Дәріс. Әлеуметтік жұмысты жетілдірудегі шетелдік тәжірибенің маңызы
Ұлттық азшылықпен тәжірибелік жұмыс «қос тәсіл» тұжырымына негізделуі оның мәні, бір жағынан, ірі қоғам құрылымына сәйкес құндылықтарды, көзқарастар мен мінез-құлық ерекшеліктерін саналы, ал екінші жағынан, оларды клиенттің жақын отбасылық және қоғамдық ортасына қатысты аналогиялық мінезімен салыстыру.АҚШ-тағы ұлттық топтармен әлеуметтік жұмыс тәжірибесі, біріншіден, жалпы әлеуметтік жұмысқа тән құндылықтардан, екіншіден, ұлттық шындылықты түсінуден, үшіншіден, кәсіби тұрғыдан жақындаудан, төртіншіден, тәжірибеден құралады. Басқаша айтқанда, бұл тұжырымдар ұлттық шынайылықтарға деген әлеуметтік жұмыстың негізі мен әдістерін үйренудің қажеттілігін білдіреді.Америка Құрама Штатында мемелекеттік қолдау халықтың ең кедей топтарына арналған бағдарлама деңгейінде іске асырылады, сондықтан бұл елде мемлекеттік емес құрылымдарда қайырымдылық бастапқы деңгейде көптеп дамыған.Көптеген қазіргі зерттеушілер үшін әлеуметтік жұмыстың мәнісін айқындауда АҚШ әлеуметтік қызметкерлерінің ұлттық ассоциациясы берген анықтамасына жақын: әлеуметтік жұмыс – жеке адамға, топқа немесе қауымға берілетін көмек немесе олардың әлеуметтік қызмет етуге қабілеттілігін қайта өркендету және осы мақсаттарға жетуге жақсы қоғамдық шарттарды құруға бағытталған кәсіби қызмет. Америка Құрама Штатында әлеуметтік жұмысты, халықтың өнегелілігінің әлеуметтік негізіне қызмет ететін мамандықпен байланыстырады. Әлеуметтік жұмыс саласы үнемі жылдан-жылға кеңіп келеді, дегенмен, бүгінде АҚШ әлеуметтік жұмыскерлер қызметі көптеген салаларды қамтиды. Олар- мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары, мектептер, денсаулық күту орталықтары, бала мен отбасын қорғау агенттіктері, психологиялық денсаулық орталықтары, бизнес және өндіріс реттеу орталықтары мен жеке іс-тәжірибе. Әлеуметтік қызметкерлер – ұлтына, әлеуметтік-экономикалық деңгейіне және нәсіліне қарамай балаларды және одан үлкен жастағы адамдарға қызмет көрсетеді.АҚШ– тағы түрлі әлеуметтік жұмыс тәжірибесі көптеген қызмет түрлерін қамтиды.АҚШ- тағы әлеуметтік жұмыстың түрлі нұсқадағы тәжірибесі оны қолдануда түрліше көрініс табатын қызметтің көптеген түрлерін қамтиды. Әлеуметтік жұмыстың түрлі нұсқалылығы мен кешенділігі көптеген анықтамасы бар деп топшылауға болады.Кез келген әлеуметтік қызмет негізінде келесі төрт тұжырымдық облысты қамтитын құрамдық элементтер тұрады: мамандықтың мақсаты және арнаулары; құндылықтар жүйесі, тәжірибелік бағыттың этикасы мен философиясы; тәжірибелік бағыттар этикасын білу; жұмысқа қолданылатын әдістер мен тәсілдер.
Қорыта айтқанда, әлеуметтік жұмыскерлердің қызметі мынадай:
- дамдарға жеке бас мәселелерін шешу қабілеті мен олардың компоненттілігін кеңейтуге көмектесу;
- адамдарға өз мүмкіндіктерін іске асыруға көмектесу;
- адамдардың қайымдылығын ынталандыру;
- жекелеген адамдар мен олардың қоршаған ортамен өзара байланысына жәрдем беру;
- ұйымдар, әлеуметтік, экономикалық, саяси институттар мен қоғам мүшелерінің өзара әсеріне ықпал ету;
- әлеуметтік саясат пен қоршаған ортаны қорғау саясатына ықпал ету.
