1 кабинет бөліп, ерте жастағы балаларға қызмет көрсету үшін бір логопед ставкасын бөлу .

1.2 Барлық облыс орталықтарындағы денсаулықты жақсарту, емдеу кабинеттерінде мұғалім –логопед және психолог қызметін еңгізу;

1.3 Орталық жүйке жүйесінің ауыр зақымдануы және сөйлеу тілінің бұзылыстары бар балаларға логопедиялық көмекті үйде көрсетумен қамтамасыз ету.

1.4 Туылғандар патологиясы бөлімшелерінде қызмет енгізу (15 балаға 1 логопед).

1.5 Тұтығатын мектеп жасындағы балалармен жасөспірімдерге арналған жазғы уақытта санитарлы үлгідегі лагерьлер ұйымдастырып, сөйлеу тілін түзетуге логопедтерді қатыстыру.

1.6 ОЖЖ зақымдалған балаларға арналған неврологиялық бөлімшелерде ( логопед қызметін 10 науқасқа - 1 ставка еңгізу)

1.7 Қазақстан Республикасының барлық облыстарында штаттан тыс ұйымдастырушылық тәжірибесі бар логопедия бойынша бас мамандар тағайындау.

Балалар емханасындағы логопед жұмысының мазмұны Балалар емханасының логопедиялық кабинеті туралы жарғысында ашылып көрсетілген. Жарғыға сәйкес, мұғалім- логопед (психолог) қызметіне логопедия мамандығы бойынша жоғары дефектологиялық білімі бар адамдар тағайындалады. Логопед емхананың бас дәрігеріне бағынады және оның алдында орындаған жұмысы бойынша жауапты.

Емхана логопедінің міндеттері:

1. Сөйлеу тілінің патологиясының барлық түрлері жөнінде 3 айдан-14 жасқа дейінгі балаларға кеңес беру.

2. Сөйлеу тілінің кемістіктерін түзету бойынша жұмыс.

3. Ұйымдастырылмаған балалар арасында сөйлеу тілінің бұзылыстарын айқындау және алдын алу мақсатында алдын алу шараларын жүргізу.

4. Логопедиялық сабақтар курсын өткен балаларға диспансерлік бақылау жасау.

5. Аудан тұрғындары және емхананың медициналық персоналы арасында санитарлы-ағарту жұмыстарын жүргізу.

Логопед дизартрия, ринолалия, тұтықпа, жалпы сөйлеу тілінің дамымауы, алалия, балалар афазиясы сияқты тіл кемістігінің ауыр түрі бар балаларға логопедиялық көмек көрсетуге міндетті. Аталған тіл кемістіктерінің барлығы әр баламен жеке сабақтардың 20-30 минуттан өткізілуін және де ата-анасына үйге тапсырма беруді қажет етеді. Ата –аналар баламен логопедтің өткен сабақтарына қатысулары керек, себебі үй жағдайында сабақтарды қайталау үшін балаға талаптарды білікті түрде қолдану (ұсыну) қажет.

Логопед орта есеппен күніне сөйлеу тілінің ауыр кемістігі бар 5 -6 бала қабылдайды.

Басталған оқу жылында логопед көмекті қажет етіп келген балалардың барлығын алғашқы қабылдау журналына тіркеу қажет. Күнделікті және кеңес беру сабақтарына қатысып жүрген балаларға арнап логопед логопедиялық карталар бастап, оған сөйлеу тілінің статусы , сөйлеу тіл қорытындысын тиянақты түрде сипаттап жазады. Сабақ жоспары мен жетістіктер динамикасын жазып отырады. Бала арнайы логопедиялық сабақтарда болмаған жағдайда, онымен үйде қалай жұмыс жүргізу туралы ата –анаға кеңес беру қажет. Логопед сабақтарына психомоторлық дамуы терең тежелген сөйлеу тілі дамуының 1 – 2 деңгейіндегі, кереңдер, психоневрологиялық диагностикалық жағдайында арнайы емді қажет ететін балалар алынбайды.

Балалардың бұл категориясындағы балалар сәйкес емдеу және оқыту мекемелеріне жіберіледі.

Логопедтің жұмыс уақыты аптасына 14 сағатты құрайды. 5 күндік аптада 2 қабылдау таңертен, 2 қабылдау кешке жасау керек. Сабақтарға дайындық, көрнекілік құжаттар дайындау, құжаттармен жұмыс уақытынан тыс кезде жасалуы тиіс.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің № 485 бұйрығына қосымша ретінде: жеке және топтық сабақтар жүргізу үшін логопедиялық кабинетке 20 метрден кем емес бөлме бөлінуі керек.

Кабинет қажетті жиһаз, арнайы құралдармен, көрнекілік, сөйлеу тілін дамытуға арнайы көрнекі материалдарымен жабдықталуы қажет.

Кабинетте ойын бұрышы болуы керек.

Күнтізбелік жыл соңында логопед емхананың бас дәрігеріне жылдық жұмыстың есебін береді. Есеп беруді сандық көрсеткіштерден басқа есеп беру кезеңдерінде барлық атқарылған емдеу педагогикалық, алдын алу және санитарлы – ағарту жұмысының талдауымен түсініктеме хат болуы қажет.

Логопед міндетті:

- балаларды тексеруге;

- сабақтарды жоспарлауға;

- сабақтарды жүргізуге;

- ата –аналармен жұмыс жасауға;

- кеңес беру жұмысын жүргізуге ;

- алдын алу жұмыстарын жүргізуге;

- санитарлы – ағарту жұмысты жүргізуге.

Логопед уақытымен логопедиялық әртүрлі мәселелеріне арналған сұхбаттасулар, дәрістер, емхананың медицина қызметкерлеріне , ата – аналарға, тәрбиешілеріне арнап кеңестер өткізіп, балабақша тәрбиешілеріне және балалардың тілін дамыту бойынша санитарлы газеттер, бюллеттендер шығарып, сұрақ –жауап тақталарын толтырып өткізіп отырады.

Алдын алу шаралары: білім беру мекемелеріне баратын және бармайтын балалар арасынан логопедиялық көмекті қажет ететіндері іріктеліп, логопедиялық кабинеттегі тізімге тіркеледі.

Ұйымдастырылмаған балалар ішінен сөйлеу тілі патологиясы бар балаларды айқындау үшін логопед айына 1 рет алдын ала жалпы тексеру жүргізеді. Тексеруге 5 – 6 жастағы балалар қатысады. Үш айдан – 4 жасқа дейінгі балаларды логопед тек невропатолог , педиатр, басқа мамандардың сұрауы бойынша тексеруі керек. Диспансерлі бақылауға сөйлеу тілінің ауыр бұзылысы дизартриясы, ринолалиясы, сөйлеу тілінің дамымауы бар, зияты бұзылмаған, тұтықпасы бар балалар алынады. Диспансерлі бақылауға алынатын балаларды айқындау жұмысын логопед алдын –ала тексерулерде, емханадағы алғаш қабылдауда жүргізеді. Диспансерлі есепке алынған балаларға № 30 форма толтырылады.

Емхана штатында үйде оқытатын мұғалім–логопед қызметі қарастырылса, БЦСА, дизартриясы және сөйлеу тілінің ауыр бұзылысы бар зияты сақталған және ұйымдастырылмаған балалармен сөйлеу тілін түзету жұмысын жүргізуге мүмкіндік туындайды.

 








Дата добавления: 2016-02-13; просмотров: 7754;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.