Бұл қызметтерді жүзеге асыру үшін, әлеуметтік жұмыскер көптеген адамдармен қарым-қатынас жасайды; оған клиенттердің әлеуметтік қалыптасуына жағдай жасауына көмектесетін білім мен тәжірибелік жігер керек.АҚШ- та кәсіби әлеуметтік жұмысқа студенттік немесе аспиранттық жоғарғы білім деңгейінде оқытылады. Студенттік деңгейдегі оқу жоспарының мақсаты студентті келесі деңгейге өтуге мамандық алуға дайындау. Студенттердің агенттіктер мен ұйымдарда жаттығуға, тәжірибелі мамандардың бақылауында болуға мүмкіндіктері бар. Кез келген пән бойынша негізгі студенттік дайындық аяқталған соң, студенттер мамандықтары бойынша аспиранттық білім мақсаты- адамды ерікті практик, тәжірибелі маман етіп шығаруға дайындау. Аспиранттық білім әдетте екі жылға созылады. Бірінші жыл мамандық тәжірибесі мен теориясын тереңдетіп оқытуға арналады. Екінші жыл әдіс бойынша мамандандыру мен олардың тәжірибе жүзінде апробациялау (ресми рұқсат) үшін қолданылады.Кейбір кәсіпкерлер ары қарай мамандануды таңдайды. Әлеуметтік жұмыс бойынша докторлық диплом дайындауға мүмкіндік бар. Докторлық бағдарламалар үшін ресми стандарттар жоқ. Докторлық оқыту кәсіби тәжірибелі адамды зерттеу қызметі үшін мол мүмкіндіктер бере отырып, ары қарай мамандандыруға және басқа колледждер мен университеттерде оқуға дайындайды.Оқу жоспары негізін алты саладағы - әлеуметтік ортадағы адамның іс-әрекеті, әлеуметтік саясат, мамандық теориясы мен тәжірибесі, зерттеу, құндылық пен этика, тәжірибелік ол- білім мен тренинг құрауға тиіс.АҚШ-та табысы төмен отбастарына тұрмыстық жәрдемақы беріледі, олардың мөлшері жылына отбасына орташа алғанда 2000 доллар. Қосымша төлемдер (демалыс, сырқаттану қағаздарының төлемдері), жұмыссыздық жөнінде қосымша жәрдемақылар барынша көп таралған. Қазіргі уақытта мемлекет балалардың жоғарғы мектепте оқуын жалғастыруға жәрдемақыны өте көп береді. АҚШ-та федералды деңгейде қорлар мен қызметтер құрылуда. Бұлар қарттығы бойынша зейнетақы, медициналық қызмет, мұқтаж адамдарды азық-түлікпен, арзан үймен қамтамасыз ету және т.б. Отбасындағы қарттарға, мүгедектерге тұрғын-үй-тұрмыстық қызмет көрсетуге ерекше көңіл бөлінеді. АҚШ-та жарымжанды отбасылармен әлеуметтік жұмыс жүргізумен айналысатын, «Серіксіз ата-аналар» ұйымына біріккен өз-өзіне көмек көрсететін топтар мен қолдау топтары кең дамыған. 1960 жылы осындай отбастары 22% болса, 1990 жылы 44% болды.АҚШ-ғы отбасымен жүргізілетін практикалық жұмыс отбасындағы ұқсас сипаттамаларды салыстырғанда, қоғамдағы тәртіп ерекшеліктерін, көзқарастарын, мәнділіктерді үйретуге жасалатын тұжырымдамаға негізделмейді.Қазіргі уақытта АҚШ-та үлкен жоспарлы мемлекеттік «Отбасына қайту» бағдарламасы өте белсенді. Түрде насихатталып отыр. Мұның мәні мынада: мүнда отбасымен әлеуметтік жұмыс жүргізетін профессионалдар, социологтар, отбасы жөніндегі кеңесшілер өз қызметін белсенді көрсетеді.АҚШ-ғы отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстар туралы айтылғандар осы жоғары дамыған елде әлеуметтік өмір және қорғалу дәрежесі туралы белгілі бір ұғым жасауға мүмкіндік береді.Көп жылғы тартыстан соң, Америка Құрама Штаттары мамандары (кәсіпкерлері) әлеуметтік жұмыс бар, ол жай ғана модификация емес деген тұжырымға келді. Бұл да солардың ішіндегі мамандық. Тек осы мамандық қана жеке тұлға мен оның әлеуметтік ортасының жақсы өмір сүруін қамтамасыз ететіні анық.
Дата добавления: 2016-03-15; просмотров: 2904;